Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Нефрология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет11/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

12. «Нефрология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

47. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


48. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта; ересектер нефрологиясы бойынша қайта даярлау курсы кезінде – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар нефрологиясы бойынша қайта даярлау курсы кезінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
49. «Нефрология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Нефрологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Емдеуге жатқызғанға дейінгі және емдеуге жатқызу кезеңіндегі шұғыл нефрология»;
«Амбулаториялық және стационарлық кезеңдегі балалар нефрологиясының өзекті мәселелері»;
«Амбулаториялық - емханалық нефрология»;
«Нефрологиядағы дәлелді медицина мәселелері»;
«Превентивті нефрология, сонымен бірге дені сау және науқас балаларды динамикалық бақылау (диспансерлеу) мәселелері, дені сау және науқас балаларды оңалту кезеңдері»;
«Нефрологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері»;
«Жасөспірімдердің физиологиясы мен патологиясы»;
«Нефрологиядағы қарқынды емдеу (симуляциялық платформаларды пайдаланатын практикалық курс)»;
«Балаларға БМСК көрсетудің өзекті мәселелері».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет