Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Педиатрия (жедел және шұғыл медициналық жәрдем)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет38/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

47. «Педиатрия (жедел және шұғыл медициналық жәрдем)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
152. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, интернатура.
153. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 1080 сағат/20 апта, «Педиария» мамандығы бойынша - 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
154. «Педиатрия» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Педиатриядағы инновациялық технологиялар»
«Емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңдегі және емдеуге жатқызу кезеңіндегі шұғыл педиатрия»
«Амбулаториялық және станционарлық кезеңдегі балалар кардиологиясы, ревматологиясы, пульмонологиясы, гастроэнтерологиясы, нефрологиясы, эндокринологиясы, аллергологиясы мен иммунологиясы, гематологияның өзекті мәселелері»
«Амбулаториялық-емханалық педиатрия»
«Педиатриядағы дәлелді медицина мәселелері»
«Балалардың жұқпалы аурулары»
«Превентивті педиатрия, оған қоса дені сау және науқас балаларды динамикалық бақылау (диспансерлеу) мәселелері, дені сау және науқас балаларды оңалту кезеңдері, вакциналық профилактика»
Балалардың соматикалық және хирургиялық ауруларының шекаралық жағдайлары»
«Педиатриядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері».
«Жасөспірімдер физиологиясы мен патологиясы»
«Педиатриядағы қарқынды терапия (симуляциялық платформаларды пайдаланатын практикалық курс)»
«Балаларға бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет