Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Гастроэнтерология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет6/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0

7. «Гастроэнтерология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

32. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


33. Оқыту ұзақтығы:
1) «Педиатрия», «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде - 864 сағат/16 апта; ересектер гастроэнтерологиясы бойынша қайта даярлау циклінде – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар гастроэнтерологиясы бойынша қайта даярлау циклінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өз бетінше оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.

34. «Гастроэнтерология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:


«Гастроэнтерологияда оның ішінде балалар гастрэнтерологиясындағы инновациялық технологиялар»;
«Гастроэнтерологиялық ауруларда емдеуге жатқызуға дейінгі, емдеуге жатқызу кезеңдеріндегі шұғыл көмек »
«Гепатобилиард жүйесі мен ұйқыбезі ауруларының эндоскопиялық диагностикасы және емдеу»
«Гастроэнтерологияның өзекті мәселелері»;
«Гепатологияның өзекті мәселелері»;
«Гастроэнтерологиядағы және гепатологиядағы диагностиканың аспаптық және зертханалық әдістері».
«Дәлелді медицина тұрғысынан вирусқа қарсы терапияның заманауи мәселелері»;
«Ішектің қабынбалы аурулары бар науқастарды қараудың кешенді тәсілі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет