Медицина кафедрасы


Галенді дәрі-дәрмектер. Тұнбалар мен сығындылар



Pdf көрінісі
бет36/42
Дата18.05.2022
өлшемі495,18 Kb.
#143766
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42
Байланысты:
praktikal k sabaktarga adistemelik kural (2)

Галенді дәрі-дәрмектер. Тұнбалар мен сығындылар.
Дәрі-дәрмектердің 
бұл тобы б.д. дейінгі 131-201 жылдары өмір сүрген римдік дәрігер және 
фармацевт Клавдия Галеннің фамилиясымен аталады, бірақ «Галендік дәрі-
дәрмектер» деген атау одан 13 ғасыр кейін шыққан. «Галендік дәрі-дәрмектер» 
жетілдіре отырып күрделі даму жолынан өтті және қазіргі кезде қолданылып жүр. 
Тұнбалар (жек.түр. - Tincturae; іл. септ. - Tincturae) 
- өсімдік шикі 
заттарынан қыздырусыз алынатын дәрілік заттардың спиртті, спирті-эфирлі 
алынымдары. Тұнбаларды 40, 60, 70, 90-градустық спиртті қолдану арқылы 
дайындалады. Спиртте көптеген заттар ерітіледі: гликозидттер, алколоидтар
шайырлар, эфир майлары. Спирттің сақтау ықпалы бар, сондықтан тұнбаларды 
көп мөлшерде және ұзақ мерзімге дайындауға болады. Тұнбалардың бәрі дәрілік 
қоңырқай күңгірт сұйықтықтан ( латынша tinctio - бояу) тұрады.
 
Тұнба - ресми дәрілік түрде тәртіп бойынша, фармацевтік өнер кәсіпте усыз 
өсімдіктерден 1:10 таразы-көлемдік дайындалады. Тұнбалар мынандай негізгі үш 
әдісті қолдана отырып алынады: мацерация, перколяция, еріту.
Мацерациялау әдісі - Maceratio (жібіту). Ұнтақталған шикі зат бөлуші
заттың белгіленген мөлшерімен бірге тығыз жабылатын шыны, фарфор немесе 
эмалданған сауытқа құйылып, жиі-жиі араластыра шайқай отырып, 7 күн бөлме 
температурасында сақталады. Тұндырылғаннан кейін тұнбаның беткі сұйық 
қабатын алады да, шикі затты сығып, бөлуші заттың шағын мөлшерімен тағы да 
бір рет шаяды, сонысын тағыда сығып, тұнба бетінің сұйығына қосып, таза 
бөлуші затпен белгілі көлемге дейін жеткізеді.
Перколяциялау әдісі -
 
Percolatio ( сүзілу) тұнбалар жасаудың негізгі әдісі. 
Ұнтақталған шикі затты сығып, шикі заттан 1/3 артық бөлуші зат құяды да 4 
сағатқа қойып қояды, одан кейін бөрткен өсімдік затты перколяторға тығыздап 
салады да салынған шикі заттан 30-40 мм жоғары бөлуші зат құйып, 24 сағатқа 


қойып қояды, одан кейін перколятордың кранын 1 бөлікке жалпы көлемінің 1/48 
бөлігі ағатындай есеппен ашып қояды. Перколятордан түссіз сұйық перколят 
бастағанда сүзілу әрекеті аяқталады деп саналады. Перколяторлар қалайланған 
мыстан немесе темірден және алюминийден жасалған цилиндрлік немесе 
конустық ыдыстар, ал лабораториялық перколяторлар шыныдан дайындалады. 
Еріту әдісі - Тұнбаларды құрғақ немесе қою сығындыларды сәйкес 
шоғырлану спиртте еріту жолымен алу. Тұнбаларды еріткеннен кейін сүзеді. 
Тұнбалар болуы мүмкін: 1. Тұнбалар қандайда бір жеке дәрілік шикі заттан 
дайындалған қарапайым болады. Мысалы, лимонниктің тұнбасы (Тinctura 
Schizandrae) 1:5 ара қатынасында лимонниктің тұқымынан (Schizandraе chinensis) 
95-градустық спиртте дайындалады. 2. Күрделі тұнбалар бірнеше дәрілік шөптен 
дайындалады. Шикі заттың белгілі бір көлемі алдымен ұнтақталып, мұқият 
араластырылады да, содан кейін ғана үстіне бөлуші зат құйылады. 
Тұнбаларды рецепт жазып беру үшін білу қажет: 
1.
тұнбаның бір рет қабылдайтын мөлшерін (тамшылар немесе мл); 
2.
қабылдау саны;
3.
тұнбаның бір рет қабылданатын өлшемі немесе көлемі; 
Ереже: 
егер тұнба қабылдауға тамшылармен жазылатын болса, онда 
рецептерде бір қабылдауға қанша тамшы жазылса, сонша миллилитр көрсетіледі. 
Тұнбаларға 
рецепт 
қысқартылған 
әдіспен 
жазылады.
Мысал: Итке 20 тамшыдан қабылдау үшін аралия тұнбасы жазып берілсін.
Rp.: Tincturae Araliae 20 ml 
D.S. 20 тамшыдан, күніне бір рет.
Мысал: Сиырға 10 мл-ден қабылдау үшін жусан тұнбасы 10 рет қабылдауға 
жазып берілсін. 
Rp.: Tincturae Absinthii 100 ml 
D.S. Бір орташа қасықпен қабылдауға. 
Есеп: тұнбаларды мл-мен жазып беруге бұл ереженің қатысы жоқ сондықтан мл 
есепке алынады, бір қабылдауға 10 мл, ал 10 қабылдауға 100 мл керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет