Құрамы: 1. дәрілік зат
2. майлы негізі
Майлы негізі ретінде какао майы oleum cacao және бутерол – bumyrolum
жасанды майлардың желатиннің, глицириннің, судың 1:5:2 қоспалары алынады.
Балауыздарда жансыздандыратын, жұмсартатын, антисептикалық және
қабынуға қарсы заттар қолданылады. Балауыздардың көптеген түрлері
фармацевтік өнеркәсіп заводтарында дайындалған ресми түрлері нитрофуранды
гинекологиялық балауыздар, жатыр ішіне салынатын фурозолидонды таяқшалар
болып табылады. Балауыздардың негізіне бір талап қойылады, балауыздардың
еріту температурасы 37
0
С-тан аспауы тиіс. Балауыздарда жұқа жылтыр қағазға
орап, қорапшаға салып, қараңғы, салқын жерде сақтайды.
Балауыздарды жазып беру үшін білу керек:
1. Бір балауызға қажетті дәрілік заттың мөлшерін;
2. Балауыздардың санын;
3. Бір балауыздың салмағын (ұсақ малдар үшін-2,0-4,0 ірі қара малдар үшін 5,0-
10,0 және одан артық грамм)
Мысал. Бір балауызға 0,6 мөлшерде ихтиолды, 10 тік ішек балауыз түрінде жазып
беріңіз:
Rp.: Ichthyoli 0,6
Butyroli q.s иt fiat suppositorium rectalеs
D.t.d. №10
S. Тік ішекке,бір балауыздан күніне 2 рет.
Ресми жазбалар бергенде балауыздың ішінде дәрілік заттың көлемі көрсетіп,
рецепт қысқартылған түрде толтырылады.
Rp.: Suppositorii cum Ichthyoli 0,6
D.t.d. №10
S. Тік ішекке, бір балауыздан күніне 2 рет.
Достарыңызбен бөлісу: