Сұйық майлар - Linimentum
(атау.сеп.- linimentum, ілік сеп. linimenti) дене
температурасында еритін қоймалжың сұйықтар көбінесе
теріге сылап жағады
(лат linire – сылап жағу)
Сұйық майдың құрамында әртүрлі дәрілік заттар кіреді:
қабынуға қарсы
(көмір қышқыл сілтілер); қышымаға қарсы (қара май, күңгірт т.б); тітіркендіретін
(скипидар, мүсәтір ерітіндісі)
Линименттер сыртқа сылап жағу арқылы қолданылады. Линименттердің
күші
ұзаққа созылмайды, сондықтан оларды күніне 3-4
реттен бірнеше тәулік
бойы қолданады. Жазып берілген линименттердің
көпшілігі сақтау кезінде
қабатталып қалады, сондықтан қабылдар алдында
оларды жақсылап шайқап
араластырып алу ұсынылады. Линименттер мөлшерленбеген дәрілік түрлері және
патологиялық процестің жағдайына және малдың түріне
қарай жалпы көлемде
емдеу курсына 20,0-ден 1000,0 дейін жазылады.
Мысал. 5% сұйық май түрінде хлороформ (Сhloroformium) 100,0 мөлшерде
жазып берілсін.
Толық түрде
Rp.: Chloroformii 5,0
Olei Lini ad 100,0
Misce, fiat linimentum
D.S. Жарага сылап жағуға.
Қысқартылған түрде
Rp.: Linimenti Сhloroformii 5% – 100,0
D.S. Жарага сылап жағуға.
Ресми линименттер
Linimentum Synthomycini - синтомицинді линимент 1%, 5%, 10%.
Linimentum Streptocidi - стрептоцидті линимент 5%.
Әдебиет:
1. Заманбеков Н.А. және т.б. Ветеринарлық фармация. Алматы, 2017
2. Ахметсадыков Н.Н., Хусаинов Д.М. Дәрілік заттар технологиясы. Алматы,2004.
3. Малдәрігерлік фармакология /З.Н.Қожабековтың ред./, Алматы, 2001