Медициналық биология генетика пәні және оның міндеті, негізі даму кезеңдері


Биология ғылымының негізгі зерттеу әдістері



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі27,22 Kb.
#86887
1   2   3   4
Байланысты:
Мед биология гигиенасы (1)

Биология ғылымының негізгі зерттеу әдістері:
1.Сипаттап жазу әдісі- өте ерте заманда пайда болған ежелгі әдіс. Кез келген құбылысты зерттеу үшін оны толық сипаттау қажет, ал ол үшін нақтылы деректер жинақтау керек. Бұл әдісті қазіргі кездегі зерттеулерде де ғалымдар кеңінен қолданады.
2.Салыстыру әдісі- ХVІІІ ғасырда кең өріс алып дамыды. Бұл әдістің мәні ағза-ларда не олардың ұқсастығын не айырмашылықтарын анықтау болып саналады. Осы әдіс көмегімен өсімдіктер мен жануарлардың систематикасы құрастырылды.
3.Тарихи әдіс - ертеде өмір сүретін, жойылып кеткен ағзаларды зерттей оты-ра, қазіргі кезде тіршілік ететін ағзалардың құрылысын, шығу тегін және даму заң-дылықтарын анықтауда қолданылады. Бұл әдіс Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі пайда болғаннан кейін қалыптасқан.
4.Тәжірибе жасау әдісі – табиғат құбылыстарын тәжірибе жасау арқылы зерттеу болып табылады. Бұл әдіс химия, физика, табиғаттану ғылымдарының жетістіктерін кеңінен қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет