бірінші дәреже – көмекші құралдарды пайдаланған жағдайда бағдарлай білуге қабілеті;
екінші дәреже – қажет кезде көмекші құралдарды пайдалана отырып, басқа адамдардың көмегін талап ететін бағдарлануға қабілеті;
үшінші дәреже – бағдарлануға қабілетсіздігі (дезориентация);
6) қарым-қатынас жасау қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – ақпаратты меңгеру, қабылдау және беру жылдамдығының төмендеуімен, көлемінің кішіреюімен сипатталатын қарым-қатынас жасау, қажет кезінде көмекші құралдарды және (немесе) ымдау тілі маманының қызметін пайдалану қабілеті;
екінші дәреже – көмекші құралдарды пайдалана отырып және (немесе) басқа адамдардың көмегімен қарым-қатынас жасауға қабілеттілігі;
үшінші дәреже – қарым-қатынас жасауға қабілетсіздігі;
7) өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетінің шектелуі:
7) өзінің мінез-құлқын бақылау қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – өзінің мінез-құлқын өз бетімен бақылау қабілетінің ішінара төмендеуі;
екінші дәреже – өзінің мінез-құлқын тек қана бөгде адамдардың көмегімен ішінара немесе толық бақылау қабілеті;
үшінші дәреже – өзінің мінез құлқын бақылау қабілетсіздігі;
8) ойын және танымдық қызметке қабілетінің шектелуі:
бірінші дәреже – организмнің қандай да бір жүйесінде баланың одан әрі дамуын және әлеуметтік-рөлдік ұстанымының қалыптасуын шамалы дәрежеде қиындататын кемістіктің болуына орай ойын қызметі белсенділігінің төмендеуі. Орнын толтыру құралдары мен түзеу әдістерін қолданудың қажеттігі. Жүзеге асырылу процесіне баса назар аударуды және жеке тәсілді талап ететін танымдық және ойнау қызметі;
екінші дәреже – уәждеменің едәуір төмендеуіне немесе организмнің негізгі жүйелерінің айқын функционалдық жеткіліксіздігіне немесе соматикалық денсаулықтың бұзылуына орай танымдық және ойын қызметін нәтижелі жүзеге асырудың мүмкін болмауы. Орнын толтыру құралдары мен түзеу әдістерін қолданудың тиімсіздігі;
үшінші дәреже – ойын қызметіне қабілетінің болмауы немесе өте айқын төмендеуі және басқа адамдарға толық тәуелділік