Қосымша 1 Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгілік нысаны
(Орналасқан жері)
__ жылғы «___»_______
Бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын_
______ (пациенттің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері)
бір тараптан және бұдан әрі Қызмет беруші деп аталатын____
_Жарғы, Ереже негізінде әрекет ететін _
(денсаулық сақтау ұйымының толық атауы, БИН)
екінші тараптын атынан
(уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. Шарттың мәні 1. Қызмет беруші осы Шартқа ____ қосымшаға сәйкес ақылы қызметтерді _________жылғы ______ бастап _________________ бойынша ____________ (____________) теңге сомасына _____ бастап _____ дейінгі мерзімде көрсетеді._______________________________________________________
толық жазылуы
2. Тапсырыс беруші осы Шартта көрсетілген тәртіпте және мерзімде Қызмет берушіге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді жүзеге асырады.
2. Ақы төлеу тәртібі 3. Тапсырыс беруші Қызмет берушінің қызметтеріне ақы төлеуді Қызмет беруші ұсынған шотқа сәйкес нақты көрсетілген медициналық көмектің көлемі бойынша жүзеге асырады.
4. Шартты жасасқан сәтте Шарттың жалпы сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде Қызметтер берушіге аванс беруге рұқсат етіледі, қалған сома шотты ұсыну бойынша қызметтер көрсету аяқталған сәтте төленеді.
5. Егер ақылы медициналық қызметтер ұсыну кезінде шартта көзделмеген қосымша медициналық қызметтерді ақылы негізде ұсыну қажет болған жағдайда, Қызмет беруші Тапсырыс берушінің келісімімен нақты көрсетілген медициналық көмектің көлемін ескере отырып, шарттың сомасын түзетеді. Қосымша сома және оны төлеу тәсілі Тапсырыс берушімен келісіледі және шартқа қосымша келісім түрінде ресімделеді.
6. Қызмет беруші Тапсырыс берушіге ақы төлеу фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжатты береді.
7. Қызмет мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда Қызмет беруші Тапсырыс берушіге Шарт талаптарын Тапсырыс берушінің бұзған жағдайларын қоспағанда, төленген сома мен нақты көрсетілген қызмет арасындағы айырманы төлейді.