2. Бөлім. Білім алушылардың даярлық деңгейіне
қойылатын талаптар
9. МЖМБС-ын модульдік оқыту шеңберінде жүзеге асырылатын құзыреттілік тәсілін қолдануды көздейді.
10. Білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі әртүрлі бақылау түрлерімен қамтамасыз етіледі: аралық аттестация (сынақ, сараланған сынақ, емтихан), қорытынды аттестаттау.
11. Білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тұлғаларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларына сәйкес тиісті мамандық бойынша біліктілік және мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
3. Бөлім. Үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасының мазмұнына
қойылатын талаптар
12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары білім берудің құрылымының мазмұны есептеу-өлшегіш құралдарымен белгіленген талаптарға сәйкес: оқу жоспары мен бағдарламаларына, оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне байланысты анықталады (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар).
13. Жоспарлау және білім беру қызметін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асырылады. Оқу жоспарлары үлгілік (бұдан әрі – ҮОЖ) және жұмыс (бұдан әрі – ОЖЖ) болып бөлінеді. ОЖЖ жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып ҮОЖ негізінде әзірленеді.
14. 0306000 – "Фармация" мамандығы бойынша ОҮБ-ның мазмұнында: жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, осы МЖМБС-ке 10-қосымшаға сәйкес арнайы пәндер қарастырылған.
15. Оқу жоспарларының барлық нысандарында пәндерді кодтаудың бірыңғай жүйесі қолданылады:
1) жалпы гуманитарлық пәндер;
2) әлеуметтік-экономикалық пәндер;
3) жалпы кәсіптік пәндер;
4) арнайы пәндер;
5) өндірістік оқыту;
6) кәсіби практика.
16. Білім беретін оқу бағдарламасы міндетті пәндерді, білім беру ұйымы айқындайтын пәндерді, факультативтік сабақтар мен консультацияларды қамтиды. Консультациялар мен факультативтік сабақтар жеке білім алушылардың қабілеттері мен сұраныстарын қамтамасыз етуге бағытталған.
17. ҮОЖ-да әрбір оқу пәнінің міндетті компонентінің күрделілігі, академиялық сағаттардағы әрбір оқу қызметінің түрі және қорытынды бақылау түрлері анықталады.
18. Үлгілік қағидаларға сәйкес ОЖЖ мамандық бойынша ҮОЖ негізінде әзірленеді және педагогикалық кеңестің шешімімен білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
19. Білім беру бағдарламалары мамандық және пәндер бойынша әдістемелік кешендерді іске асыру негізінде жүзеге асырылады. Мамандық және пәндер бойынша әдістемелік кешендердің нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін Үлгілік қағидаларға сәйкес дербес түрде білім беру ұйымдары анықтайды.
20. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру кезінде білім беру ұйымдары:
1) пәндер мен циклдер бойынша кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін, оқытуға жалпы сағат санын сақтай отырып 30 %-ға дейін өзгерте алады;
2) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін таңдай алады.
21. 0306000 – "Фармация" мамандығы бойынша оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Үштілдік білім беру бағдарламасын енгізу кезінде оқу үш: мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
22. 0306000 – "Фармация" мамандығы бойынша оқу бағдарламасын іске асыру ғылыми-педагогикалық, базалық жоғары, сондай-ақ орта фармацевтикалық білімі бар (жоғары педагогикалық білімі бар болған жағдайда), оқытылатын пән бейініне сәйкес және жүйелі түрде педагогикалық, ғылыми-әдістемелік немесе фармация саласында тәжірибемен айналысатын кадрлармен қамтамасыз етіледі.
23. Бейінді пәндерді оқытуға, фармация саласында жоғары білікті және сондай-ақ жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар мамандары тартылады.
24. Кәсіби даярлықты ұйымдастыру төмендегілерді қамтиды:
1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар;
2) өндірістік оқыту;
3) кәсіби практика.
25. Практикалық сабақтардың, өндірістік оқыту және кәсіби практиканың оқу бағдарламаларының мазмұны мен мерзімдері біліктілік талаптарына сәйкес ОЖБ, ОЖЖ бойынша анықталады.
26. Кәсіптік практика фармацевтикалық ұйымдарда жұмыс берушілермен шарт негізінде, оның ішінде дуалді оқыту тұжырымдамасы шеңберінде, білікті мамандардың басшылық етуімен жүргізіледі және оқыту процесінде алынған білімін игеру және бекітуге, Үлгілік қағидаларға сәйкес практикалық дағдыларды игеру және кәсіби құзіреттіліктерді меңгеру бағытталған. "Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының тиісті білім беру деңгейін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - № 1080 қаулы) техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес арнайы пәндер бойынша практикалық сабақтардың көлемін, өндірістік оқыту және кәсіптік практиканы қамтитын кәсіптік даярлау міндетті оқытудың жалпы оқу уақыты көлемінің кемінде 40%-ын құрауы тиіс.
27. Білім беру бағдарламасын іске асыру аудиториялық қор, арнайы кабинеттер және зертханалар, манекендерді, тренажерларды, симуляциялық жабдықтар, кітапхана қорын, оқу әдебиеттерін және оқу-әдістемелік құралдар, соның ішінде: электрондық оқу құралдары, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекі құралдар және ұсынымдар бойынша пәндер, кәсіптік практикалар, жобалық жұмыстарға пайдалана отырып, инновациялық және ақпараттық-компьютерлік технологиялар болуымен қамтамасыз етіледі.
4 Бөлім. Білім алушылардың оқу жүктемесінің көлеміне
қойылатын талаптар
28. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әр пән бойынша оқу жылы ішінде игеретін академиялық сағатпен өлшенеді.
29. Профессор-оқытушылар құрамының оқу жүктемесін жоспарлау академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
30. Білім алушылардың оқу жүктемесінің жоғары көлемі аудиториялық және аудиториядан тыс оқу жұмысының барлық түрлерін қоса алғанда, аптасына 54 сағаттан аспауы тиіс.
31. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесі есебінен кемінде аптасына 36 сағат (бұл ретте көрсетілген көлемге факультативтік пәндер бойынша сабақтар мен консультациялар кірмейді).
32. Білім беру ұйымы білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін анықтау кезінде:
1) мамандығы бойынша оқу бағдарламаларына дербес пәндерді, қосымша тақырыптар мен бөлімдерді енгізу жолымен теориялық және практикалық дайындықты кеңейтеді, тереңдетеді, кәсіби практиканың оқу уақытының көлемін ұлғайтады;
2) жұмыс берушілердің саласындағы кәсіби мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған қажетті пәнді енгізеді (білім беру ұйымымен анықталатын пәндер 10%-ға дейін).
33. Оқу жылы 1-қыркүйектен басталады және мамандықтың ерекшелігіне байланысты оқу үрдісінің ұйымдастырылуына қарай аяқталады. Демалыс уақыты жылына 11 аптаны, оның ішінде қысқы мерзімде – кемінде 2 аптаны құрайды. Факультативтік пәндер 1 оқу тобына аптасына 4 сағаттан артық емес көлемде қарастырылады.
Оқытудың күндізгі нысанында білім алушылар үшін консультациялар әрбір оқу жылындағы оқу тобына 100 сағаттан аспайтын көлемде көзделеді. Консультациялар емтихандар мен курстық және дипломдық жұмыстарды орындау түрінде аралық және қорытынды аттестаттау көзделген пәндер бойынша, сондай-ақ кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілік беруді ұйымдастыру және өткізу рәсімдеріне арналып жоспарланады.
34. Жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша емтихандар саны білім алушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік және құзырет деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес айқындалады.
35. Бір оқу жылының ішінде емтихандық сессияның жалпы ұзақтығы 4 аптадан аспайды.
36. Сынақтар мен дифференциалдық сынақтар, осы пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты есебінен жүргізіліп 5 балдық жүйемен бағаланады.
Емтихандар аралық аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Кәсіби білім беру бағдарламасын меңгергеннен кейін білім алушының даярлық деңгейін бағалау үшін қорытынды аттестаттау өткізіледі.
37. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аттестаттау;
2) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау мен біліктілікті беруді қамтиды.
38. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқытудың толық курсының қорытындысы бойынша білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейін айқындау мақсатында өткізіледі.
Білім беру бағдарламасының оқытуды аяқтау қорытындысы бойынша аттестаттау түрі – мамандық бойынша екі кезеңнен тұратын кешенді емтихан тапсыру:
1) теориялық кезең (арнайы пәндер бойынша тестілеу);
2)практикалық кезең (біліктілік деңгейі бойынша практикалық тапсырмаларды орындау).
39. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау екі аптадан аспайды.
40. Даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруді ұйымдастыру және өткізуге оқу уақытының көлемі ҮОЖ көрсетілген.
41. Мамандықтар бойынша практикалық емтихандар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11644 болып тіркелген) медициналық колледждердің клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттерін жарақтандыру нормативіне сәйкес білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерінде, оқу-жаттықтыру орталықтарында, қажетті құралдармен жабдықталған медициналық ұйымдардың базасында жүргізіледі.
42. Кәсіптік практиканы өткізуге берілетін уақыт 10 аптадан аспайды.
43. Оқу пәндерін зерделеудің бірізділігін белгілеу, оқу уақытын бөлу олардың әрқайсысы бойынша курстар мен семестрлер бойынша пәнаралық байланыстарды ескере отырып жүргізіледі.
44. "Дене тәрбиесі" пәні бойынша сабақтар міндетті болып табылады және аптасына 4 сағаттан асырылмай жоспарланады, олардың екі сағаты екінші курстан бастап спорт секцияларында сабақ өткізуге бөлінуі мүмкін.
45. Базалық, кәсіби құзыреттілік және практикалық дағдыларды жетілдіру және бекіту мақсатында: арнайы пәндер бойынша практикалық сабақтар, клиникалық базаларда өндірістік оқыту және кәсіптік практика сағаттары бойынша енгізілген. Арнайы пәндер бойынша практикалық сабақтарды өткізу кезінде білім алушылардың саны 8-12 адамнан тұратын, жалпы кәсіптік пәндер бойынша – 13 адамнан артық емес кіші топтарға бөлінеді.
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 шіледегі
№ 661 бұйрығына
10-қосымша
|
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 шілдегі
№ 647 бұйрығына
8-1-қосымша
|
Бакалавриаттың фармацевтика мамандығы
бойынша үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы
1. Бөлім Білім беру бағдарламасының паспорты
1. Бакалалавриаттың Фармацевтика мамандығы бойынша үлгілік кәсіби оқу бағдарламасы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 175-бабының 3-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңының 14-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында бакалавриаттағы медицина кадрларын даярлау тәртібін анықтайды.
2. Бакалавриатта мамандарды даярлау фармация саласын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады.
3. Базалық орта білім - бакалавриатта білім беру бағдарламасын меңгеруді қалаған тұлғалардың бастапқы білім деңгейі болып табылады.
4. Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы:
1) базалық және бейінді пәндердің міндетті компонентін, таңдау бойынша компонент циклдерін меңгерумен анықталатын теориялық оқытудан;
2) аралық және қорытынды аттестациялаудан тұрады.
5. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды білім беру ұйымы өз бетінше анықтайтын әр түрлі бақылау нысандарымен және аттестациялау бойынша жүзеге асырады.
6. Аралық бақылау білім беру ұйымының ғылыми (әдістемелік) кеңесімен бекітілген нысанда, оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
7. Оқу жылы аяқталғаннан кейін, аралық аттестациялаудың нәтижесі негізінде ұйым басшысының бұйрығымен білім алушыларды келесі курсқа ауыстыру жүзеге асырылады. Осы мақсатта көшіру баллы анықталады.
8. Ең төменгі көшіру баллын жинамаған студент, өз үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында кейбір пәндерді ақылы түрде жазғы семестрде қайта оқуға және емтихан тапсыруға мүмкіндік алады.
9. Білім алушыны қорытынды аттестациялау, ұйымның ғылыми (әдістемелік) кеңесімен бекітілген нысанда, оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
Қорытынды аттестациялауға МЖМБС сәйкес бекітілген жеке оқу жоспарының талаптарына сәйкес білім беру процессін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.
10. Жеке оқу жоспарының талаптарын орындамаған соңғы курстың білім алушылары жазғы семестрге өткізілмей, келесі жылға оқуға қалдырылады.
11. Білім алушыларға қорытынды аттестациялауды өткізу үшін ұйым МЖМБС сәйкес Мемлекеттік аттестациялау комиссиясын құрады.
12. Аталған мамандық бойынша бакалавриаттың білім беру бағдарламасын аяқтаған студент мынадай басты құзыреттерді меңгергенін көрсетеді:
Студент біледі:
халыққа дəрі-дəрмектік көмекті ұйымдастырудың негізгі қағидаттарын;
фармация экономикасының негіздерін;
фармациядағы маркетингтік басқару процесін;
маркетингтік зерттеулер жүргізуді және талдауды;
фармацевтикалық менеджмент негіздерін;
экстемпоральді және өнеркәсіптік өндірістің дәрілік заттарын, фитопрепараттарды, емдік-косметикалық, парафармацевтикалық және ветеринарлық препараттарды, биологиялық белсенді қоспалар мен табиғи өнімдерді өндірудің және шығарудың технологиялық процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттарын;
дəрілік заттардың сапасын регламенттейтін негізгі қағидаттар мен ережелерді;
фармацевтикалық талдаудың жалпы қағидаттарын, дəрілік заттардың сапасын зерттеудің негізгі əдістері мен тəсілдерін,;
дəрілік өсімдік шикізаттарының номенклатурасын, ботаникалық белгілері бойынша дəрілік өсімдіктерді дайындау мәселерін;
дәрілік өсімдік шикізатын макро- жəне микроскопиялық, тауарлықталдау мен стандарттаудың негізгі қағидаттарын.
Студент атқара алады:
дәрілік заттардың айналысы саласындағы субъектілердің қызметін ұйымдастыру, басқару, жоспарлау және талдау;
бақылау-рұқсат беру жүйесі саласындағы қызметтің барлық түрлерін (дәрілік заттарды лицензиялау, тіркеу, сертификаттау және басқалары) ұйымдастыру және жүзеге асыру;
халықаралық және отандық стандарттар мен нормаларға сәйкес экстемпоральді және өнеркәсіптік өндірістің дәрілік заттарын дайындау;
дәрілік заттардың сапасына дайындау, өндіру, сақтау және қолдану сатыларындағы нормативтік құжаттарға сәйкес бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
дәрілік өсімдік шикізатын дайындауды, қабылдауды және стандарттауды ұйымдастыру және жүргізу;
улы жəне күшті әсер ететін заттардан уланған кезде сот-химиялық сараптамада және зертханалық экспресс-диагностикада химиялық-токсикологиялық талдау жүргізу;
науқастарға және экстремалды жағдайларда зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
Студент мынадай дағдыларды игереді:
фармацевтикалық нарықтың тауарды өткізу жүйесінің негізгі буынында жұмысты ұйымдастыру;
фармакоэкономиканың негізгі әдістері, экономикалық көрсеткіштерді жоспарлау, бағаларды қалыптастыру және дәріханалық ұйымдардың әртүрлі мүмкіндіктерін талдау;
кадрлық менеджмент міндеттерін шешу және фармацевтикалық ұйымдарда іс-қағаздарын жүргізу;
емдеу-профилактикалық және фармацевтикалық ұйымдардың мамандарына және халыққа дәрілік заттарды қолдану мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
дәріханалық және өнеркәсіптік өндіріс дәрілік заттарын дайындау және сапасын бақылау;
дәрілік заттарға және дәрілік өсімдік шикізаттарына дайындау, алу, сақтау және қолдану сатыларында фармацевтикалық талдау жүргізу;
дәрілік заттарды және дәрілік өсімдік шикізаттарын дайындау, қабылдау және қолдану;
улы жəне күшті әсер ететін заттардан уланған кезде химиялық-токсикологиялық талдау жүргізу дағдыларын білу.
|
Медициналық және
фармацевтикалық мамандықтар
бойынша техникалық және
кәсіптік мемлекеттік жалпыға
бірдей міндетті стандартқа
11-қосымша
|
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 647 бұйрығына
8-2-қосымша
|
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және
кәсіптік білім берудің үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы
1 Бөлім. Білім беру бағдарламасының паспорты
1. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ) үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 14-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді.
2. ТжКБ ұйымдарында мамандарды даярлау медицина саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
3. Білім беру бағдарламасы:
1) міндетті компоненттен және білім беру ұйымы анықтайтын пәндердің оқытуын қосатын теориялық және практикалық білімді, факультатив сабақтары мен консультацияларды;
2) өндірістік оқыту және кәсіптік практика;
3) аралық және қорытынды аттестаттауды қамтиды.
Міндетті компонент циклі пәндерінің мазмұны осы Бағдарламаның 1-14 қосымшаларында қарастырылған.
Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру, тиісті мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарларының негізінде осы Бағдарламаның 15-28-қосымшаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау тиісті мамандық бойынша үлгілік оқу жоспарында айқындалғани әр түрлі бақылаулар және аттестаттау арқылы жүзеге асырылады.
5. Білім алушыларды аралық аттестаттау ұйым басшысы педагогикалық кеңестің шешімі негізінде бекіткен жұмыс оқу жоспары және академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
6. Оқу жылы аяқталған соң аралық аттестаттау қорытындылары негізінде білім алушыларды келесі курсқа көшіру ұйым басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.
7. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбе нысанына сәйкес білім беру ұйымының педагогикалық (әдістемелік) кеңесі бекіткен мерзімде өткізіледі.
Қорытынды аттестаттауға үлгілік оқу жоспарының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламасын игерген білім алушылар жіберіледі.
|
Медициналық және
фармацевтикалық мамандықтар
бойынша техникалық және
кәсіптік білім берудің үлгілік
кәсіптік оқу бағдарламасына
1-қосымша
|
030100 0 – "Емдеу ісі"
Біліктілігі: 030101 3 – "Фельдшер"
Достарыңызбен бөлісу: |