6R113200 – "Пластикалық хирургия" мамандығы бойынша
үлгілік оқу жоспары
Оқу мерзімі: 4 жыл
Біліктілік: пластикалық-хирург дәрігері
Пәндердің циклдері
|
Пәндердің коды
|
Пәннің аталуы
|
Кредиттер саны
|
Бақылау нысаны
|
Міндетті компонент (МК):
|
Базалық пәндер (БП):
|
МБП
|
DM
|
Дәлелді медицина
|
2
|
емтихан
|
МБП
|
OZZ
|
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау
|
2
|
емтихан
|
МБП
|
SAZ
|
Денсаулық сақтаудағы статистикалық талдау
|
2
|
емтихан
|
МБП
|
MNI
|
Ғылыми зерттеулер менеджменті
|
2
|
емтихан
|
Жиыны БП:
|
8
|
|
Бейіндеуші пәндер (БП):
|
БМП
|
OH
|
Жалпы хирургия
|
12
|
емтихан
|
БМП
|
TrО
|
Травматология және ортопедия
|
8
|
емтихан
|
БМП
|
CHLH
|
Жақсүйек-бет хирургиясы
|
8
|
емтихан
|
БМП
|
ОRL
|
Оториноларингология
|
8
|
емтихан
|
БМП
|
AH
|
Ангиохирургия
|
8
|
емтихан
|
БМП
|
KMB
|
Камбустиология
|
8
|
емтихан
|
БМП
|
PH-1
|
Пластикалық хирургия-1 (Психологиялық аспектілер. Пластикалық хирургияның техникалық тәсілдері. Жергілікті тіндермен ауыстыру тәсілдері. Операциялық және байлап-таңу кабинеттерін жабдықтау.)
|
11
|
емтихан
|
БМП
|
PH-2
|
Пластикалық хирургия-2 (Қайта ауыстыру хирургиясы. Ағзалар мен тіндердің тансплантациясы).
|
11
|
емтихан
|
БМП
|
PH-3
|
Пластикалық хирургия-3 (Аутотрансплантаттардың түрлері, таңдау өлшемдері. Тамырланған сүйек аутотрансплантаттары.)
|
11
|
емтихан
|
БМП
|
PH-4
|
Пластикалық хирургия-4 (Қолдардың пластикалық хирургиясы)
|
11
|
емтихан
|
БМП
|
PH-5
|
Пластикалық хирургия-5 (аяқтардың пластикалық хирургиясы)
|
11
|
емтихан
|
БМП
|
PH-6
|
Пластикалық хирургия-6 (Беттің пластикалық хирургиясы)
|
11
|
емтихан
|
БМП
|
PH-7
|
Пластикалық хирургия-7 (Сүт безінің пластикалық хирургиясы. Сүт безінің қатерлі және қатерсіз ісіктері)
|
11
|
емтихан
|
БМП
|
PH-8
|
Пластикалық хирургия-8 (Кеуде қуысының пластикалық хирургиясы)
|
11
|
емтихан
|
БМП
|
PH-9
|
Пластикалық хирургия-9 (Дененің пластикалық хирургиясы)
|
11
|
емтихан
|
Жиыны БП
|
151
|
|
Жиыны МК
|
159
|
|
ТБП
|
Таңдау бойынша компонент
|
15
|
|
Аралық аттестаттау
|
4
|
|
Қорытынды аттестаттау
|
3
|
|
Жиыны
|
181
|
|
Қолданылған қысқартулар:
БП – базалық пәндер
МБП – міндетті базалық пәндер
БП – бейінді пәндер
БМП – бейінді міндетті пәндер
ТК – таңдау компоненті
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 661 бұйрығына
7-қосымша
|
|
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 шілдедегі
№ 647 бұйрығына
5-1-қосымша
|
Фармацевтикалық мамандық бойынша бакалавриаттың
мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты 1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы 5В110300 – "Фармация" мамандығы бойынша бакалавриаттың мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМБС) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен түріне қарамастан жоғары оқу орнында (бұдан әрі – ЖОО) білім алушылардың даярлық деңгейіне, білім беру мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің барынша көлеміне қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы МЖМБС-та мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік сипаттамасы – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағдылар;
2) біліктілік талаптары – денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағдылар;
3) дипломдық жұмыс (жоба) – студенттің тиісті саланың өзекті проблемаларының өз бетінше зерделеу нәтижелерін жинақтауы болып табылатын қорытынды жұмысы;
4) жеке оқу жоспары (бұдан әрі – ЖОЖ) – үлгілік оқу жоспары мен элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен студенттің әр оқу жылына арнап өзі құрастыратын оқу жоспары;
5) жоғарғы фармацевтикалық білім – тиісті мамандық бойынша біліктілік бере отырып, мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
6) кәсіптік құзыреттер – денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, шеберлік және дағдылар;
7) міндетті компонент (бұдан әрі – МК) – үлгілік оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша студенттер міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізбесі;
8) оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру ұйымының өз бетінше үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастыратын оқу құжаты;
9) тіркеу бөлімі – білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет;
10) таңдау бойынша компонент – жоғары оқу орны ұсынатын, пререквизиттері мен постреквизиттерін есепке ала отырып кез келген академиялық кезеңде студенттердің өздері таңдай алатын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің (немесе академиялық сағаттардың) ең аз көлемінің тізбесі;
11) транскрипт (Тrаnsсrірt) - білімді бағалаудың сандық және әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат;
12) үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және денсаулық саласындағы уәкілетті орган бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентіндегі пәннің оқу құжаты;
13) үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші мен МЖМБС негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін оқу құжаты;
14) элективті пәндер каталогы (бұдан әрі – ЭПК) – зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (студенттердің алатын білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасын қамтитын таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің жүйеленген аннотацияланған тізбесі;
15) эдвайзер (Аdvisor) - тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарының қалыптасуына) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы;
2. Фармацевтикалық мамандық бойынша бакалавриат оқу бағдарламасын меңгеруге ниет білдіргендердің алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар осы МЖМБС-ға 1-қосымшада ұсынылған.
3. Жоғары оқу орындары жоғарғы білімі бар мамандарды (дипломды мамандар) даярлауды:
1) 5В110300 – "Фармация" мамандығы бойынша МЖМБС және ҮОЖ;
2) академиялық күнтізбеге;
3) студенттердің ЖОЖ-на;
4) мамандық бойынша ОЖЖ-ға;
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырады.
4. МЖМБС:
1) МЖМБС 2-қосымшаға сәйкес міндетті компонент пәндері циклінің мазмұнын анықтайды;
2) оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне және білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды.
5. Осы МЖМБС қойылатын талаптар:
1) мамандық бойынша ҮОЖ;
2) білім беру бағдарламаларын;
3) мамандық бойынша ОЖЖ
4) студенттердің ЖОЖ;
5) пәндер бойынша оқу бағдарламаларын құрастыру кезінде ескеріледі.
2-бөлім. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
7. ЖОО-нда жоғарғы білім беру 5В110300 – "Фармация" мамандығы бойынша біліктілігін берумен кадрларды даярлауға бағытталған.
8. Жалпы білім беретін пәндер (бұдан әрі – ЖБП) циклі, базалық пәндер (бұдан әрі – БП) және бейіндеуші пәндер (бұдан әрі –БП) циклдері міндетті компонент және таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды. Таңдау компонентіне жоғары оқу орны компоненті кіреді.
9. МК пәндерінің тізбесі мен көлемі 5В110300 – "Фармация" мамандығы бойынша осы МЖМБС 3-қосымшаға сәйкес үлгілік оқу жоспарымен айқындалады. Жоғары білім және медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білімнен кейінгі білім базасында жеделдетілген оқыту мерзімінде қысқартылған білім беру бағдарламалары ескеріледі.
10. Таңдау бойынша компонент нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының сұранысын, нақты жоғары оқу орнында қалыптасқан ғылыми мектепті, сондай-ақ білім алушының жеке қызығушылығын ескереді.
11. ЖБП циклінің көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 20 %-дан аспайды немесе 28 кредитті құрайды. Олардың 21 кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Таңдау компоненті ЖМК циклындағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 7 кредитті құрайды. Мамандықтарға байланысты жоғары оқу орындары өз бетінше мына пәндерді қосады: экология және тұрақты даму, саясаттану, әлеуметтану, экономика негіздері, құқық негіздері, тіршілік қауіпсіздігі негіздері.
12. ЖОО-да БП циклі пәндерінің көлемі ҮОЖ-дағы пәндердің жалпы көлемінің 55%-ын құрайды немесе 70 кредитті құрайды, олардың ішінде 20 кредит МК пәндеріне және 50 кредит ТК пәндеріне тиесілі.
13. БП цикліндегі міндетті компонентке әрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде "Кәсіби қазақ (орыс) тілі" және "Кәсіби бағытталған шет тілі" пәндері енгізіледі. Көрсетілген пәндер бірлесіп тілдік және тиісті мамандық бойынша бейінді кафедраларға жүктеледі.
14. Жоғарғы оқу орындарында бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау компоненті пәндеріне беріледі.
15. Оқытудың қосымша түрлері МК және ТК-нен тұрады. МК-тің жалпы көлемі кемінде 14 кредитті құрайды және көлемі 8 кредит "Дене шынықтыру" пәнінен және кемінде 6 кредит кәсіби практикадан тұрады.
16. Оқытудың қосымша түрлерінің МК-ін меңгеру мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде қамтамасыз етіледі.
17. "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)" топтары бойынша жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесінің аяқталғандығының негізгі өлшемшарты білім алушылардың теориялық оқудың 129-дан астам кредитін меңгеруі болуы мүмкін.
18. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.
19. Үш тілде білім беру бағдарламасын енгізген жоғары оқу орындары білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде жүзеге асырады. Екі тілде білім беру бағдарламасын енгізген ЖОО-лар оқытуды екі тілде жүзеге асырады: қазақ және орыс. Бұл ретте оқу пәндерінің оқыту тілінің пайыздық қатынасын жоғарғы оқу орны өзі шешуге құзіретті.
20. Дуальді оқыту элементтерін енгізген жоғары оқу орындары білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асырады.
Бұл ретте пәннің оқу материалының 40 %-ына дейіні тікелей өндірісте (технологиялық процесс) меңгерілуі тиіс екені көзделген.
3-бөлім. Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
21. Жоғары білімнің мақсаты 5B110300 – "Фармация" мамандығы бойынша жұмыс жасау үшін білікті, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауды қамтамасыз ету болып табылады
22. 5B110300 – "Фармация" мамандығы шеңберінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 117-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Ұлттық біліктілік шеңберіне, кәсіби стандарттарға сәйкес жоғарғы оқу орындары білім беру бағдарламаларын өз бетімен әзірлейді.
23. Оқу қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады. Оқу қызметінің құрылымы "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) жоғары білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 43-тармағына сәйкес оқу жоспарларының (үлгілік, жеке, жұмысы) және кәсіптік оқу бағдарламаларының, оқу жүктемесі көлемінің, академиялық кезеңдер ұзақтығының, академиялық сабақ түрлерінің, оқу материалы көлемінің негізінде қалыптасады
Достарыңызбен бөлісу: |