4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Медициналық техника және фармацевтикалық тауарлардың сапасы туралы түсініктеме беріңіз?
Сапаның қандай көрсеткіштерін білесіз?
Медициналық бұйымдардың сапасын бағалаудың қандай әдістерін Сіз білесіз?
Сапаның интегральді көрсеткіштері туралы сипаттама беріңіз?
1. Тақырыбы №:13 «Медициналық бағытта қолданылатын тауарлардың таңбалануы, орау-буу, тасымалдау және сақтау»
2. Мақсаты: Студенттерді медициналық бағытта қолданылатын тауарларды таңбалануы, орау-буу, тасымалдау және сақтаумен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Сиымдылық – белгілі бір мөлшерде өнімді не дәрілерді салу үшін қолданылады, ыдыс деген түсінікпен анықталады.
Орау-буу – ыдыстан және қосымша заттардан тұратын комплекс, ол орамдалатын өнімнің тұтыну және техникалық қасиеттерін анықтайды. Мысалы, орлакон-ыдысы, дәрілік препараттар салынған құтылар, тығынмен немесе капельницамен, этикеткамен және т.б. қосымша заттармен беріледі. Алғашқы орамдау дәрілік формаларды соның ішінде сақтап қалу үшін жасалынатын қажетті жағдай. Дәрілік формалармен тікелей кантакт болғандықтан, оған ерекше талаптар қойылады:
Газ және буөткізбеушілігі;
Дәрілік заттарға химиялық салғырттылығы;
Әртүрлі сыртқы әсерлерге тұрақтылығы мен беріктігі;
Жарықөткізбеушілігі;
Микроорганизмдерге төтеп берушілігі.
Екіншілік орамдауға мына талаптар қойылады: алғашқы орамдаудың сақталуын қамтамасыз ету және дәрілік заттарды де қарапайым ыңғайлы тіркеу және бақылауды қамтамасыз ету.
Транспорттық орамдау дәрілік препараттарды тасымалдау, оны толық қорғау, түгелдей түрде сақтауды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |