4. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар (15шт)
5. Әдебиет
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Ыдыстар және орау-буу дегеніміз не?
Таңбалау дегеніміз не?
Ыдыстар қалай жіктеледі?
Ыдыс пен орау-бууды әдетте қандай негізгі талаптар қойылады?
Ыдыс пен орау-буудың сапасын бағалау қалай жүргізіледі?
Орау-буудың қандай түрлері бар?
1. Тақырыбы №:14 «Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортименттері»
2. Мақсаты: Студенттерді медициналық және фармацевтикалық тауарлардың ассортименттерімен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Тауарлар ассртименті – тауарлар жиынтығы, бір немесе бірнеше белгілері бойынша топтастыру.
Тауарлар классы – функционалды қызметі бір тауарлар жинағы. Мысалы: дәріханалардағы сатылып жатқан тауарлар асортиментін келесі класстарға бөлуге болады: фармацевтикалық тауарлар, медициналық тауарлар және т.б.
Тауарлар топтары – белгілі классты тауар жинағы, тұтынушылық қасиеті ұқсас, мысалы: жараны таңу заттары, оптика, науқасқа қарау заттары.
Тауарлар түрі – белгілі топтың тауар жинағы, жалпы атауы мен тағайындалуы бойынша біріктірілген. Мысалы: жараны таңу тобына келесі тауар топтарын атауға болады: мақта, дәке бинттері, салфеткалар, бекіту байламдары және т.б.
Тауарлар түрілігі – белгілі түрлі тауар жинағы, өндіруші мен залалсыздану мөлшері мен ерекшеленген.
Ассортимент құрылымы – ерекше белгімен жинақтағы тауар жинағының қатынасы.
Ассортимент кеңдігі – тауар топтары ассортименттің санымен сипатталады. Оны ассортимент кеңдігі (Квт) коэфициенті мен білдіреді.
Ассортимент толықтығы – әрбір ассортимент позициясының санымен сипатталады.
Ассортимент толықтығын анық ассортимент кеңдігінің (D com) негізгі көрсеткішке (В com) қатынасы коэфициентімен (К com) білдіреді.
Ассортимент терендігі – бір тауар түрінің әртүрлілігімен сипатталады.
Ассортиментті пайдалану деңгейі - тауар ассортименттің пайдалану көрсеткіші.
Ассортимент жаңалығы (жаңарту) – жаңа тауар есебінен сұранысты қанағаттандаратын тауар жиынтығының қабілеті.
Ассортимент құрылымы жалпы жиынтықтағы әрбір тауар түрінің үлес салмағымен сипатталады.
Ассортимент тұрақтылығын деңгеймен анықтайды. Зерттеу уақытындағы құрылымы мен тереңдігі, кеңдігі мен толықтылығы көрсеткішінің өзгеруі.
Ассортимент үндестігі (үйлесімділік) – тәжірибелік қолдануы бойынша әртүрлі топ тауарларының арасындағы жақындылық деңгейі. Үндестік ассортиментінің сапалық сипаттамасын қамтамасыз етеді және сандық өлшенбейді.
Ассортиментпен басқару – ассортимент рационалдығына жету әрекеті. Ол басқару функцияларын іске асырады: жоспарлау, ұйымдастыру, кординация және бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |