«Медициналық манипуляциларды түсіндіру бойынша коммуникативті дағдыларды бағалау»



Дата02.06.2024
өлшемі15,41 Kb.
#203085
Байланысты:
Аспапты? тексерулерге ?зірлеуге ке?ес беру алгоритмі


«Медициналық манипуляциларды түсіндіру бойынша коммуникативті дағдыларды бағалау»



Қадам

Әрекет алгоритмі және орындау критерилері


Алғашқы қатынасты қалыптастыру

  • Науқаспен амандасу

  • Өзін таныстыру (өзінің есімін/есімі мен әкесінің атын айту)


Қолайлы тұлғааралық қашықтықты орнату/тұлғааралық қашықтықты таңдау және сақтау

  • Кем дегенде 45см және 1,20 м-ден көп емес қашықтықта отыру

  • Көзбен қатынас қалыптастыру


Алда болатын медициналық манипуляциялар туралы хабарлау

  • Емшараларды кімнің тағайындағанын және қандай мақсатта (диагностика, емдеу, сақтандыру, операцияға дайындық) екендігін хабарлау;

  • Емшаралар қашан және қайда болады,емшараның ұзақтығы қанша;

  • Қосымша дайындық қажет етіле ме


Алда болатын медициналық манипуляциялар туралы науқастың ақпараттану деңгейін білу

  • Бұрын осыған ұқсас емшаралар тағайындалды ма (егер тағайындалса – асқынулар болды ма, жағдайының нашарлауы/жақсаруы байқалды ма, емшарадан кейін қалаған тиімділікке қол жетті ме);

  • Әңгімелесу сәтінде науқастың емшараға дайындық деңгейін нақтылау


Медициналық манипуляцияны өткізу тәртібін түсіндіру; емшараны өткізудің қажеттілігіне және оның қауіпсіздігіне науқастың көзін жеткізу

  • Емшара қандай түрде өтеді (осы үшін не қолданылады, қандай препараттар және әдістер, қанша уақыт алады);

  • Емшара кезінде науқаста мүмкін болатын жағдайлар туралы айту (ауырсыну, жайсыздық, жүрегі айну, құсу, күйдіру сезімі) және осы кезде өзін қалай ұстауы туралы кеңес беру;

  • Емшараны өткізу реттілігін және манипуляция кезінде өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру; Емшараның қажеттілігін және қауіпсіздігін айту.


Емшараны өтуге науқастың дайын екендігіне кӛз жеткізу

  • Алда болатын емшара туралы сұрақтары бар ма соны сұрау;

  • Туындаған сұрақтарға дұрыс жауап беру; Алынған ақпараттар туралы науқастың қысқаша айтып беруін өтіну;

  • Қиналған жағдайда емшараның негізгі сәттерін қайтадан түсіндіру;


Жағымды психологиялық қатынас орнату

  • Сабырлы мінез-құлық, жағымды нәтиже болатынына сенімділік ұялату және ақжарқын көңіл күй.


Оңтайлы вербалдық емес (қимыл, ишара) және вербалдық (сөзбен) қатынас белгілерін қолдану

  • Даусының тембрі байыпты, дене қалпы, бір сарынды қимылдар, қолдау/жан ашу белгілері.


Ақпараттарды түсіндіру анықтығы

  • Сауаттылық, дәйектілік, сөйлеуінің логикалығы; Күрделі медициналық терминдерді, екіұштылық пен белгісіздікті қолданудан аулақ болу.


Әңгімелесуді аяқтау

  • Әңгімелесуге белсенді түрде қатысқаны үшін науқасты мақтау;

  • Науқастың эмоциялық тұрғыдан дайындығын бағалау; Емшараны ӛткізуге ақпараттық келісім алу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет