Әлтерация – зақымдану - жасушалардың, жасушааралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық, немесе некроздық бүлінулері
Алғашқы әлтерация–флогогеннің тікелей әсерінен дамиды.
Салдарлық әлтерация – алғашқы әлтерацияның зардабы, зат алмасу өзгерістерімен, қабыну дәнекерлері әсерімен байланысты.
Қабыну ошағында зат алмасуы өзгерістері Зхат алмасудың сандық және сапалық өзгерістері:
Заттар алмасуы соңғы өнімдерге дейін жүрмейді - СО2 және Н2О (митохондрий мембранасы зақымдануы әсерінен) тыныстық коэффициенттің ( ТК = бөлінген СО2/қабылданған О2).
Қабыну ошағындағы физикалық-химиялық өзгерістер
Гипер H+иония → ацидоз (зат алмасуының тотықпаған соңғы өнімдерінің артуынан)
Қабыну дәнекерлері салдарлық әлтерацияны тудырады, тамырлық серпілістер түзеді, прлиферацияны реттейді, қабынудың жергілікті және жалпы белгілерінің патогенезінде маңызды рөл атқарады.
Қабыну ошағында қанайналымы өзгерістері сатылары, олардың патогенезі. 1. Қысқа мерзімді қантамырлардың тарылуы – ишемия
2. Артериялық гиперемия
3. Веналық гиперемия.
4. Стаз.
Экссудация – қанның нәруызы бар сұйық бөлігінің және формалық элементтерінің қабыну ошағына шығуы. Экссудацияның патогенезі:
Тамыр өткізгіштігінің жоғарылауы
Қылтамырлар мен венулаларда гидростатикалық қысымның артуы
Қабыну ошағында осмостық және онкотикалық қысымның артуы
Қабыну ошағына шыққан сұйықтық экссудат деп аталады.
Экссудаттың түрлері:
Сары сулық
Фибринді
Геморрагиялық
Іріңді
Шіріктік
Аралас
Лейкоциттер эмиграциясы– қабыну ошағына лейкоциттердің шығуы
Эмиграция сатылары: лейкоциттердің тамырдың ішкі қабырғасына кемерленіп тұруы және роллинг (тербелу)