жүре пайда болған(қантты диабетте, ауыр металл тұздарымен уыттану, сәулесоқ ауруы, нәруыздық ашығу, стероидты гормондармен ұзақ емделгенде, қарттық шақта)
Пролиферация ( лат. рroliferatio – көбею) – дәнекер тіндердіңжасушалық бөлшектерінің көбеюі. Пролиферациядағы негізгі рөл макрофагтарда.
Қауырт қабынудың жергілікті белгілері (ЦЕЛЬС-ГАЛЕН бойынша): Қызару - rubor артериялық гиперемия дамуы салдарынан
Ісіну - tumor экссудация мен қабынулық инфильтраттың әсерінен
Қызу - calor жылы артериялық қанның көп келуінен және зат алмасу қарқынының артуынан
Ауыру - dolor нерв аяқшаларының, К+, Н+иондарымен, брадикининмен тітіркенуі; экссудатпен механикалық қысылуы.
Ағза қызметінің бұзылуы - functio laesa ауыру сезімі, жасушалар зақымдануы салдарынан
Қабынудың жалпы белгілері: қызба, ұйқышылдық, тәбеттің болмауы, бұлшық еттердің ауыруы – миалгия, буындардың ауыруы-артралгия, бауырда «жауаптың жедел кезеңі» нәруыздарының түзілуі (С – реактивті нәруыз, сарысулық амилоид А, фибриноген, церуллоплазмин, гаптоглобин, антиферменттер - антитрипсин), ядролық солға жылжыған нейтрофилді лейкоцитоз, иммундық жүйе жасушаларының әсерленуі – цитокиндер – интерлейкиндер (ИЛ-1, ИЛ-6); ӨТЖФ әсерлерінің нәтижесі
Созылмалы қабыну
Көрнекті материал: 1. Мультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Ә.Н.Нұрмұхамбетовтің редакторлығымен дәрістер курсы: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер: Негізгі Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 265-293.
Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.442-497
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 111-116.
Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 194-222.
Қосымша Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 181-200.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 222-234.
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 61-79
Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 184-200.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс): Қабынуды неге біртектес дерттік үрдістерге жатқызады?
Организмнің зақымдануға қорғану-бейімделу серпілісі ретінде қабыну нені сипаттайды?
Қабыну кезіндегі зақымдану мен қорғанудың диалектикалық бірлігін неден көресіз?
Қабынудың этиотропты және патогенездік емдеу ұстанымдары.
№ 2 тақырып. АЛЛЕРГИЯ
Мақсаты: аллергиялық серпілістердің реагиндік, цитотоксиндік, иммунды-кешендік және жасуша қатысуымен өтетін түрлерінің этиологиясы мен патогенезінің негізгі сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру Дәріс жоспары: Аллергия, анықтамасы. Оның этиологиясы (себептері және жағдайлары), аллергендердің жіктелуі, олардың сипаттамасы.
Кук, Джелл және Р. Кумбс бойынша аллергиялық әсерленістердің жіктелуі.
Аллергиялық әсерленістердің сатылары ( иммундық әсерленістер, патохимиялық және патофизиологиялық өзгерістер), олардың патогенезі.
Сенсибилизация, түрлері, патогенезі.
Аллергиялық әсерленістердің І, ІІ, ІІІ, ІҮ – түрлері патогенезінің ерекшеліктері:
а) аллергендердің табиғаты, сенсибилизация тетіктері;
б) негізгі дәнекерлері, олардың шығу тегі және биологиялық маңызы.
6. Гипосенсибидизация, түрлері, патогенезі.
Дәріс тезистері АЛЛЕРГИЯ – организмнің өз тіндерінің зақымдануымен қабаттасатын иммундық әсерленістер (В.И. Пыцкий)