Медициналық құралдарды өңдеу кезеңдері. Зарарсыздандыру. Залалсыздандыру алдында өңдеу. Залалсыздандыру №4 ЦӘК отырысында қаралды


Химиялық зарарсыздандырушы заттарға қойылатын талаптар



бет5/22
Дата08.11.2023
өлшемі2,18 Mb.
#190490
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
osd zarar zalal sagindykova zha

Химиялық зарарсыздандырушы заттарға қойылатын талаптар:
*суда ерігіштігі немесе эмульсия түзуі;
*аз мөлшерде, қысқа уақыттың ішінде микроорганизімдерді өлтіру қабілеттілігі болуы керек;
*өндірісте жеткілікті өндірілуі керек, бағасы арзан, тасымалдауға және сақтауға қолайлы болуы тиіс;
*токсикалық әсері аз;
*қоздырғыштарға кең спектірлі әсері;
*жағымсыз иістін болмауы.
*Химиялық ерітінділер эмульсия, ұнтақтар және ерітінділер түрінде қолданылады.
Зарасыздандырудың аралыс тәсілі:
Аралас-бірнеше тәсілдерді үйлестірулігін пайдалану.
(Мысалы: ғимараттарды сулы жинастырып, соңында УФ сәулелену).

Дезкамераларда жүргізіледі.
1.Бу ауа тәсілі-ылғалды ауамен-Т-110С-0,5атм.қысымда-20мин
2.Формалинді-бу: Т90С-0,5атм.қысымда-30мин.
Дезинфектанттардың келесі негізгі топтарын қолданады.

  1. Құрамында галоид бар заттар, оларда микробтарға белсенді әсер ететін хлор, бром немесе йод болады (хлорлы әк, калий гипохлоридінің тұздары, хлораминдер, дихлорцианцур қышқылы және оның тұздары, аквасепт, йодонат, дибромантин);

  2. Құрамында оттегі бар асқын тотық байланыстары немесе сутектің асқын тотығы негізіндегілер (первомур, ПВК, ператин, виркон, дезоксон);

  3. Төрттік аммоний байланыстары мен амфотерлі байланыстар (аламетон, дюньбаль, санифект, велтолен, гермосепт, септодор) негізіндегі беткейлік – белсенді заттар;

  4. Гунидиндер және ББЗ-мен олардың қоспалары (демос, катасепт, лизофермин, тиавасепт).

  5. Спирттер (этанол негізінде)

  6. Құрамында альдегид бар глутар немесе янтарлы альдегид (гепасепт, сайдекс, глутаран, альдесон) негізділері.Фенолды улылығының жоғарлығына және тұрақты жағымсыз иісіне байланысты дезинфектант ретінде пайдалануға тыйм салынған. Қазіргі кезде жағымсыз әсеріне тазарған фенолдың жаңа түрлері қолдануда (амоцид және т.б.). Дезинфектанттардың нормативті белгілерін денсаулық сақтау органдары тағайындайды, яғни практикада тек рұқсат етілген дезинфектанттар қолданылады

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялау

Дезинфекциялау әдісі

Дезинфекция режимі

Қолданылуы

Дезинфекциялау шарттары

Температура, Цельсий градуспен (бұдан әрі - 0С)

Шоғырлану, пайызбен (бұдан әрі - %)

Дезинфекциялау уақыты, минутпен

Қайнату:
дистильденген суда;
Дистильденген сумен қоса екі көмір қышқылды натрий (ас содасы)

98

2,0

30
15

Шыныдан, металдан, термиялықтұрақтыполимерліматериалдардан, резеңкеденжасалғанбұйымдарүшін

Суға толық батыру

Булау:
Булау стерилизаторында немесе дезинфекциялау камерасында жүргізіледі

110




20

Шыныдан, металдан, резеңкеден, латекстен, термиялықтұрақтыполимерлерденжасалғанбұйымдарүшін

Стерильдеу қораптарына салынады

Ауамен:
Құрғақ ыстық ауамен ауа стерилизаторында жүргізіледі

120




45

Шыныданжәнеметалданжасалғанбұйымдарүшін

Науаларда орамасыз жүргізіледі

Химиялық:
Шыны, пластмасса немесе эмальды ыдыста жүргізіледі

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Шыныдан, тоттануға төзімді материалдан, полимерлі материалдардан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін

Ерітіндіге толық батыру

Ескертпе:
Химиялық тәсілмен дезинфекциялаудан кейін бұйымдар дезинфекциялық құралдың иісі толық кеткенге дейін ағынды сумен жуылуы тиіс. Қайнату және булау әдісімен дезинфекциялау кезінде полимерлі материалдардан жасалған бұйымдар дәкеге оралуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет