Олар бірге , параллелді түрде жүзеге асу керек,себебі тек үйлесу жағдайында ,ғана медициналық мақсатына жетеді.Көбінесе науқас өзінің шағымдарын,мәселелерін және жағдайын сипаттап түсінікті түрде айта алмайды.Сондықтан, науқастың айткан мәселелерін дәрігердің тыңдай білуі-сұхбаттың бір кезеңі болып табылады.
Медициналық қызметкердің қойған сауалдары мен тұжырымдары дәл және тиісті,науқастарға түсінікті,арнайы терминсіз болуы керек. Олар аурудың тілі мен мәдениетіне ,біліміне сәйкес келуі қажет. Сондықтан науқастың әлеуметтік статусы,білім дәрежесі,мәдениеті мен сөйлесу мәнері анықталады.