Діріл сезімталдығы. Дәрігер дірілдеп тұрған камертонның сирағын адам денесінің біз тәрізді, қылқанды өсінділеріне симметриялық жанастырады да науқастың дірілдің сезілу немесе сезілбеу деңгейін сұрап отырады.
Камертонның дірілін аз сезіну – гипоаллестезия;
Камертонның дірілін сезбеу – апаллестезия.
Екі өлшемді кеңістікті сезіну. Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне сандарды немесе геометриялық фигураларды салады.
Цифрлар мен фигуралардыы ажырата алмау – графанестезия;
Цифрлар мен фигураларды шатастырып алу немесе қиналып анықтау – графгипестезия.
Стереогностикалық сезім. Тексерілушінің қолына кілт, қарындаш және т.б. заттарды беріп, оның қандай зат екенін сипап сезіп айтуын өтінеді. Бір қолымен берілген затты анықтай алмаса, екінші қолына беріледі.
Заттарды сипап сезу арқылы анықтай алмау – астереогнозия.
Рефлекстердің түрлері.
Рефлекс – орталық нерв жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.
Шартты рефлекстер;
Шартсыз рефлекстер: беткей, терең, патологиялық.
Беткей рефлекстер.
Теріні, көздің мөлдір қабығын немесе сілемейлі қабықтарды тітіркендіру арқылы білінеді.
Конъюнктивалдық рефлекс – көздің сілемейлі қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастырған кезде қабақтың жұмылуы.
Көздің мөлдір қабығы рефлексі –көздің мөлдір қабығына мақтаның ұшталған талшықтарымен немесе қағаздың ұшын жанастырған кезде қабақтың жұмылуы.
Беткей рефлекстер.
Жұмсақ таңдай рефлексі – шпателдың ұшын жұмсақ таңдайға жанастырған кезде таңдайдың және тілшіктің жиырылып жоғары көтерілуі.
Жұтқыншақ рефлексі - шпателдың ұшын жұтқыншаққа жанастырған кезде жөтел немесе құсу әрекеттері сезімінің пайда болуы.