Медико-статистическая система еисз: итоги, результаты, возможности


Тілжұтқыншақ және кезбе нервтерді тексеру тәсілдері



бет6/13
Дата11.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#174201
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Тілжұтқыншақ және кезбе нервтерді тексеру тәсілдері.

  • Дәрігер науқастан аузын кең ашуын өтінеді де тыныштық жағдайда көмейге, тілшікке, жұмсақ таңдайға назар аударады.
  • Кейін науқасқа “а-а-а“ деп айтқызып, дауыс шығару кезінде таңдай мен тілшіктің қалай қимылдайтынына назар аударады.
  • Үшкір етіп оралған, қағаздан жасалған түтікті қолдану арқылы жұтқыншақ рефлексін, жұмсақ таңдай рефлексін тексереді. Бұл кезде жұтқыншақ бұлшық еттері жиырылады, жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі.
  • Тұзды ерітінділердің көмегімен тіл түбінің оң және сол жағындағы дәм сезіну қабілеті тексеріледі.
  • Науқаста жұтыну қабілетінің сақталған немесе сақталмағанын байқау керек.

Қосымша нерв қызметін тексеру.

  • Тексеру реттілігі:
  • Науқасқа басын оңға және солға бұруын өтінеді және оны қозғайтын бұлшық еттердің күшін тексереді.
  • Науқасқа иығын көтертеді, екі жауырынын шамасы жеткенше біріне – бірін жақындатуын, қолын жоғары көтеруін өтінеді де.
  • Дәрігер науқастың осы қимылдар кезіндегі бұлшық еттердің күшін тексереді.

Тіласты нервінің қызметін тексеру.

  • Тексеру реттілігі:
  • Науқасқа тілін көрсетуін өтінеді;
  • Тілінің қалай жатқанына назар аударады;
  • Тілде атрофия, фибрилляциялық жиырылулар, тремор бар-жоқтығын тексереді.
  • Тіласты нервінің ядросында ауыздың дөңгелек бұлшық етін иннервациялайтын талшықтардың жасушалары орналасқан. Сондықтан тіласты нервінің ядросы зақымданған кезде еріндердің құрғауы, қатпарлануы болады, ысқыру мүмкін болмай қалады.

Тіласты нервінің зақымдану симптомдары:

  • Глоссоплегия – тіласты нерві ядроларының екі жақты зақымдануына байланысты тілдің қозғалмай қалуы.
  • Дизартрия – тіл бұлшық еттері талшықтарының жыбырлап дірілдеуі нәтижесінде сөйлеу қабілетінің қиындауы.
  • Анартрия – сөйлеу мүмкіндігінің жойылуы.

Клиникалық менингеальды синдромдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет