Тілжұтқыншақ және кезбе нервтерді тексеру тәсілдері.
Дәрігер науқастан аузын кең ашуын өтінеді де тыныштық жағдайда көмейге, тілшікке, жұмсақ таңдайға назар аударады.
Кейін науқасқа “а-а-а“ деп айтқызып, дауыс шығару кезінде таңдай мен тілшіктің қалай қимылдайтынына назар аударады.
Үшкір етіп оралған, қағаздан жасалған түтікті қолдану арқылы жұтқыншақ рефлексін, жұмсақ таңдай рефлексін тексереді. Бұл кезде жұтқыншақ бұлшық еттері жиырылады, жұмсақ таңдай жоғары көтеріледі.
Тұзды ерітінділердің көмегімен тіл түбінің оң және сол жағындағы дәм сезіну қабілеті тексеріледі.
Науқаста жұтыну қабілетінің сақталған немесе сақталмағанын байқау керек.
Қосымша нерв қызметін тексеру.
Тексеру реттілігі:
Науқасқа басын оңға және солға бұруын өтінеді және оны қозғайтын бұлшық еттердің күшін тексереді.
Науқасқа иығын көтертеді, екі жауырынын шамасы жеткенше біріне – бірін жақындатуын, қолын жоғары көтеруін өтінеді де.
Дәрігер науқастың осы қимылдар кезіндегі бұлшық еттердің күшін тексереді.
Тілде атрофия, фибрилляциялық жиырылулар, тремор бар-жоқтығын тексереді.
Тіласты нервінің ядросында ауыздың дөңгелек бұлшық етін иннервациялайтын талшықтардың жасушалары орналасқан. Сондықтан тіласты нервінің ядросы зақымданған кезде еріндердің құрғауы, қатпарлануы болады, ысқыру мүмкін болмай қалады.
Тіласты нервінің зақымдану симптомдары:
Глоссоплегия – тіласты нерві ядроларының екі жақты зақымдануына байланысты тілдің қозғалмай қалуы.
Дизартрия – тіл бұлшық еттері талшықтарының жыбырлап дірілдеуі нәтижесінде сөйлеу қабілетінің қиындауы.
Анартрия – сөйлеу мүмкіндігінің жойылуы.
Клиникалық менингеальды синдромдар.
1) Бастың бір қалыптан екіншісіне ауыстырған кезде, жарықта, қатты дауыстар естіген кезде күшейе түсетін - жайылмалы бас ауруы;