Медико-статистическая система еисз: итоги, результаты, возможности


Бет құбылысына әсер ететін бұлшық еттердің қызметін тексеру реттілігі



бет5/13
Дата11.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#174201
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Бет құбылысына әсер ететін бұлшық еттердің қызметін тексеру реттілігі:

  • Маңдай бұлшық етін тексеру – қабағыңызды көтеріңіз;
  • Қабақ бұлшық етін тексеру – қабағыңызды түйіңіз;
  • Көз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру – көздеріңізді сығырайтыңыз;
  • Жақ бұлшық етін тексеру – екі ұртыңызды томпайтыңыз;
  • Күлкіге қатысты бұлшық еттерді тексеру – тісіңізді ақситыңыз;
  • Ауыз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру – еріндеріңізді алға қарай түтікше етіп керіңіз.

Бет нервінің зақымдануы кезіндегі симптомдар:

  • Нерв фаллопий арнасында зақымданса, тілдің дәм сезу қабілеті және есту қабілеті бұзылады:
  • Дәмді артық сезеді - гипергейзия;
  • Дәмді нашар сезеді – гипогейзия;
  • Дәмді мүлде сезбейді – агейзия;
  • Дәмді шатастырып алады – парагейзия.
  • Дауыс жаңғырып естіледі – гиперакузис;
  • Дауыс нашар естіледі – гипакузис;
  • Дауысты мүлде естімейді – анакузис.

Есту анализаторын тексеру.

  • Есту қабілетін зерттеудің ең қарапайым әдісі –адамның сыбырлап сөйлеуді қалай қабылдауын тексеру. Қалыпты жағдайда сыбырды адам 6-7 м қашықтықтан ести алады.
  • Құлақтың біреуіне дыбыстың бұрын жетуін анықтау. Дыбыс шығарып тұрған С218 камертонының аяғын тексерілушінің шүйдесінің ортасына орнатады да, қай құлағымен камертон дыбысын қаттырақ еститінін сұрайды.
  • Қалыпты жағдайда бұрын жету болмайды, адам шүйдесіне қойылған камертон дыбысын екі құлағымен бірдей естиді.

Ромберг кейпінде зерттеу.

  • Науқасқа аяқтарын қосып, қолдарын алға созып көзін жұмуын өтінеді. Егер оң құлақ лабиринті зақымданса, науқастың денесі сау құлақ жаққа ауытқиды. Бастың тұрған қалпын өзгерту аурудың құлау бағытын да өзгертеді.
  • Науқас көзін жұмып, қолдарын горизонтальды түрде алға созып тұрады. Кейін ол бір орында тізесін мүмкіндігінше жоғары көтеріп жүреді. Егер науқаста вестибулярлы зақымдану болса, ол өз осінің айналасында айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет