Медико-статистическая система еисз: итоги, результаты, возможности



бет4/13
Дата11.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#174201
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Көз түбін тексеру.

  • Көз түбін толық көру үшін офтальмоскоппен тура офтальмоскопия жасау әдісін қолданады. Бұл әдісті қол электрлі офтальмоскобымен жүргізеді. Оның ұстағыш сабында жарық көзі ретінде кішкене электр шамы орнатылған. Дәрігер офтальмоскоппен бірге науқастың көзіне өте жақындап көздің түбін қарашық арқылы қарайды. Офтальмоскоппен тура қарау әдісінде көз түбінің бейнесі шамамен 13-16 есе ұлғайтылады.

Көз алмасының қозғалуын тексеру.

  • Тексеру реттілігі:
  • Дәрігер науқастың басын иегінен ұстап тұрады;
  • Көзінің алдында 15-20 см қашықтықта оңға, солға, жоғары, төмен және мұрнының ұшына кезекпе – кезек бағыттала ауыстырылып тұрған неврологиялық балғаға қарауын өтінеді.

Қарашықтың конвергенциялық және аккомодациялық реакциясын тексеру.

  • Тексеру реттілігі:
  • Дәрігер науқастың бетінен 50-60 см қашықтықта ұстап тұрған саусағына қарауын өтінеді;
  • Дәрігер саусағын мұрынның ұшына таяу әкеледі.
  • Қалыпты жағдайда көз алмалары көз саңылауының ішіне қарай ауысады (конвергенция) онымен қоса қарашық тарылады (аккомодация).

Үшкіл нерв қызметін тексеру.

  • Сезімділікті зерттеу тәсілдері:
  • Үшкіл нервтің бетке шығатын тұстарын (көз үсті, көз асты, иек асты) басып көру.
  • Үшкіл нерв тармақтарының беттегі нервтендіретін аймақтарында ауырсыну, жанасу және кинетикалық сезімталдықты анықтау.
  • Қанттың, ас тұзының көмегімен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу мүмкіндігін тексеру.
  • Қозғалуды зерттеу тәсілдері:
  • Ауызды ашқанда төменгі жақтың қалай тұрғанына назар аударылады.
  • Шайнау бұлшықеттерінің жиырылуын зерттеу үшін науқастың жағын алақанымен басып тұрып, шайнауын өтінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет