Иіс сезу қабілетін тексеру үшін хош иісті заттар (камфора, ванилин, әтір) пайдаланылады.
Тексеру реттілігі:
Науқас екі көзін жұмады;
Саусағымен мұрнының бір тесігін жауып тұрады;
Дәрігер ұсынған хош иісті затты иіскейді.
Қандай иісті сезгенін немесе сезбегенін дәрігерге айтады.
Гиперосмия – иісті шамадан тыс қатты сезіну;
Гипосмия – иісті нашар сезу;
Аносмия – иісті мүлде сезінбеу;
Дизосмия – иістің бұрмаланып сезілуі;
Иіс галлюцинациялары – жоқ иістерді сезіп тұрғандай болу.
Көру жітілігін тексеру.
Көру жітілігін тексеру үшін Сивцев кестесі қолданылады. Кесте Ланьдольт дөңгелектері мен әріптік оптотиптерден тұрады. Әрбір қатардағы оптотиптердің өлшемі бірдей, бірақ жоғарғы қатардан төменгі қатарға дейін біртіндеп кішірейеді. Көру жітілігін Снеллен формуласы бойынша есептеп шығарады: Visus=d/D. d-адамның белгілерді көре алатын ең қашық аралық. D-оптотиптердің қалыпты көрінетін ара қашықтығы.
Көру жітілігін тексеруге арналған Сивцев кестесі.
Көру жітілігін тексеру реттілігі:
Кесте еденнен 1,2 м биіктікте, аурудан 5 м қашықтықта орналасуы керек.
Зерттеу алдымен оң көзге, кейін сол көзге жасалады.
Зерттелмейтін көз күңгірт қалқанмен жауып тұрылады.
Дәрігер кестедегі оптотиптерді жақсы көрінетін көрсеткіш таяқшамен көрсетіп отырады.
Жоғарыдан төмен қарай әр қатардағы әріптер тексерілуші қателескенше көрсетіледі.
Көру жітілігін барлық белгілері қатесіз айтылған қатармен бағалайды.
Түстерді ажыратуды тексеру.
Түстерді ажыратуды Рабкиннің түрлі-түсті кестелерінің көмегімен тексереді.
Тексеру реттілігі:
Зерттеуді тек күндізгі жарықта жүргізеді;
Тексерілуші кестеден 1 м қашықтықта арқасын жарыққа беріп отырады;
Дәрігер тексерілушіге кестелерді кезекпен көрсетіп, көрінген белгілерді атауын өтінеді;