Медико-статистическая система еисз: итоги, результаты, возможности



бет2/13
Дата11.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#174201
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Альбина 2

Праксисті зерттеу.

  • Праксис – мақсатты, жоспарлы іс-әрекеттерді орындау қабілеті.
  • Апраксия – мақсатты іс-әрекеттердің орындалуының бұзылуы.
  • Моторлы апраксия – қимылдардың бірізділігінің жоғалуы. Оны анықтау үшін науқасқа “жұдырық-қабырға-алақан” тесті беріледі. Бұл іс-әрекеттер бірізділігін тез-тез бірнеше рет қайталауды өтінеді.
  • Идеомоторлы апраксия – қарапайым қимылдарды орындай алмау. Оны тексеру үшін науқасқа тілін шығаруын, ысқыруын, стаканға суды қалай құю керектігін, сіріңкені тұтатуын және т.б. көрсетуін сұрайды.

Гнозисті зерттеу.

  • Агнозия – көру, есту функциялары, сезімталдық сақталғанымен заттар мен құбылыстарды танып ажырату процесінің бұзылуы. Агнозияның түрлері:
  • Иіс сезу агнозиясы;
  • Есту агнозиясы;
  • Көру агнозиясы;
  • Кеңістік сезу агнозиясы;
  • Адамды танымау агнозиясы;
  • Аутотопоагнозия - өз дене мүшелерін орналасуын анықтай алмау. Бұл синдром көбінесе екі немесе бір ми сыңарының (көбінесе оң) төбе-шүйде аймақтарының зақымдануы кезінде дамиды.

12 жұп бассүйек-ми нервтері:

  • І – иіс сезу нерві (n.olfactorius)
  • ІІ – көру нерві (n.opticus)
  • ІІІ – көз қозғалтқыш нерв (n.oculomotorius)
  • ІV – шығыршық нерві (n.trochlearis)
  • V - үшкіл нерв (n.trigemines)
  • VI - әкеткіш нерв (n.abducens)
  • VII – бет нерві (n.facialis)
  • VIII – кіреберіс-ұлу нерві (n.vestibulocochlearis)
  • IX – тіл-жұтқыншақ нерві (n.glossopharyngeus)
  • X – кезбе нерв (n.vagus)
  • XI – қосымша нерв (n.accessorius)
  • XII – тіласты нерві (n.hupoglossus)

Бассүйек-ми нервтерінің қызметіне байланысты ажыратылуы:

  • Сезгіш нервтер – І; ІІ; VIII
  • Қимылдатқыш нервтер – ІІІ; ІV; VI; XI; XII
  • Аралас нервтер – V; VII; IX; X.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет