Теріні сызу (штрих) арқылы білінеді. Сау адамда бірнеше секундтан кейін жіңішке ақ жиекпен қоршалған қызыл жолақ пайда болады. Егер оның орнында ақ жолақ білінсе, онда ол қан тамырларының тонусы күшейгенінің белгісі.
Мишық қызметін тексеру.
Жүрісті тексеру. Науқас бөлме ішінде бір сызық бойымен көзін ашып, жұмып, алға, артқа жүреді. Мишығы зақымданған науқас екі аяғының арасын ашып, шайқалып жүреді. Мишықтың табаны зақымданса, науқас екі жағына теңселіп жүреді; жарты шары зақымданса, зақымданған жаққа қисая кетеді, қырымен жүре алмайды.
Қозғалыс жүйесі мен мишықтың функцияларын зерттеу тәсілдері.