Моторлы апраксия – қимылдардың бірізділігінің жоғалуы. Оны анықтау үшін науқасқа “жұдырық-қабырға-алақан” тесті беріледі. Бұл іс-әрекеттер бірізділігін тез-тез бірнеше рет қайталауды өтінеді.
Идеомоторлы апраксия – қарапайым қимылдарды орындай алмау. Оны тексеру үшін науқасқа тілін шығаруын, ысқыруын, стаканға суды қалай құю керектігін, сіріңкені тұтатуын және т.б. көрсетуін сұрайды.