Көз түбін толық көру үшін офтальмоскоппен тура офтальмоскопия жасау әдісін қолданады. Бұл әдісті қол электрлі офтальмоскобымен жүргізеді. Оның ұстағыш сабында жарық көзі ретінде кішкене электр шамы орнатылған. Дәрігер офтальмоскоппен бірге науқастың көзіне өте жақындап көздің түбін қарашық арқылы қарайды. Офтальмоскоппен тура қарау әдісінде көз түбінің бейнесі шамамен 13-16 есе ұлғайтылады.