Megamozg. Kz образовательный портал Казахстана. Ент, воуд, кта тақырыптық тест



бет3/9
Дата05.05.2020
өлшемі0,7 Mb.
#65965
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
k ent2013373megamozg.kz

... ! Достар түгел жиналыпты.

А) Қап. В) Бәрекелді. С) Жә. Д) Әттеген-ай. Е) Әй.

13. Негізгі одағайды табыңыз.

А) Кә-кә. В) Бәрекелді. С) Әттеген-ай. Д) Ой, е. Е) Япырым-ай.

14.Одағайды табыңыз.

А) Бай-бай, Нұржан-ай, тілің қандай ащы! В) Ол әуелі сылқ-сылқ күлді. С) Мағаш, Кәкітай асығыс аттанды. Д) Дұрыс, ұмытпаған екенсің. Е) Қайдан шықтың сен?

15. Жекіру одағайын көрсетіңіз.

А) Жә. В) Кә-кә. С) Уһ. Д) Пай-пай. Е) Шөк.

16. Тұлғасына қарай одағай түрін анықтаңыз: Мәссаған.

А) Қос сөз. В) Біріккен сөз. С) Дара одағай. Д) Негізгі одағай. Е) Туынды одағай.

17. Шақыру одағайын табыңыз.

А) Қап. В) Опырым-ай. С) Пәлі. Д) Шөре-шөре. Е) Бәрекелді.

18. Одағай сөздердің қатарын табыңыз.

А) Сірә, жалпы айтқанда. В) Менің ойымша, біріншіден. С) Қарағым-ау, Мұратжан, әкешім.

Д) Бәрекелді, мәссаған, япырмай. Е) Шынымды айтсам, байқауымша.

19. Одағай сөзді табыңыз.

А) Ахмет, Ержанды шақыршы. В) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен. С) Жарайды, тазалығыңа сендім. Д) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын. Е) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк.

20. Көңіл-күй одағайын табыңыз.

А) Құру-құру. В) Тек. С) Жә. Д) Әттең. Е) Тәйт.

21.Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз.



Әттең, бүгін кешікпей келгеніңде үлгіретін едің!

А) Бұйыру. В) Жекіру. С) Таңдану. Д) Шаттану. Е) Өкіну.

22. Өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын сөзді табыңыз.

А) Одағай. В) Сын есім. С) Үстеу. Д) Зат есім. Е) Еліктеуіш сөз.

23. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А)Әрине, бүгінгі жастарға білім керек-ақ! В)Абылғазы, қайдан келдің? С)Білімді адамды алған жөн. Д)Біздің халық , оның айтуынша, ақын халық екен. Е)Шіркін, қазақтың келіндері-ай

24. Таңдану одағайын көрсетіңіз.

А) Апырай. В) Әттеген-ай. С) Уһ. Д) Қап. Е) Кәні.

25. Шақыру одағайы қатысқан сөйлемді табыңыз.

А)Тұрсам, о, тоба-ай, айнала көк шалғын! В)Шынында бұл-ойланатын жұмыс. С)Балам, жүзін сынық қой. Д) Әжем сиырды «ахау-ахау» деп шақырады. Е) Шіркін, мен ұшқыш болсам!


Шылау.


1- нұсқа

1.Үшін, туралы, жайлы шылаулары қай септіктен кейін келетінін көрсетіңіз.

А) Жатыс. В) Барыс. С) Табыс. Д) Ілік. Е) Атау.

2. Септеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сенің Астанаға барғың келе ме? В) Жазда Астанаға және Алматыға бардық. С) Ол Астанаға барған емес. Д) Асан мен Үсен Астанада болып қайтты. Е) Ол Астанаға дейін пойызбен барады.

3. Сұраулық демеуліктерді көрсетіңіз.

А) Түгіл, емес. В) –Ақ, -ау. С) Қатар, бірге. Д) Кім, не. Е) Ма, ме, ба, бе, па, пе.

4. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз.

Маған өнер адамдары ... кітаптар ұнайды.

А) Сияқты. В) Туралы. С) Үшін. Д) Ғана. Е) Бірге.

5. Сен де бір кірпіш дүниеге.

Сөйлемде «де» не болатынын анықтаңыз.

А) Демеулік шылау. В) Септеулік шылау. С) Үстеу. Д) Жалғаулық шылау. Е) Көмекші есім.

6. Жалғаулық шылауларды көрсетіңіз.

А) Қана, ғана. В) Шейін, дейін. С) Ма, ме, ба, бе. Д) Үшін, бірге. Е) Да, де, та, те.

7. Сұраулық шылауды табыңыз.

А) Сонда. В) Ма, ме. С) Шейін. Д) Гөрі. Е) Әйтпесе.

8. Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Досым туралы жақсы хабар естідім. В) Кеше ғана ол ауылдан келді. С) Өмірден өз орнын тапқан-ды. Д) Қоңырау соғылды, бірақ сабақ басталған жоқ. Е) Ағам және оның қызы алыс жолға аттанды.

9.Септеулік шылауды табыңыз.

А) Қой. В) Мыс. С) Соң. Д) Ба. Е) Ақ.

10. Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойыңыз. Отан ... от кешкендер.

А) Үшін. В) Бұрын. С) Секілді. Д) Туралы. Е) Ғана.

11. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.

Я, яки, не, немесе.

А) Талғаулықты В) Қарсылықты С) Іліктес Д) Ынғайластық Е) Себеп-салдар

12. Қарсылық мәндегі жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

А) Және, немесе. В) Сондықтан, алайда. С) Бірақ, себебі. Д) Себебі, сондықтан. Е) Бірақ, алайда.

13. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Е, жақсы болыпты. В) Қарағым-ай, бұл өмір осындай болады екен. С) Мына кісі неткен білімді. Д) Пайда ойлама, ар ойла. Е) Даналық халық сөзінде екен.

14. Септеулік шылауы бар сөз тіркесін көрсетіңіз.

А) Жол арқылы В) Астана туралы С) Айтты ма? Д) Қала түгіл Е) Бірде дұрыс

15. Жұмбақ құрамындағы қай сөз шылау екенін көрсетіңіз.

Таңертең бар, кешке жоқ,

Кеш түгілі, түсте жоқ.

Мен әдемі моншақпын,

Ірі емеспін ұсақпын.

А) түгілі. В) емеспін. С) кеш. Д) мен. Е) жоқ.

16. Синоним болып тұрған шылауды табыңыз.

А) Себебі, секілді. В) Сондықтан, сол себепті. С)Және, бірақ. Д) Көрікті, көңілді. Е) Қала,шаһар

17. Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Біз табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. В) Жаңбыр жауса, жер көгерер. С) Менің әпкем тілмаш болғысы келеді. Д) Сабақтан соң біз театрға бардық. Е) Япырмау, неткен ғажап күй!

18. Сөйлемді септеулік шылаумен толықтырыңыз.

Саяхатқа оқушылармен ... мұғалім шықты.

А) Арқылы. В) Кейін. С) Дейін. Д) Туралы. Е) Бірге.

19.Демеулік шылауды табыңыз.

А) Гөрі. В) Сонда. С) Ма, ме. Д) Әйтпесе. Е) Шейін.

20. Нақтылық мәндегі шылауды көрсетіңіз.

А) Күйтабақта Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері жағылған. В) Өмірден орын тапқан-ды.

С) Қолына тек добыра берсең болады. Д) Ол бүгін аңшы туралы мәтін оқыды.

Е) Қазақтың ақын қыздарының ішінде Ұлбике ақынның алатын орны ерекше.

21. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

А) Біресе мәтін оқимын, біресе жазу жазамын. В) Үйден төрт жасар бала жүгіріп шықты.

С) «Жиренше, үйінде ұлың бар ма?»-деді ол. Д) Іле өзені Қапшағайдан кейін Балқашқа құяды.

Е) Үлкені де-осы, кішісі де –осы,-деді.

22. Ма, ме, ба, бе, па, пе демеулік шылаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.

А) Нақтылық. В) Сұраулық. С) Күшейткіш. Д) Болымсыздық. Е) Шектік.

23. Жалғаулықтардың түрін анықтаңыз.

Себебі, өйткені, сол себепті.

А) Талғаулықты В) Іліктес С) Қарсылықты Д) Себеп-салдар Е) Ынғайластық

24. Демеулік шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Сол жақта орталық почтаны көресіз. В) Енді таба аласыз ба? С) Абылай хан даңғылымен тура жүре беріңіз. Д) Бұрыштағы үлкен бес қабатты үй. Е) Бір көше көтеріл және оңға бұрыл.

25. Септеулік шылауды табыңыз.

А) Үшін В) Егер С) Және Д) Мен Е) Өйткені


Шылаулар.

2-нұсқа.


1.Сұраулық шылауды көрсетіңіз.

А) Ғана, тек. В) Кейін, шейін. С) Қарай, таман. Д) Ма, ме. Е) Туралы, үшін.

2. Сөйлемде берілген шылаудың түрін көрсетіңіз.

Кітапта Жанкелдіқызы Ұлбике мен Көшерұлы Күдерінің айтыстарына орын берілген.

А) Демеулік. В) Талғаулық. С) Септеулік. Д) Жалғаулық. Е) Шарттық.

3. Септеулік шылауды анықтаңыз.

А) мен. В) кейін. С) –шы. Д) –мыс. Е) –ма.

4. Көмектес септігіне қатысты септеулік шылауды анықтаңыз.

А) Бірге. В) Шейін. С) Соң. Д) Үшін. Е) Кейін.

5. Берілген сөйлемдегі септеулік шылауды табыңыз: Мен кітаптан той туралы оқыдым.

А) Мен. В) Кітаптан. С) Той. Д) Туралы. Е) Оқыдым.

6. Қажетті септеулікті көрсетіңіз. Үш ай қыстан ... көктем келеді.

А) Жайлы. В) Соң. С) Үшін. Д) Бірге. Е) Арқылы.

7. Көңіл-күй демеулікті анықтаңыз.

А) пен, бен. В) әлде, не. С) басқа, өзге. Д) –міс, -мыс. Е) ма, ме.

8. «Бірақ» жалғаулығының түрін анықтаңыз.

А) Ыңғайлас. В) Талғаулы. С) Қарсылықты. Д) Себеп-салдар. Е) Кезектес.

9. Берілген сөйлемді шылаумен толықтырыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет