Megamozg. Kz образовательный портал Казахстана. Ент, воуд, кта тақырыптық тест



бет7/9
Дата05.05.2020
өлшемі0,7 Mb.
#65965
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
k ent2013373megamozg.kz

Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.

А) Кезектес салалас құрмалас сөйлем. В) Іліктес салалас құрмалас сөйлем. С) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем. Д)Сабақтас құрмалас сөйлем. Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

23.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Саяхатқа баратынымызды хабарламақ болып, сынып жетекшіні іздедім. В) Бұл күнде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді. С) Күз түсті, күн салқындады. Д) Бүгін біз төрт сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды. Е) Күн суық, әрі қар борап тұр.

24. Шартты сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Не ексең, соны орарсың. В) Күз келді де, жаңбыр жауды. С) Сабақ ерте басталғанда, ерте бітеді. Д) Мұғалім айтқанда, ол жазады. Е) Ол көп уайымдап, үйге келді.

25. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.

А) Қашанға дейін? В) Не себепті? С) Неге? Д) Неліктен? Е) Не мақсатпен?

Құрмалас сөйлем.

2-нұсқа.


1. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз.

Ол жақсы оқыса, университетке түседі.

А) Қарсылықты. В) Шартты. С) Себеп. Д) Мақсат. Е) Мезгіл.

2. Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А) Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкенді араладық . В) Мен барғанша, ол кетіп қалды. С) Күн жылы болды деп, біз серуенге шықтық. Д) Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз. Е) Оқушылар келген соң, сабақ басталды.

3. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды. С) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді. Е) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүрді.

4. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады. С) Еңбек баланы мықты етеді. Д) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.

Е) Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.

5. Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті. В) Ауылда жаңа мектеп салынды. С) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады. Д) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен. Е) Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жаумады.

6. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Айжан дүкенге кетті. В) Біресе ол барады, біресе Айгүл барады. С) Күн де шығып тұр, жел де соғып тұр. Д) Бұл шөп әдемі, бірақ зияны да бар. Е) Мен кеше сабаққа келген жоқпын.

7. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Кеш тым ыстық болғандықтан, жұрт әтеті бойынша далаға шығып отырған секілді. В) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын жуып алыпты. С) Ағам келетін уақыт болды. Д) Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті. Е) Түн. Ай жап-жарық .

8. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамы қалай анықталатынын көрсетіңіз.

А) Екі жай сөйлем. В) Атаулы сөйлем, түсіндірмелі сөйлем. С) Жалғаулықты сөйлем, жалғаулықсыз сөйлем. Д) Бағыныңқы, басыңқы. Е) Толымды, толымсыз сөйлем.

9. Салаластың түрін ажыратыңыз.

Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ .

А) Ыңғайлас. В) Қарсылықты. С) Түсіндірмелі. Д) Кезектес. Е) Талғаулы.

10. Кезектес салаласты табыңыз.

А) Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. В) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы тартылып қалады. С) Қалада жаңа үйлер салынды. Д) Машина жүрісін бірде шапшандатады, бірде баяулатып жүреді. Е) Біз асыға кірдік.

11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Жай сөйлем. В) Шартты бағыныңқы сөйлем. С) Кезектес салалас сөйлем. Д) Қарсылықты салалас сөйлем. Е) Ыңғайлас салалас сөйлем.

12. «Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.

А) Кезектес салалас. В) Себеп-салдар салалас. С) Ыңғайлас салалас. Д) Талғаулы салалас.

Е) Қарсылықты салалас.

13.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

А) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің. В) Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма. С) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой. Д) Биылғы қыс суық болған жоқ . Е) «Бұның дұрыс болмайды»,-деп әкесі ренжіді.

14. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.

А) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды. В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада. С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей. Д) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді. Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

15. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Мен оқыған кітап қызық-ақ . В) Әңгіме елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.

С) Онның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді. Д) Түн. Е) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын танып алыпты.

16. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.

А) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл–Алматының және қала маңының картасы екен. С) Қыздар

тоғайға шие теруге кетті. С) Бес-алты айда келді. Д) Олкөпті көрген дана қарт. Е) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.

17. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.

А) Сонымен. В) Сондықтан. С) Да. Д) Бірақ . Е) Немесе.

18. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар. В) Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

С) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеймін. Д) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмай келеді. Е) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.

19. Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.

А) Ол дауыстарының шуылдамай, үйлесімді шығуын талап етті. В) Арай хат жазып кетті.

С) Ардақ Саятты күтті, бірақ ол келмеді. Д) Не істесем де алдыма қойған мақсатқа жетуім керек.

Е) Бүгін менің жалғыз інім келеді.

20. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ауылда бірде шам болады, бірде болмайды. В) Таң атты, мен ояндым. С) Риза болғаны сондай-мені құшақтай берді. Д) Қалаға мен барсам, сен болмай шықтың. Е) Қалаға не мен барамын, не сен барасың.

21. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Көктем болғанмен, күн әлі жылынып кете қойған жоқ еді. В) Ойын аяқталды, бірақ көрермендер асықпады. С) Көктем енді келсе де, күн ысып кетті. Д) Кенжебек жауап іздеп көріп еді, орынды сөз ойына орала қоймады. Е) Абай араларынан кетісімен, сабыр бұйрық елге жайылды.

22. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А) Ұялғанымнан да бетімнің оты шықты. В) Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын. С) Бірде ұйқы еңсереді, бірде ерік еңсереді. Д) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын. Е) Сабырлы Олжабектің сасқаны соңша-орнынан атып тұрды.

23. Шартты бағыныңқылы сабақтасты көрсетіңіз.

А) Үйдің іші үн-түнсіз, көңілсіздік басқан. В) Тоқтамай сөйлей берсеңші, уақытың жетпес.

С) Айтар ойы олмаған соң, бос сөзге үйір. Д) Тілмен тас жаруына қарама, тындыруына қара.

Е) Бір рет айтудан бұрын екі рет ойлап алсаң, екі есе жақсы айтасың.

24. Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. В) Олар біресе тоқтап демалады, біресе күн ұзақ жүреді. С) Биыл шөп қалың шықты, себебі жаңбыр көп жауды. Д) Мұхит келіп еді, Арман шыға жөнелді. Е) Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.

25. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Экологияны сақтайық , соған ат салысайық . В) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар оқылады. С) Түнгі кезекте болғандықтан, шаршап та отырмын. Д) Санжар өлеңді жақсы айтқанмен, өзін көрсете алмай жүр. Е) Онымен әр кеңескен сайын түрлі жаңалық естимін.

Лексика.

Синонимдер.

1- нұсқа.

1. Синонимдік қатарды табыңыз.

А) Қабанбай, Ерасыл. В) Арлы-берлі, ойын-сауық. С) Жабайы, тым-тырақай. Д) Ж үйрік, қара, қалың.

Е) Әйгілі, атақты, белгілі.

2. «Оқушы» сөзіне мәндес сөзді табыңыз.

А) Жазушы В) Ұстаз С) Оқытушы Д) Шәкірт Е) Тәлімгер

3. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Жеңіл, терең, ежелгі В) Өнер, күй, музыка С) Тіршілік, өнер, бақыт Д) Бағыт, бағдар, беталыс Е) Өнерпаз, өнерсүйгіш, мәдениет

4. «Тез» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А) Ерте В) Орташа С) Жылдам Д) Жақсы Е) Жай

5. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Апару, әкелу. В) Кінәлі, айыпты. С) Мәртебелі, сыйсыз. Д) Іс, сапар. Е) Жұмысшы, оқушы.

6. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Мықты, бос. В) Түзу, қисық. С) Бас,қол. Д) Ауру, сырқат. Е) Асау, жуас.

7. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Думан, той. В) Бала, мұғалім. С) Нәзік, толық. Д) Ажарлы, ажарсыз. Е) Үлкен, кіші.

8. «Үн» сөзінің орыс тіліндегі синонимдік баламасын белгілеңіз.

А) Свист, звук. В) Звук, голос. С) Голос, разговор. Д) Тревожно-шумный. Е) Шум, звук.

9. Ата-ана сөзіне синоним сөзді табыңыз.

А) Ата-әже. В) Әпке-аға. С) Аға-женге. Д) Апа-ата. Е) Әке-шеше.

10.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Сұлу, әдемі, ең. В) Кәрі, қарт, қария. С) Саулық, шайлық, ірі. Д) Мүгедек, жас, қаріп.

Е) Барлық, түгел, ерін.

11. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Асау, жуас. В) Аз, көп. С) Мықты, берік. Д) Жоқ, бар. Е) Мықты, бос.

12. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көлемі, аумағы. В) Жер, аспан. С) Бес, он. Д) Үлкен, кіші. Е) Тұр, отыр.

13. «Аспан» сөзінің синонимдерін көрсетіңіз.

А) Көк, әуе В) Күн, планета С) Дала, жұлдыз, ай Д) Ғарыш, әлем Е) Көгілдір, ашық

14. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А)Шығыс, кіріс. В)Қорқақ, батыр. С)Қорқыныш, үрей. Д)Кездесу, көріспеу. Е)Шың, шыңырау.

15. Синоним сөздерді табыңыз.

Елтаңбасы елімнің

Неткен сұлу, әдемі!

А) Неткен әдемі. В) Елтаңбасы елімнің. С) Сұлу, әдемі. Д) Неткен сұлу. Е) Елімнің елтаңбасы.

16. Синонимнің анықтамасын белгілеңіз.

А) Айтылуы әр түрлі, мағынасы бір. В) Айтылуы бір, мағынасы әр түрлі. С) Тура мағыналы.

Д) Мағынасы қарама-қарсы сөздер. Е) Ауыспалы мағыналы.

17. «Дәулет» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Аз. В) Қас. С) Үлкен. Д) Бас. Е) Байлық.

18. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Мұғалім, ұстаз, оқытушы. В) Әдемі, сұлу, алтын. С) Тақта, орындық , бүгін.

Д) Қараша, қабат, үй. Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.

19. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Сұлу, бай, байтақ В) Ұлаң-байтақ , кең, ұлаң-ғайыр С) Жақын, шалғай, биік

Д) Алыс, үлкен, кең Е) Таза, терең, мөлдір

20. «Апта» сөзінің синонимін көрсетіңіз.

А) Жеті күн, жұма В) Кешке, түнде С) Уақыт, ай, күн Д) Ғасыр, дәуір Е) Кеше, бүгін

21. «Билеушілер» деген мағынаны білдіретін синонимдерді белгілеңіз.

А) Көсем, бедел, ерік. В) Шаруа, жұмысшы. С) Хан, патша, сұлтан. Д) Малшы, егінші.

Е) Батыр, би, әскер.

22. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Орташа, қысқаша В) Арық, толық С) Көңілді, үнемді Д) Жарық, ашық Е) Ақылды, есті

23. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Жәрдем, көмек, қолғабыс В) Халық, дәстүр, тарих С) Әділ, ақыл, білім Д) Арық, толық

Е) Парыз, жалақы, қайырым

24. «Уақыт сөзіне синонимдес қатарды табыңыз.

А) Мезгіл, кезең. В) Тиімді, пайдалы. С) Күшті, мықты. Д) Күрес, арпалыс. Е) Әдемі, көркем.

25. «Тілге бай» сөз тіркесінің синонимін табыңыз.

А) Сөзге жоқ. В) Шешен. С) Тілге кедей. Д) Сөзге шорқақ. Е) Сөзге кедей.

Синонимдер.

2-нұсқа.


1. Синонимдер қатарын табыңыз.

А) Түбіне-басына. В) Бірінші-алғашқы. С) Пікір-саяхат. Д)Баянды-сіңірген. Е)Белгілі-белгісіз.

2. «Бетінен оты шығу» фразеологизмінің синонимін табыңыз.

А) Тез. В) Қорқақ . С) Ұялу. Д) Жылдам. Е) Жоғалу.

3. «Қоян жүрек»фразеологизмінің синонимін табыңыз.

А) Жақсы. В) Жақын. С) Кішкентай. Д) Қорқақ. Е) Үлкен.

4. Синоним емес қатарды көрсетіңіз.

А) Сабырлы, ұстамды. В) Жуас, момын. С) Бет, жүз. Д) Аласа, биік. Е) Нәрсе, зат.

5. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Көрікті. В) Атақты. С) Ақылды. Д) Белгілі. Е) Көп.

6. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Менен, жетеу. В) Көркем, сұлу, көрікті. С) Қыс, жаз, күз, көктем. Д) Сырмақ , шекпен, алаша. Е) Сөк, түс, көз.

7. Синоним сөздердің тізбесін көрсетіңіз.

А) Ат, есім. В) Адал, арам, азат. С) Жетім, жесір, жігіт. Д) Ту, жалау, елтаңба. Е) Алаң, ал, алды.

8. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А)Туылу, дүниеге келу. В)Терең, саяз. С)Жүрек, сезім. Д)Ортаншы, кіші. Е)Таразы, тартылу.

9. Синоним сөздер тізбегін көрсетіңіз.

А) Төңірек, құрбы, мінез. В) Пысық , үлкен, ынта. С) Арман, асыл, әрең. Д) Ескі, көне, ежелгі.

Е) Жайдары, құрғақ , ақырын.

10. Синонимді анықтаңыз.

А) Ұқыпты-тиянақты. В) Үлкен-кішкентай. С) Сары-жасыл. Д) Жарық-қараңғы. Е) Саусақ-қол.

11. «Адам» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Ағайын. В) Құда. С) Құдаша. Д) Кісі. Е) Құдағи.

12. Синонимді табыңыз.

А) Сыйлау-құрметтеу. В) Әке-шеше. С) Өлім-өмір. Д) Ақ-қара. Е) Отан-отаншыл.

13. «Мөлдір» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Әдемі. В) Жуан. С) Тұнық . Д) Үлкен. Е) Тәтті.

14. Синоним сөзді көрсетіңіз.

А) Шын, өтірік. В) Жаңбыр, дауыл. С) Қарулы, нашар. Д) Оқулық , оқушы. Е) Құнды, бағалы.

15. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Ақылдасу, кеңесу. В) Алды-арты. С) Жүзік, алқа. Д) Бала, туыс. Е) Қой, ешкі.

16.Синоним емес қатарды көрсетіңіз.

А) Ағайын, туыс. В) Ар, ұят. С) Атақ , даңқ . Д) Жақын, алыс. Е) Арам, харам.

17.Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) орақ ,балға, балта. В) қулық , сұмдық , арамдық . С) қол, аяқ , саусақ . Д) ажар, өң, келбет, сақал. Е) жауынгер, қорқақ , қаһарман.

18. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Терең, таяз. В) Қара, бурыл. С) Бас, қол. Д) Заман, намаз. Е) Бет, жүз.

19. «Ұлаң-байтақ» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Кең, ұлан-ғайыр. В) Жақын, тар, ұзын. С) Басқа, шалғай, шалқар. Д) Шетсіз, қиыр-шығыс, алыс. Е) Ұзақ , алыс, шалғай.

20. Артық сөзі бар синонимдік қатарды белгілеңіз.

А) Жиналыс, мәжіліс. В) Сұлу, әдемі, әсем. С) Мезгіл, уақыт, рет. Д) Күрес, арпалыс, тартыс.

Е) Тиімді, пйдалы, қажетті.

21.Синоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жылдам, тез. В) Ауру, сау. С) Дос, қас. Д) Бас, аяқ . Е) Жақсы, жаман.

22. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Шәкірт, оқушы. В) Қараша, қабат, үй. С) Әдемі, сұлу, алтын. Д) Тақта, орындық , бүгін.

Е) Сынып, оқу бөлмесі, бірінші.

23. «Қайратты» сөзіне синонимдес қатарды табыңыз.

А) Мезгіл, кезең. В) Тиімді, пайдалы. С) Күшті, мықты. Д) Күрес, арпалыс. Е) Әдемі, көркем.

24. «Толық» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Қызық. В) Жіңішке. С) Жуан . Д) Үлкен. Е) Тәтті.

25.Синоним болатын сөз қатарын белгілеңіз.

А) Көп, мол. В) Жаман, тартымды. С) Кең, жуық . Д) Қызық , сұлу. Е) Биік, аласа.

Антонимдер.

1- нұсқа.

1. Антоним нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Мағыналары бір-біріне жуық сөздер. В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.

С) Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа. Д) Сөйлемді зерттейтін тіл білімінің саласы.

Е) Сөздің дыбыстық бірлігі.

2. «Артық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) аз В) толық С) кем Д) оңай Е) ұсақ

3. Антонимдер бар сөйлемді табыңыз.

А) Ол күрделі жөндеуден өткізілді. В) Үлкенінде ет, кішісінде жеңіл тағам әзірленген. С) Ақын өмірі, шығармашылығы берілген. Д) Оның терезесі шығысқа қараған. Е) Екі қазан орнатылған.

4. Антоним сөзді табыңыз.

А) Қағаз-көмір. В) Ту-жалау. С) Оқушы-шәкірт. Д) Биік-аласа. Е) Ақ-ағаш.

5. «Жоғары» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) төмен В) ұсақ С) аласа Д) кішкентай Е) қысқа

6. «Кеңейту» сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) Тарылту. В) Дамыту. С) Нығайту. Д) Таныту. Е) Қолдау.

7. Антонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Қасқыр, түлкі В)Шығарды, отырды С) Шаңғы, боран Д)Сүйкек, асық Е)Басталды, аяқталды

8. «Қысқа» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) биік В) кең С) ұзын Д) тап Е) аласа

9. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жанды, сөнді. В) Қасиетті, құрметті. С) Үлкен, ұзақ. Д) Әдемі, сұлу. Е) Жаны, қасы.

10. «Батыс» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Дөңгелек. В) Орталық. С) Шығыс. Д) Оңтүстік. Е) Солтүстік.

11. «Арзан» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Тегін В) Қымбат С) Биік Д) Терең Е) Алыс

12. «Мықты» сөзінің антонимін көрсет.

А) кішкентай В) жеңіл С) әлсіз Д) ұсақ Е) аз

13. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Байтақ, кең. В) Дейін, шейін. С) Бәрі, түгел. Д) Көлемі, аумағы. Е) Таулы, жазық..

14. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Биік, үлкен. В) Биіктен түсті. С) Келе жатыр. Д) Мектеп, дала. Е) Қате, дұрыс.

15. «Жиі» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Кішкентай. В) Аз. С) Сирек. Д) Ұсақ. Е) Қиын.

16. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Мектеп, сабақ. В) Асхана, мұражай. С) Салт, дәстүр. Д) Ата, әке. Е) Үлкен, кіші.

17. «Қой аузынан шөп алмас» фразеологиялық тіркесінің антонимін табыңыз.

А) Тентек. В) Момын. С) Жайлы. Д) Нәзік. Е) Баяу.

18. Антоним сөзді табыңыз.

А) Көмектесіп жүр. В) Шапшаң, жылдам. С) Соғыс, бейбітшілік. Д) Алысқа кетті.

Е) Шаршап-шалдығу.

19. «Алға» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) алыс В) кең С) артқа Д) төменге Е) жоғары

20. «Дұшпан» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Дос. В) Жер. С) Жау. Д) Адам. Е) Ер.

21. Антоним сөздерді белгілеңіз.

А) Ежелгі, мекен В) Тұрғын, өнер С) Ескерткіш, қоршау Д) Күмбез, ғимарат Е) Келді, кетті

22. «Табу» сөзінің антонимін көрсетіңіз

А) Бар В) Пайда болу С) Әкелу Д) Әкету Е) Жоғалту

23. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көйлек-көншек В) Қисық-қыңыр С) Тамаша-әдемі Д) Шағын-ірі Е) Жоғары-биік

24. «Қиын» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Ұзақ. В) Жақсы. С) Оңай. Д) Аудар. Е) Көн.

25. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жер аттары. В) Жалшы-жақыбай. С) Таласа-тармаса. Д) Тәтті-ащы. Е) Жер-жаһан.

Антонимдер.

2-нұсқа.


1. Аласа сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Әдемі. В) Жақсы. С) Таза. Д) Биік. Е) Төмен.

2. «Дос» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) жігіт В) бөтен С) батыр Д) қас Е) көрші

3. Антонимдік жұпты табыңыз.

А) Өте-мол. В) Әдемі-әсем. С) Шаш-бас. Д) Үлкен-кіші. Е) Кітап-қалам.

4. Антонимдерді табыңыз.

А) Әдемі-сұлу. В) Жазалау-тексеру. С) Ақ-көк. Д) Ақымақ-ақылды. Е) Биік-жоғары.

5. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Жылдам, ақырын. В) Сұлу, әдемі. С) Алғаш, тұңғыш. Д) Көзі, мұрны. Е) Қыздар, әйелдер.

6. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көрші-көлем. В) Жұт-жұрт. С) Соғыс-бейбітшілік. Д) Арман-мұрат. Е) Салт-дәстүр.

7. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Көктем, жаз. В) Жақсы, жаман. С) Өте, тым. Д) Оқушы, бала. Е) Мектеп, қала.

8. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Мектеп, сабақ. В) Асхана, мұражай. С) Таза, кір. Д) Салт, дәстүр. Е) Ата, әке.

9. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз.

А) Антоним. В) Көп мағыналы. С) Фразеологизм. Д) Синоним. Е) Омоним.

10. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Шын, рас. В) Жас, кәрі. С) Тұлға, бейне. Д) Ақымақ, есер. Е) Есім, ат.

11. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Алды-арты. В) Ту-жалау. С) Ақ-ағаш. Д) Қалам-көмір. Е) Оқушы-шәкірт.

12. «Шық» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Кір. В) Жаман. С) Бар. Д) Жоқ. Е) Кіші.

13. Антоним сөздерді табыңыз:

А) Аш, жап. В) Кілтпен ашты. С) Әдепті бала. Д) Әдейі, арнайы. Е) Қалаға барды.

14. Антонимдер қатарын анықтаңыз.

А) Ескі-жаңа, жарық-қараңғы. В) Қысқа-келте, қызыл-жасыл. С) Ыстық-жылы, жылы-жұмсақ .

Д) Көру-қарау, есту-ұғу. Е) Салқын-суық , ұзын-байтақ .

15. «Жаңару» сөзінің антонимін табыңыз.

А) Молаю. В) Ескеру. С) Түн. Д) Көпшілік. Е) Азшылық .

16.Антонимдерді табыңыз.

А) Ит өлген жер-таяқ тастам жер. В) Іші жылу-көз жұму. С) Бетінен оты шығу-жүрегі жарылу.

Д) Бетінен қақпау-көз ілмеу. Е) Өлердегі сөзін айту-екі көзі төрт болу.

17. Антонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Еңбек түбі береке. В) Ерлік білекте емес, жүректе. С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Д) Көз-қорқақ , қол-батыр. Е) Балықшы балықшыны алыстан көреді.

18.Антоним сөздерді табыңыз.

А) Үлгі-өнеге. В) Ілгерінді-кейінді. С) Шеше-ене. Д) Шаншу-түйреу. Е) Хабар-дерек.

19.Антонимдерді табыңыз.

А) Алыс пен жақынды жүрген біледі. В) Сабақ өте қызық өтті. С) Қарағанды-өндірісті қала.

Д) Көктемде күн жылынады. Е) Кітап – білім бұлағы.

20. Антонимді табыңыз.

А) Үйір-табын. В) Арсыз-әдепсіз. С) Жина-шаш. Д) Жүрдім-бардым. Е) Шұғыл-жедел.

21. Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Шыбын-шіркей. В) Бұлғақтау-бұраландау. С) Көктем-жазғытұры. Д) Аштық-тоқтық .

Е) Аға-әке.

22. Антонимді табыңыз.

А) Дос-жолдас. В) Ақ-қызыл. С) Бұзу-жөндеу. Д) Көп-қыруар. Е) Халайық-әлеумет.

23. Антоним сөздерді табыңыз.

А) Жомарт-сараң. В) Нәтижелі-жемісті. С) Соқтығыс-қақтығыс. Д) Жоламау-жуымау.

Е) Маңдай алды-бетке ұстар.

24. «Көзі ашық» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Елгезек. В) Білімді. С) Оқыған. Д) Аңқау. Е) Надан.

25. Антоним қай сөз табынан жасалған, дұрысын көрсетіңіз.

Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.

А) Етістік. В) Сын есім. С) Үстеу. Д) Есімдік. Е) Зат есім.


Мақал-мәтелдер.

1- нұсқа.

1. Мақалды аяқтаңыз. Тау мен тасты ... бұзады, адамзатты сөз бұзады.

А) Көңіл. В) Мұз. С) Ой. Д) Шөп. Е) Су.

2. Шешендік сөзді аяқтаңыз.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшы болмаса, ...

А) Ел жетім. В) Тау жетім. С) Жол жетім. Д) Күн жетім. Е) Сөз жетім.

3. Мақалды толықтырыңыз.

... тас жарады, тас жармаса бас жарады.

А) Тіс. В) Қол. С) Бас. Д) Көз. Е) Тіл.

4. Мақалды табыңыз.

А) Ғылым-теңіз, білім-қайық. В) Ғылым адамды биіктетеді. С) Ғылым шыңдайды.

Д) Ғалым ғылыммен айналысты. Е) Ол-әйгілі, білімді ғалым.

5. Мақалды толықтырыңыз. Өнер алды- ... тіл.

А) Ақ. В) Қызыл. С) Жасыл. Д) Көк. Е) Қара.

6. Туған жер туралы мақалды белгілеңіз.

А) Ұят-адамның өз бойындағы адамшылығы. В) Тіл қылыштан өткір. С) Әке-балаға сыншы.

Д) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді. Е) Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

7. Мақалды аяқтаңыз. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның ... .

А) Тіленбей. В) Сұранбай. С) Жыланбай. Д) Ойланбай. Е) Білінбей.

8. Мәтелдің жалғасын табыңыз. Сегіз қырлы, бір ...

А) өнерлі В) сырлы С) жырлы Д) ақылды Е) үлкен

9. Отан тақырыбындағы мақалды табыңыз.

А) Тәрбие басы - тіл. В) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. С) Ғылым - теңіз.

Д) Еңбек түбі – зейнет. Е) Кітап – тілсіз мұғалім.

10. Мақалды толықтырыңыз.

... ұстадан нұсқа.

А) Ұшқыш В) Азамат С) Дәрігер Д) Ұста Е) Шебер

11. Білім кілті-тіл.

Мәтелдің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.

А) Знание-ключ к языку. В) Язык и знание-сила. С) Знание-сила. Д) Люби и береги свой язык. Е) Язык-ключ к знаниям.

12. Мына мақалды аяқтаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет