Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі


Шығыс жалғаулы сөз тіркестері



бет4/4
Дата31.03.2024
өлшемі4,33 Mb.
#200395
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
синтаксис. меңгеру (1)

Шығыс жалғаулы сөз тіркестері.
Етістікті сөз тіркестерінің жиі ұшырайтын ендігі бір түрі - шығыс жалғаулы есімдер мен етістіктер тобы. Мұнда да жалғаулы есімдерді етістіктер меңгеріп, солардың байланысынан толықтауыштық және пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері жасалады.
Толықтауыштық қызметте жұмсалатын шығыс жалғаулы сөз тіркестерінің мағыналары, негізінде, мынадай болады.
Заттың басқа заттар істелу тегін білдіреді. Мыс: Тастан жер ошақ жасап, май қайнаттым.
Мағлұматтың, әрекеттің шығу көзін білдіреді. Мысалы: Жүсіп оның жайын Күншеден сұрап білді. Жұмыскерлер Ереминнен естігенін айтты.
Шығыс жалғаулы зат есімдер айрылу, құтылу, айығу, жазылу, қашу, тазарту, безу сияқты етістіктермен тіркесіп, бірдеңеден арылу, құтылу мағынасында жұмсалады. Мысалы: аурудан айығу, бәледен құтылу, жамандықтан қашу.
Көмектес жалғаулы сөз тіркестері. Сабақты және кейбір салт етістіктер көмектес жалғаулы есімдерді меңгеру арқылы сөз тіркесінің үлкен бір тобын құрайды. Көмектес жалғаулы есімдер етістіктерге меңгерілу арқылы объектілік және пысықтауышты қатынастарда, түрлі - түрлі мағынада жұмсалады.
Объектілік қатынастағы сөз тіркестері:
1. Құралдық. Мыс: Хамит ұстарамен шашын тегіс қырғызған басын, мойнын жуып, орамалмен бет-қолын сүртіп, мойнын ыспалап тұрды.
2. Материалдық. Мыс: Оның қабырғасы күрең түсті былғарымен қапталған.
3. Заттық. Мыс: Халық ұжданын етпен де, алтынмен де сатып ала алмайсың.
4. Бірлестік. Мыс: Кузнецов Асқармен тез танысты.
Ортақ басыңқылы сөз тіркесі - сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөздерден, етістіктерден тұрады. Мысалы: сөйлегенін мақұл көрді, айтқанын дұрыс көрді, жиырма күн мөлшерінде оралды.
Пайдаланған әдебиеттер:
  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 .
  • Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі|Аблақов Ә., Исаев С., Ағманов Е., Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің дамуы мен лексикалану процесі, А.,1997.
  • Жай сөйлем синтаксисі|Әмір Р., Әмірова Ж., Жай сөйлем синтаксисі, А., 1998.
  • Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 .
  • М. Балақаев “Қазіргі қазақ тілі”, Алматы “Ана тілі” 1992.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет