Мәңгілік ел
Мәңгілік ел – ата бабамыздың тәуелсіздіктен кейін арманы. Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып ұлттық бірлік пен қоғамдық болып табылады. Ал, бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» идеясында көрініс тапқан.Мәңгілік ел болу үшін біз алдымен еліміздің тәуелсіздігін сақтап елдігімізді нығайту қажет.Бұл басты мақсат.Елбасымыз болашаққа көз тігіп елімізді «Мәңгілік ел» қылуға бар үлесін қосты.
Бүгінде бізді «Мәңгілік Ел» құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбекқорлық, адалдық, оқымыстылық, толеранттық пен патриотизм біріктіреді. Шындығында, бірлігі мықты, еңбекқор-тату елдің қашанда ырзығы мол. Еліміз осындай баға жетпес байлығы – татулығымен мақтана алады.Оған дәлел ретінде біз еліміздің көп ұлттығын айта аламыз.Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады.Және бұл татулықты сақтау өз қолымызда.
Иә, Ендігі күні біздің мәңгілік ел екенімізді бүкіл әлем мойындады. Біз енді тар жол, тайғақ кешулерден өттік. Жеріміздің кеңдігіндей көңілі кең дархан «қазақ» деген халықпыз. Мемлекетіміздің берік іргетасын қалаған, тәуелсіздігімізді алған, тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарай білетін, дербес те тәуелсіз ұлтпыз. Алда да солай бола береді. Асанқайғының армандаған «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»заманы қазақтың басына енді туды. Ол - «Тәуелсіздік». Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Ол арман –Мәңгілік ел. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған Астана қаламызды тұрғыздық. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Көз қарашығымздай сақтау мәңгі мұратымыз!
Қазақстан 2050 -мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы,ең мәртебелі жол.Осы жолдан айнымайық,сүйікті халқым!Әрбір күніміз мерекелі,әрбір ісіміз берекелі болсын!Дамуымыз жедел,келешегіміз келмел болсын!Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,жасай берсін,елдігіміз мәңгілік -деді мемлекет басшысы.