Мәңгілік ел ұлттық идея аясындағы болашақ мамандарды тәрбиелеу Орындаған: Бақытжан Б



Дата18.10.2022
өлшемі151,51 Kb.
#153638

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті

Мәңгілік ел ұлттық идея аясындағы болашақ мамандарды тәрбиелеу

Орындаған: Бақытжан Б.

Қарағанды 2019

1. Болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру моделі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының маңызды құрамдас бөліктері негізінде түзілуі тиіс: а) этнос қалыптастырушы – тұлғаның этникалық барабарлығы мен этникалық әлеуметтенуіне бағытталған; б) азаматтық – тұлғаның азаматтық барабарлығына бағытталған; в) жалпыұлттық – болашақ маман тұлғасының зияткерлік және бәсекеге қабілеттілік сапаларын дамытуға бағытталған. Болашақ мамандар үшін (мемлекет құрушы ұлт өкілдері үшін) ұлттық сана-сезімнің үздіксіз дамуы олардың ұлттық мәдениетпен етене бірлікте тіршілік етіп, ұлттық және жалпыадамдық құндылықтарға иек артуын қажет етеді.

Тұлғаның этникалық барабарлығы, этникалық әлеуметтенуі деңгейінде болашақ маманның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру ана тілін үйрену, қазақ халқының тарихымен, рухани және материалдық мәдениетімен, оның ұлттық дінімен, дүниетаным ерекшеліктерімен, салт-дәстүрімен, құндылықтар бағдарымен танысу және оларды іс жүзінде басшылыққа алу арқылы жүзеге асуы тиіс.

Болашақ маманның ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер: қазақ халқының, Қазақстанның біртұтас халқының өзіндік тарихы мен ұлттық мәдениет ерекшеліктері туралы білім мен көзқарас-пайымдарды игеру кезеңі; эмоционалдық сезім-күйді бастан кешіру кезеңі (Отанды сүю мен жерге деген қимастық сезімінің қалыптасуы, ұлттық мақтаныш сезімі, атамекен тағдырына жауапкершілік); қазақ халқына, Қазақстан халқына хас ұлттық мәдениет құндылықтарын, дәстүрлерін сақтауға бағытталған этносхема мен қалаулы әрекеттер этномоделінің түзілу кезеңі.

2. Мемлекет құрушы ұлт өкілдері үшін де, өзге ұлт өкілдері үшін де тұлғаның азаматтық барабарлығы деңгейінде болашақ маманның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру Қазақстанның «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы...» деген сөздермен басталатын Негізгі Заңының кіріспесіне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Қазақстан осында өмір сүретін барша адамдардың, түрлі ұлттар мен дін өкілдерінің отанына айналды. Оларды ортақ тарихи тағдыр біріктіреді. Мемлекет құрушы этностың рухани дүниесі мен ділін түсінуге, тілі мен салт-дәстүрін, тарихы мен тұтастай ұлттық мәдениетін білуге негізделген өзара сыйластық сезімінен артық еш нәрсе де әртүрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіре алмайды.

3. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының үшінші құрамдас бөлігі деңгейінде болашақ маманның ұлттық сана-сезімін қалыптастыру «МЕН – БІЗ – БАРШАМЫЗ –БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЗИЯТКЕР ҰЛТПЫЗ» сынды феномендік барабарлыққа бағытталуы тиіс.

Мұндай көзқарас тұрғысынан зерделегенде, этникалық барабарлық (МЕН) пен азаматтық барабарлықтан (БІЗ) бәсекеге қабілетті зияткер ұлтқа (БАРШАМЫЗ) бағыт алған қозғалыс Қазақстан Мемлекеті болашақ маманының ұлттық сана-сезімін, ұлттық рухын, азаматтығын, патриоттығы мен әлеуметтік белсенділігін қалыптастырудың негізгі даму вектор болып табылады. Бұл – Қазақстанның өркениетті даму жолы. Бұл – еліміз тәуелсіздік алған күннен бергі уақытта жарияланған барлық стратегиялық ұлттық жобалардың, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 10 Жолдауларының негізгі өзегіне айналған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының даму жолы.

«Біз өзіміздің тілімізді, дінімізді, жеке бас ерекшелігімізбен сақтай аламыз және біз осы рухпен біздің жастарды тәрбиелеуіміз тиіс». Н.Ә. Назарбаев



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет