Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет16/245
Дата08.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#122335
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   245
Байланысты:
оқу сауаттылығы

20.Мәтінде жауабы жоқ сұрақ 
A.
Есім ханның баласы - Жәңгірді босатуға кімдер аттанады? 
B.
Ат суғара келген Ағынтай кімді ұстап алады? 
C.
Қарасай қайда жерленген? 
D.
Жәңгір қалмақ түтқынында неше жыл болды? 
E.
Қарасай мен Ағынтай батырдың достығы туралы кімдер жазған? 
1203- нұсқа 
2-мәтін 
Құс баптауға қажетті жабдықтар 
1.Құмай жүгіртіп, құс салу - ата-бабамыздан аманат болып қалған асыл өнер. 
Аушы құстарды баулитын қазақ құсбегілері оған қажетті жабдықтарды да 


өздері дайындап алған. Дана бабаларымыз ұрпағына құс баптаудың қыр- 
сырымен бірге оған қажетті құрал-жабдықтарды жасауды да үйретіп отырған. 
2.Шырға - құсты қолға, аңға түсуге баулығанға қолданылатын аңның жасанды 
бейнесі. Шырға сөзі «айла, шырғалау, айласын асырып алдау» деген мағына 
береді. Оның тұлып, кеп, шырға, далбай деген бір-біріне ұқсас түрлері бар. 
Қүстың қанаты, түлкі құйрығы, қоян терісі сияқты кептірген заттарды 
бұлғақтатып сүйреп, тәжірибесіз жас балапанға алдыратын түрі «далбай» 
аталады. Ал құс пен түлкі, қоян тәрізді аңның терілерін бітеу сойып, ішіне шөп, 
сабан тыққан түрін «кеп» дейді. Кең таралған түрі — ішіне жұмсақ жүн, шөп 
кептеп, бас бейнесіне түлкі, қасқыр, қарсақтың біреуінің құлағын салып
түлкінің құйрығын тағып, түлкіге ұқсатып жасағаны - «шырға». Шырғаның 
тұмсығынан бүлдірге шығарып, оған жіңішке шыжым бау тағып, атпен немесе 
жаяулап та іркіп тартып сүйретеді, яғни «шырға тартады». Оны көріп қызыққан 
құс келіп түскенде, құстың аяғына түсірмей, жіпті оңды-солды тартып, 
бұлталақтатып, сілкіп тартып әрекет етеді. Оны ұстауға әдіс іздеген балапан құс 
аң аулауға машықтанады. ¥стап бас салған кезде кұсқа иесі аздап жасырын жем 
алып, сол шырғаның еті тәрізді етіп, үстінен жұлғызып жегізеді. Уақыт өте келе 
тірі құсқа, қоянға, аузы байланған, аяғы шідерленген жыртқышқа түсіріп 
баулыйды. Шырғаның бұл түрі «тірі» аталады. 
3.Құсты шырғалап қолға түсіру үшін де «тірі» пайдаланады. Оған кез келген құс - 
тазқара, тоғысай, сауысқан кейде қоян да байланады. Құрылған торға 
жоғарыдан жемге шүйліккен құс келіп түседі. 
Шырғаны шыжым бауға орап, ердің қанжығасына байлап алып жүреді. Сондай-
ақ адасып, айырылып қалған құсты қайтару үшін де шырға сүйретіп іздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет