2416 – Нұсқа 1 мәтін Қауын - ыстыққа төзімді, жарықсүйгіш, шөлге шыдамды, біржылдық өсімдік. Қауын 25-
30°С температурада жақсы өседі. Қауынның кұрамында қант, А, Р, С дәрумендері, аскорбин
қышқылдары, темірдің минералды түздары, калий, натрий және фруктоза, сахароза, глюкоза
көміртектері бар. Дәрумендер мен қант құрамы бойынша қауын тіпті қарбыздан да асып
кетеді. Жаздың ыстық күндері шөлді жақсы басады.
Қазақстанда қауынның 22 аудандастырылған түрі егіледі. Жемістері қайта өңделген күйде
кеңінен қолданылады. Қауыннан бал, цукаттар, тосап, мармелад дайындайды. Оларды
кептіреді және қақтайды. Қақталған қауындарды «қауынқақ» деп атайды, олар ұзақ уақыт
бойы сақталады. Дәндерінен жоғары сапалы тағамдық май өндіреді.
1. Қауын дәнінен не дайындалады?
A) Қант түрлері B) Тәтті өнімдері C) Май өнімдері D) Түрлі дәрумендер
E) Қауынқақтар
2. Бірінші азатжолда не туралы айтылған?
A) Қауынды баптау туралы B) Қауынның адам денсаулығына пайдасы туралы
C) Қауынның түрлері туралы D) Қауынның адам денсаулығына зияны туралы
E) Қауыннан жасалатын тағамдар туралы