Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


 -  мәтін  Ұрпақ заманынан озбаса



Pdf көрінісі
бет144/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   250
2 -  мәтін 
Ұрпақ заманынан озбаса... 
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін. 
Бірде ол әкесінен: 

Әке,  неге  осы  ат  жүргенде  алдыңғы  аяқтары  басқан  ізінен  артқы  аяқтарының  басқан  ізі 
асып түседі? - деп сүрады. Әкесі: 

Балам,  ол  солай.  Алдыңғы  аяқтары  басқан  ізден  артқы  аяқтары  басқан  ізі  озып  түсіп 
отыратыи қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек, 
сенен  де  бір  ақылды  адам  шығар.  Ол  тағы;  Бұрын  шыққан  құлақтан  кейін  шыққан  мүйіз 
озатынының да белгісі, - деді. 
Бала: 

Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге?- деп сұрады әкесінен. Әкесі: 
-Иә,  балам.  Мәселен,  құлақ  туа  бітеді.  Ал  мүйіз  болса  малдың  төлі  туғанда  болмайды.  Кейін, 
үлкейе  келе,  біртіндеп  өсе  келе  құлақтан  да  озып,  ұзарып  кетеді.  Өзің  қарашы,  ана  ала 
тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір 
айдан кейін мүйіз шыға бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып өседі. 
Сен  ақылдысың.  Демек,  Ақбақайдың  артқы  аяғы  алдыңғы  аяғынан  озып  түскеніндей,  ала 
тайыншаның  туғанда  жоқ  мүйізінің  туғанда  бар  құлағынан  асқанындай,  сен  де  үлкейгенде 
қатарыңнан  озасың,  балам.  Олай  етпесең,  сенің  менен  туған  ұрпақ  болғаның  қане?  Ұрпақ 
заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, - деді әкесі. 
 
3.  Баланың әкесіне қатысты сипаттама 
A)  Сабырлы 
B)  Көңілді 
C)  Адал 
D)  Сымбатгы 
E)  Еңбекқор 
4.  Әкесі неге риза болды? 
A)  Жақсы мысал табылғанына     B) Баласының аттың сырын білетіндігіне 
C)  Баласына орынды ақыл айтқанына     D) 
Баласының білімпаздығына 
E)  Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына 
5.  Әкесінің  «Ұрпақ  заманынан  озбаса,  қатарынан  озбағаны  да.  Мен  сенің  менен  озғаныңды 
қалаймын» деген сөзінің мағынасы 
A)  Қатарынан қалмай өссін дегені    
B)  Ақылы жасына сай болсын дегені. 
C)  Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені. 
D)  Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені. 
E)  Өнер, білім таңдауда абай бол дегені.  
 
 
6.  Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал 
A)  Шешінген судан тайынбас.        B) 
Жақсы бала - әкеге құт. 
C)  Тілі тәтті - көңілі қатты.      D)  Күш атасын танымас. 
E)  Талайлымен таласпа.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет