Бір шымшым.
Аты айтып тұр. Сұқ саусақ пен бас бармақты бүрістіріп шымшып,
ұшына ілгенің — бір шымшым. Бір шөкім — алақанның бетінде шашып
алмай
ұстап тұратындай құмдауыт заттың өлшемі (тұз, бұрыш, топырақ, т.с.с.).
Құрақ көрпе сияқты, тұрмыстық мәдениеттің шедеврі бар халықта өлшем бірлік
үшін оймақтың қолданылмауы мүмкін емес. Ендеше қазіргі «оймақтай ой»
деген
тіркестің мәнінде аса дәл өлшем жатыр. Бұған қоса, сұлының бидайындай ғана
«тырнақтай» деген де өлшем болған. Көбірек алу үшін бас бармағыңыздың
тырнағын сайламай-ақ қойыңыз, біздегі деректер - тек
шынашақтың тырнағын
ғана, ал кейбіреулер тіпті - торғайдың тырнағын айтқан дейді.
Далалитр мен далакуб.
Көлемді өлшемей тірлік жоқ. Ендеше,
еуропалықтардағыдай орталықтандырылған өлшем жүйесі болмағанымен, кез
келген қазақтың үйінен табылатын қарапайым затты эталон қылу арқылы,
даланың о шеті мен бұ шетінде біршама бірдей көлемдік жүйе қалыптасқан.
Саба десе қымыз дейсіздер бірден. Ендеше сол саба - шамамен 25 литрге тең
болған. Әдетте жылқының терісінен тігілген үлкен торсық. Соның арасында
бізге «бірқұлақ су» деген көлемдік бірлік құпия боп қалып отыр. Қазіргіше - 4
текшеметр. Құпиясы сол: онымен не өлшеген?
Ал ең қызық өлшем бірлік ол - шүйке. Шүйке деп әдетте қолды
бір салғанда
жұлып алатын түйенің шудасын әлде ешкінің түбітін айтады. Қызық деп
отырғанымыз: ол салмақты да, көлемді де білдіруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: