1201-нұсқа
1-мәтін
Әлем кереметтерінің ең ежелгісі де, әрі біздің бүгінгі дәуірімізге жеткені де -
Мысыр пирамидалары. Пирамидалар Нілдің солтүстік батыс жағалауында
салынды. Пирамидалардың ең көнесі - 5000 жыл бұрын тұрғызылған Джосер
пирамидасы. Сәулетшісі ежелгі Египетте дәрігерлік, философиялық және
ғылыми еңбектерімен танылған Имхотеп атты шебер еді. Джосер пирамидасы -
көп сатылы құрылыс. Сансыз басқыштар арқылы аспанға өрлей береді. Мүның
идеясы перғауындардың жердегі қарапайым халықтан биік, қүдіретті екенін бар
әлемге паш ету еді. Қаншама қажырлы еңбек пен адам өмірі жұмсалған бұл
құрылыс Хеопс, Хефрен және Микрен пирамидаларымен жалғасын тапты.
Көлемі жағынан ең үлкен пирамида - Хеопс пирамидасы. Бүкіл жиған- тергеніне
көзінің тірісінде Хеопс перғауын 20 жыл ішінде осы пирамиданы салдырды.
Достарыңызбен бөлісу: