Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке - отбасы мүшелерінің
тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым- қатынасы, өнері, білімі - ұл баланың көз алдындағы
үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі
немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайтыны сондықтан.
«Әкеге карап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке - бәйтерек, бала — жапырақ», «Ата -
балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды.
2.
Ергеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде калыптасқан, бала
тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының
өрескел мінез-қылықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған.
Осындай ұлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде
ұлттың тағдырын ойлайтыны анық.
3.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені
баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай
сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.
4.
Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылык құндылыктарды, ұлттық тәлім-тәрбиені
дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.
3.
Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?
1.
Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағының жағдайына әсер етеді.
2.
Қазақта өрескел мінез-құлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған.
3 . Ұлттық тәрбие - отбасылық құндылықтардың бастауы.
A)
Үшеуіде
B)
Бірінші мен үшіншісі
C)
Екінші
D)
Тек үшіншісі
E)
Бірінші
4.
Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты А)
Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануы
B)