С)Қарағайда қырық бұтақ,
Біреуі ғана қамшыға сап.
D)Еңбек түбі - зейнет.
Е)Сақырлаған аязда сары қамыс панала.
11.Шаңғының бірінші түрін пайдалану қолайсыз болған
A.
Қара суықта
B.
Қатқан қарда
C.
Қасат қарда
D.
Сүр қарда
E.
Жаңа түскен қарда
12.Мәтінде жауабы жоқ сұрақ
A.
Қазақ шаңғысының бірінші түрі неден жасалған?
B.
Шаңғы жасауда жылқының терісін таңдау себебі неде?
C.
Қабырға шаңғының кең қолданылмау себебі неде?
D.
Ағаш шаңғы қай ағаштан жасалған?
E.
Қабырға шаңғы неліктен кең қолданылған?
1205-нұсқа
2-мәтін
Біздің көшпенді бабаларымыздың тіршілігі
жылқымен тығыз байланысты
болғаны тарихтан белгілі. Олардың өмірінде жылқы аса маңызды рөл атқарып,
жауынгершілік заманда сенімді серігіне баланды.
Ерте замандарда Орта Азияны
мекендеген көшпенділердің атпен ойнайтын сан түрлі спорттық ойындары көп
болған. Ол жайында бізге көнеден жеткен тарихи деректер айғақ болып отыр.
Бүгінде Еуропада танымалдылыққа ие поло ойынының түп тарихының негізі
Орта Азиядан шыққаны туралы деректер көп.
Бұл жайында көнеден жеткен
тарихи еңбектерде көп айтылады.
Түркі әлемінің тарихи жазбаларында, оның ішінде Жүсіп
Баласағұнның
«Құтадғу білік» («Құтты білік»), Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік»
(«Түркі тілінің сөздігі») еңбектерінде шөген жайлы шежіре айтылады. Қазақ
ғалымы, этнограф Асқар Егеубаевтың аударма еңбектерінде осыған көз
жеткізуге болады.
Тарихи деректерде 2500 жыл бұрын көне парсылардың шөгенді ойнағаны
туралы айтылады. Ал қытайлар шөгенді бірнеше
мың жыл бұрын өздерінің
дэстүріне енгізген деген дерек бар. Негізінен осынау көне ойынды спорттық
деңгейге көтерген көшпенді халықтар екен.
Ерте замандарда жетісулық
моңғолдар Үндістанның бір бөлігін жаулап алып,
Орта Азиядан шөгенді сол
жаққа апарған.
Шөген ойынының атауына қатысты нұсқалар жеткілікті. Қазақтар да бұл
ойынды шөген деп атайды. Әуелде Еуропаға барған уақытта «Атты хоккей» деп
аталған екен. Әзірбайжандар оны «шоған» дейді. Шөгенді аттың үстінде
таяқшамен ойнайды. Шоқпар, шөген, шоған сөздерінің түп
атауы бір мағынаны
білдіретіндіктен, ат үстінде допты ұрып ойнайтын шөгенді бабаларымыздың
шөген деп атауы заңдылық. Алайда оның поло
деп аталуына XIX ғасырда
Тибетте «Пулу» деп аталуының себеп болуы мүмкін деген болжам бар.
Достарыңызбен бөлісу: