Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


Шөген ойынын спорттық деңгейге көтергендер



Pdf көрінісі
бет25/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   250
6.Шөген ойынын спорттық деңгейге көтергендер 
A.
 
Әзірбайжандар 
B.
 
Үндістан халықтары 
C.
 
Қытай халықтары  
D.
 
Көшпелі халықтар  
E.
 
Еуропалык 
халықтар 
 
1207-нұсқа 
4-мәтін 
«Шынықсаң - шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан 
да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі - спорт. 
Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де 
жетелейді екен. 
Олимпиадалық козғалыстың белсенді кайраткері Пьер де Кубертен: «О, спорт! 
Сен - түгел ғаламсың!» деп бекер түжырым жасамағаны анық. Ғалымдар АҚШ-
тың Пенсильвания университетінің 200-ге жуық студентіне зерттеу жүргізген. 
Олар күніне 20 минуттан астам уакытын түрлі дене жаттығуларына арнаған. Ал 
сегіз күннен кейін катысушылар өздерінің басынан өткеріп жүрген күйлерін 
жазып тапсырған. Нәтижесінде көбісі ұйқысыздықтан, әлсіздіктен құтылғанын 
мәлімдеген. Сонымен қатар, дәрігерлер қатысушылардың психикасында оң 
өзгерістер барын анықтаған. Студенттер болса, жаттығу жұмыстарынан кейін 
көңіл күйлерінің көтеріліп, өздерін жақсы, сергек сезініп жүргендерін жеткізген. 
Дене жаттығулары адамның көңіл күйін ғана көтеріп қоймайды, қан айналым 
жүйесін жақсартады. Қан қысымы мен жүрек-қан тамырлары ауруларының 
алдын алады. 
Спорт - адамның рухани әлемі үшін де маңызды. Өйткені, әлсіз әрі қиындыққа 
көп ретте қарсы тұруға қауқары жетісе бермейтін жандарға мамандар бір ауық 
спортпен шұғылдануға кеңес береді екен. Күйзеліске ұшыраған сәттерде дене 
жаттығуларына ден қойсаңыз, жаңа құлшыныс пен тың серпін арқасында 
ерекше өмір сүруге ұмтыла түсесіз. Бұл да спорттың, дене жаттығуларының бір 
құдіреті. 
Тағы да ғалымдар зерттеулеріне назар салып көрейік. Адам дене 
жаттығуларымен айналысқан сәтте оның миында да сан мыңдаған үдерістер 
орын алады. Ми дене қимылдарының әрекетін күйзеліс ретінде қабылдап, оған 
карсы күрес жүргізе бастайды. Ағзадан эндорфин гормоны мен пайдалы 
ақуыздар бөлініп, жүйке жүйелері мен миға тарайды. Сол арқылы адам ойы 
ұшқыр әрі есте сақтау қабілеті жақсара түсіп, көңіл күйге әсер етеді екен. 
Спорттың адам өмірі үшін маңызын бұдан ары айта түсудің өзі де артығырақ 
секілді. Бірақ, алдымен «спортпен шұғылдануға уақыт табылмай жүр» деген 
сылтаудан қүтылған абзал. Ол үшін не істеу керек? Күніне 20 минут дене 
жаттығуымен айналысуды да ұмыт қалдырып кететін кездеріңіз болмайды 
емес, болады. Ендеше, дене жаттығуларымен шұғылдануды қалай әдетке 
айпалдыруға болады? 
1.Дене жаттығуы кезінде киетін спорттық киімдеріңізді жатар алдында 
дайындап жатыңыз. Ұмытпас үшін, оятқышыңызды сол киімдердің үстіне 
қойыңыз. Өйткені, таңертең оянғанда оятқышпен катар немен 
айналысатыныңызды да есіңізге түсіретін боласыз. Бастысы, осылайша таңғы 
жаттығуды әдетке айналдырып алсаңыз ғажап болары сөзсіз. 


2.Барлығын аз жаттығудан бастаңыз. Тіпті, аптасына 3 рет 5 минуттан-ақ дене 
жаттығуларымен шұгылданып жүріңіз. Тапсырма оңай, әрине. Бірақ, 
бастапқыда өзіңізді қинамауыңыз қажет. Алға ә дегеннен биік мақсат қоюға 
талпынбаңыз. Өйткені, өзіңіздің спортпен шұғылдануға деген ерік-жігеріңізді 
жоғалтып алуыңыз мүмкін. 
3.Үйдегі қарапайым шаруаларды жаттығу жұмыстарымен үйлестіріңіз. Мысалы, 
таймерді 20 минутқа қойып, жүмысыңызды бастаңыз. Қарапайым шаруаларды 
аса жылдам орындау - жақсы нәтиже береді. 
4.Өзіңізге ұнайтын жаттығуларды таңдап алғанның да маңызы жоғары. Өйткені, 
алғашында адам өз қалауымен бастаған жаттығулар уақыт өте келе өз жемісін 
беретін болады. 
Иә, күнделікті өмірде спортты сүйетін жандар көп. Әркімнің санасындағы спорт 
үғымы - сан алуан. Расында да, көпшілікті ұлты мен жеріне, тілі мен дініне 
бөлмей өзіне ынтызар етер спорт қүдіреті жоғары. Бәріміз білетіндей, «Спорт - 
денсаулық кепілі». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет