2354 - Нұсқа
1-мәтін
Табиғатқа зер салсақ, одан ауа райын болжағыш «синоптик» өсімдіктерді кездестіруге болады.
Мысалы, гул қауашақтары біркелкі ашылса, ауа райы ашық болады. Керісінше, гүлдері төмен
қарап, жабылып тұрса, ауа райы жауын-шашынды болып келеді. Өсімдіктің сабағы төмен қарап
иіліп тұрса да, жауын-шашын болады. Ал егер тік болса, ауа райы жақсы болады деп алдын ала
пікір айтуға мүмкіндік бар. Мұны қымыздық, бақбақ, егінжай шырмауығы сияқты
өсімдіктерден байқай аламыз.
Егер қайың қандыағаштан гөрі ерте жапырақ жайса, жаз құрғақ, жылы болады. Егер
қандыағаш ерте бүршік атса, жаз ылғалды, салқын болады деп есептеледі.
1. Жаздың салқын болатындығын қай өсімдік арқылы болжауға болады?
A) Қандыағаш бүршіктері C) Өсімдік түптері E) Сарғалдақ бүршіктері
B) Гүл сабақтары D) Бидай дәндері
2. Ауа райы ашық болатындығын қалай білуге болады?
A) Ағаш бүршіктері салбырап тұрады D) Өсімдік гүлдері ашылып тұрады
B) Қызғалдақ гүлдері жабылып тұрады E) Гүлдің сабағы иіліп тұрады
C) Ағаш тамырлары жайылып тұрады
Достарыңызбен бөлісу: |