Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет235/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   250
2-мәтін 
 
Ғибадатхана  гректердің  аңшылық  кұдайы  Артемиданың  құрметіне  б.з.д.  VI-VII  ғасырларда 
Эфес  жерінде  салынған.  Херсифрон  атты  сәулетші  ғибадатхананы  сол  кездегі  кұрылыс 
әдістерінің бірі - ионика ордерінің стилімен тұрғызған болатын. Құрылыстың сәтті шыққаны 
соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стиль жағынан ұқсас құрылыстар 
да  салына  бастады.  Алайда,  Артемида  ғибадатханасының  ғұмыры  ұзаққа  бармады.  Біздің 
заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер  Герострат деген біреу 


 
 
түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір 
Зұлқарнайын  дәл  осы  ғибадатхана  жалын  кұшағына  оранған  түні  өмірге  келеді.  25  жылдан 
кейін  Ескендір  патша  ғибадатхананы  қайта  тұрғызуға  әмір  береді.  Сәулетші  Дейнократтың 
басқаруымен  салынған  жаңа  құрылыс  алғашқы  ғибадатхананың  жобасын  сақтағанмен,  одан 
сәл  биіктеу  болатын.  Ғибадатхананың  ауданы  110x55  метр,  құрылысты  қоршап  тұрған 
бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. 
Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді 
түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі 
картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан. 
Қаладан қасиетті орынға қарай арнайы порт салынған. Бұл ғибадатхананың да ғұмыры ұзаққа 
барған  жоқ.  III  ғасырда,  дәлірек  айтсак,  263  жылы  Кіші  Азияға  басып  кірген  гот  тайпалары 
ғибадатхананы  қиратып  кетеді.  1869  жылы  ағылшын  археологы  Дж.Т.Вуд  жүргізген  қазба 
жұмыстары  кезінде  ғибадатхана  болған  жерден  тірек  тақталар  мен  сарайға  әкелінген  біраз 
нәрселер табылған. 
3. Мәтінге кай тұжырым сай келеді? 
1. Ескендір Зұлқарнайын ғибадатхананы өртеуге әмір береді. 
2.  Грекияның  түкпір-түкпірінде  осы  ғибадатханаға  стиль  жағынан  ұқсас  құрылыстар  да 
салынды. 
3. Қазба жұмыстары кезінде ғибадатханаға қатысты заттар табылды. 
A) Үшеуі де дұрыс                  C) Үшеуі де бұрыс            E) Бірінші мен үшінші 
B) Екінші мен үшінші             D) Бірінші мен екінші 
4. Мәтіннің тақырыбы қандай? 
A) Сәулетші Дейнократ     C) Қазба жұмыстары    E) Артемида ғибадатханасы 
B) Апеллес суреттері          D) Жаңа құрылыс 
5. Ғибадатхана құрылысының жаңа үлгісі кімнің басшылығымен іске асты? 
A) Апеллес                           C) Дейнократ                  E) Херсифрон 
B) Скопас                             D) Дж.Т.Вуд 
6. Неліктен Герострат Артемида ғибадатханасына қастандық жасады? 
A) Жаңасын тұрғызу үшін       C) Біреудің қысымымен       E) Шарасыздықтан 
B) Атағын шығару үшін           D) Көреалмаушылықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет