Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет238/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   250
bilim-all.kz 
1.Мәтін мазмұнына жуық тақырыпты таңдаңыз 
A)Арманға қол жеткізу 
B)Ағайынды Райттар 
C)Фирнастың ермегі 


 
 
 
D)Алғашқы өнертапқыш 
E)Фирнастың ерлігі 
2.Фирнастың сәтсіздігіне себеп болған жағдай 
A)Парашют тетігінің істен шығуы 
B)Таудан сәтсіз секіруі 
C)Бойын үрей билеуі 
D)Парашюттің ауада ұзақ қалықтауы 
E)Парашютті дұрыс жетілдірмеуі 
 
1.12-мәтін 
Шақшақұлы  Жәнібек  хан  Төле  би  бабамыздан  ақыл  сұрай  отырып  былай  деп  сұрақ 
қойған екен: 
– Түзу мылтық, ұшқыр кұс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат жидым. Бозбала 
болып  ерлік  құрайын  ба?  Үлгі  алып  билік  құрайын  ба?  Еліңде  кәрің  болса,  жазулы 
тұрған  хатың,  жайлаған  көліңнің  алдында  төбе  болса,  ерттеулі  атың  деуші  еді,  ақыл 
сұрай келдім, – дейді. 
Сонда Төле би бабамыз: 
– Өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік 
айтпа,  сенімің  кетер,  дұшпаныңа  сырыңды  айтпа,  түбіңе  жетер.  Жал-құйрығы  қаба 
деп жабыдан айғыр салма, жаугершілік болғанда жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным 
деп жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Тұмау түбі құрт 
болар,  тұман  түбі  жұт  болар.  Ақылдың  түбі  құт  болар.  Елге  бай  емес,  би  құт.  Ел 
шетіне жау келсе, қабырғалы би – күш, – деген екен. 
1.Жәнібектің сөзін түйіндейтін мақал-мәтел 
A)Тіл жүйрігі – басқа. 
B)Нар жолында жүк қалмас. 
C)Өсиет алған өлмес. 
D)Жақсыға сөз ереді. 
E)Батыр қол бастар. 
2.Төле бидің пайымдауынша елдің құты – ... 
A)Ұшқыр құс 
B)Қабырғалы би 
C)Ұрыншақ ат 
D)Түзу мылтық 
E)Жүйрік ит 
 
1.13-мәтін 
1.Өзі  балапан  баспайтын  құс  –  көкек.  Ол  жұмыртқасын  басқа  құстардың  ұяларына 
салып  кетеді.  Көкек  жұмыртқаны  қай  құстың  ұясына  салса,  сол  құстың 
жұмыртқасына ұқсатып салады. 
2.Қарлығаш,  қара  торғайлар  ұяларын  үй  маңынан  салып,  балапан  шығарады.  Өзіне 
төнетін  қауіпке  адамдардың  арашашы  болатынын  білетіндей.  Олардың  да  адал 
еңбегіне  тигізер  себі  көп.  Бау-бақшадан  жәндіктерді  теріп  жеп,  жеміс-жидектің  мол 
болуына септігін тигізеді. 
3.Біздің жерімізде неше түрлі құс өніп, өседі. Адам оған қамқор болуы керек. Далада, 
орман-тоғайда  жүріп,  ұясынан  түсіп  қалған,  небір  ауыр  халге  тап  болған  балапан 
көрсең, оған жәрдем көрсетуді есіңнен шығарма. 
4.Құс – даланың, көлдің, орман-тоғай, бау-бақшаның сәні. 
1.Мәтіндегі негізгі ой қандай? 
A)Құстарға қамқор болу 
B)Құстардың әдемілігін жеткізу 
C)Құстарға төнетін қауіпті сейілту 
D)Құс түрлері туралы ақпарат беру 
E)Көкектің ерекшелігін жеткізу 
2.Құстардың адамға пайдасы туралы қай бөлімде айтылған? 
A)Екінші 
B)Бірінші 
C)Барлық 
D)Үшінші 
E)Төртінші 
 
1.14-мәтін 
Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен 


 
 
 
мені  шомылдырған,  мені  жуындырған  бұлақ.  Мен  алғаш  суын  ішкен,  мені  әлдилеп 
сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. 
Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек 
– отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде 
қауіп-қатерді  көтеріп,  өлімді  жеңетін  бір  жарық  –  ана  сүтін  ақтап,  туған  елді, 
Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы –  махаббат, өмір тасы – халық, ел намысы – 
ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда. 
1.Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр? 
A)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас 
B)Талапты ерге нұр жауар 
C)Ерлік пен еңбек – егіз 
D)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі 
E)Ерлік тәрбиеден туады 
2.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не? 
A)Махаббат 
B)Мыңбұлақ 
C)Намыс 
D)Айнабұлақ 
E)Жүрек 
 
1.15-мәтін 
Ерте  көктем шығысымен-ақ әкем  қыс  бойы  көміліп  жатқан  жүзім  бұтақтарын  ашып, 
оны ағаштан иіп жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл – өте күрделі, нәзік 
жұмыс.  Қысы  бойы  жер  астында  жатқан  жүзім  бұтақтары  кейде  топырақ  астында 
жатып-ақ  бармақтай-бармақтай  бүртік  шығарып  қалады.  Оны  абайсызда  жұлып 
түсіруге  болмайды.  Әкем  топырақ  астында  көзге  көрінбей  жатқан  адам  саусақтары 
секілді жүзім  бұтақтарының  қай  тұста,  қалай  жатқанын  алақанымен  сипалап  білетін. 
Сол  себепті  көктемдегі  жүзім  ашу  ісіне  өзінен  басқа  тірі  пендені  жолатпайтын. 
Мұндайда  әкем  жүзімнің  әр  бұтағын  қолымен  сипалап,  «Ә,  оянып  қалдың  ба, 
жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой», – деп өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп жүретін. 
Әкем  үш  гектардай  жерді  алып  жатқан  жеміс  бағындағы  алма,  өрік,  шабдалы,  тағы 
басқа  мыңдаған  түп  ағаштардың  әрбіреуінің  қай  жерде,  қалай  тұрғанын,  неше  жаста 
екенін,  өткен  жылы  неше  бұтағы  кесілгенін,  қанша  жеміс  бергенін,  биыл  қайсысына 
күтім қажеттігін жатқа білетін.  Сол себепті ол бақты аралап жүрмей-ақ, өзі көздеген 
жеміс  ағашын  бірден  тауып,  оның  артық  бұтақтарын  кесіп,  құрт  түскен 
жапырақтарына дәрі сеуіп жүретін. 
1.Мәтін авторының әкесі кім? 
A)Күтуші 
B)Орманшы 
C)Бағбан 
D)Жеміс жинаушы 
E)Ағаш егуші 
2.«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой» сөзі нені білдіреді? 
A)Жүзімді жегісі келгендігін 
B)Жарық түссін деген ойын 
C)Құрт түспесін деген ойын 
D)Өсімдікке қамқорлығын 
E)Жүзімді тергісі келгендігін 
 
1.16-мәтін 
Қалың  қар  жауған  қыстың  бір  күні  Арман  қолына  күрек  алып,  есік  алдын  тазалауға 
кіріседі.  Көрші  үй  жаққа  қарап  еді,  үйге  барар  жолы  тазаланып  дап-дайын  болып 
тұрғанын  көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман  көршісінен қалыспайын деп, бұл 
жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік 
алды баяғыдай тазаланып қойылыпты. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін 
ертерек тұрса  да,  көршісінің  үйіне  жол  тазаланып  қойылғанын  көреді.  Кездескендегі 
алғашқы  сұрағы:  «Сен  есік  алдындағы  қарды  қалай  ғана  тазалап  үлгересің?  Үнемі 
тап-таза  болып  тұрады»,  –  дейді.  Көршісі  оған:  «Жолды  қардан  ешқашан  тазалаған 


 
 
 
емеспін.  Келіп-кететін  достарымның  көптігінен  болса  керек,  жол  өзінен-өзі 
тазаланып, осылай болады», - дейді. 
1.Неліктен Арман көрші үйдің ауласына қарай берді? 
A)Көршісінен асып түскісі келді 
B)Көршісінің алдында мақтанғысы келді 
C)Көршісінің ісіне үлкен баға берді 
D)Аула тазалығының сырын білгісі келді 
E)Ауласының таза болғанын қалады 
2.Мәтіннің негізгі идеясы? 
A)Бейқамдық 
B)Адалдық 
C)Жалқаулық 
D)Достық 
E)Еңбекқорлық 
 
1.17-мәтін 
Халық  аузында  Қарасай  батыр  туралы  аңыз  көп  тараған.  Қарасай  Алтынайұлы  1598 
жылы  Жетісуда  дүниеге  келген.  Оның  әкесі  Алтынай  көріпкел  адам  болған.  Бірде 
әкесі  қатал  қыс  пен  жұт  болатынын  айтқан.  Бірақ  хан  оған  сенбеген.  Ол  кезде  хан 
ордасы  Көктөбеде  болған.  Жас  Қарасай  әкесінің  айтуымен  өзінің  бар  малын  Балқаш 
маңына, Іле, Қаратал өзендерінің мол тоғайлы сағасына айдап әкетеді, Қыс шынында 
да қатал болып, жұт кезінде халықтың малы түгелге дерлік қырылып қалады. 
Қарасай  көктемде  малын  айдап,  әкесіне  келеді.  Хан  өкініштен  саусағын  тістейді, 
бірақ  қолдан  келетін  қайран  жоқ,  Дана  Алтынай  баласына:  «Халыққа  көмектесу 
керек. Балам, арғымағыңа мініп, қойлардың, жылқылар мен түйелердің арасынан үш 
рет  өт.  Оң  жағы  біздікі,  сол  жағы  –  хандікі,  ортаңғы  бөлігін  ағайын-туысқа  бер»,  – 
дейді Әкесінің ақылына хан да, ағайын-туыс та риза болады, Алтынайдың үйі де зиян 
көрмейді... 
1.Мәтіннің екінші бөлімін қорытындылайтын мақал-мәтел 
A)Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы. 
B)Жартыны жарып жеген – татулықтың белгісі. 
C)Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында. 
D)Қай қолыңды кессең де, жанға батуы бірдей. 
E)Көңіл – қазы, көз – таразы. 
2.Қарасай батырдың малын Балқаш, Іле, Қаратал маңына айдап әкетуінің себебі не? 
A)Қысқа жайлы жерге барғысы келгендіктен 
B)Әкесінің болжамына сенгендіктен 
C)Ол жерлердің мол тоғайлы жер болғандығынан 
D)Қонысын басқа жаққа аударғандықтан 
E)Ханнан малын бөлек кеткісі келгендіктен 
 
1.18-мәтін 
Қазақстандағы  ең  көне  хан-ағаш  –  алып  қарағаш.  Ол  Іле  өзенінің  «Алтын-Емел» 
ұлттық  табиғи  саябақ  аумағында,  Үлкен  Қалқан  тауының  шығыс  жағында  өседі. 
Жасы  700  жылдан  асқан.  Бұл  қарағаш  Шыңғысхан  шапқыншылығының  куәгері 
деседі.  Жергілікті  халық  ағашты  күні  бүгінге  дейін  қасиет  тұтады.  Қасиетті  қарағаш 
жуандығына  алты  адамның  құшағы  әрең  жететін  700  жастағы  ерекше  ағаш  Жаркент 
қаласынан 30 шақырымдағы Әулиеағаш ауылы маңында өседі. Бұл – кәдімгі қарағаш 
тұқымы. Мұндай алып ағаштар әлемнің үш елінде ғана бар. Олардың бірі – Қытайда, 
бірі  –  Меккеде  болса,  үшіншісі  –  біздің  жерге  тамыр  жайған  екен.  Киелі  ағаштың 
қасында  бір  тамырдан  нәр  алып  тұрған  жеті  жас  ағаш  бар.  Жұрт  оларды  жеті 
ағайынды деп атап кеткен. 
1.Жеті жас ағашты жұрттың «жеті ағайынды» деп атап кетуінің себебі 
A)Бір тамырдан тарағандықтан 
B)Бір мезетте өскендіктен 
C)Ең жас ағаш болғандықтан 
D)Ең көне ағашпен салыстырғандықтан 


 
 
 
E)Киелі ағашпен бір алқапта өсетіндіктен 
2.Мәтінге қатысты дұрыс тұжырым 
1.Қазақстандағы хан-ағаш – кәдімгі қарағаш 
2.«Алтын-Емелдегі» жеті ағайын 
3.70 жылдық тарихы бар ерекше ағаш 
A)бірінші, үшінші 
B)бірінші, екінші 
C)үшеуі де бұрыс 
D)екінші, үшінші 
E)үшеуі де дұрыс 
 
1.19-мәтін 
Құмырсқа  –  әлемдегі  ең  көп  тараған  жәндіктің  бірі.  Қазақ  «құмырсқадай  қажырлы», 
«құмырсқадай  құжынаған»,  «құмырсқадай  еңбекқор»  деген  тіркестерді  бекер 
айтпаған.  Олардың  біз  білмейтін  қызық  қыры  көп.  Оны  ғалымдар  зерттеп,  бұқараға 
жеткізіп отыр. 
Құмырсқаларды  зерттейтін  ғылым  –  мирмекология  деп  аталады.  Осы  мирмеколог 
мамандардың  құмырсқадай  тынбай  талаптанып,  қайнаған  тіршілікті  зерттеуі 
нәтижесінде  бізге  олар  туралы  көптеген  қызықты  деректер  белгілі  болды.  Құмырсқа 
жер  жүзінде  ең  көп  тараған  жәндік.  Әлемдегі  ең  құрметті  мирмекологтардың  бірі 
Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадриллион, яғни онның 15 
дәрежесіндей  құмырсқа  бар  екен.  Жан  басына  шаққанда,  бір  адамға  миллион 
құмырсқадан келеді. 
1.Мәтіннің тақырыбы қандай? 
A)Мирмекологтар туралы 
B)Құмырсқалар илеуі туралы 
C)Жәндіктер туралы 
D)Құмырсқалар достығы 
E)Құмырсқалар еңбегі 
2.Жан басына шаққандағы құмырсқа саны 
A)Екі миллион 
B)Бір жарым миллион 
C)Үш миллион 
D)Бір миллион 
E)Жарты миллион 
 
1.20-мәтін 
1.Онда мен бесте ме, әлде алты жаста шығармын. Әжеммен бірге жатушы едім. Әже 
құшағы  қандай  ыстық,  қандай  шапағаты  зор  десеңші.  Көзім  ұйқыға  кеткенше,  әжем 
айналып-толғанып,  арқамнан  қағып  жатқаны.  Еркелеп  жатып  қалғып  кеткеніңді  өзің 
де аңғармай қаласың. 
2.Бір  күні  түн  жарымда  оянып  кеттім.  Орнымнан  сездірмей  тұрдым  да,  әжемнің 
төсегінен алыстай бердім. Ондағы ойым,  қораның екінші бетіндегі әкем жатқан  үйге 
бару  еді.  Екі  үйдің  ортасында  иін  тіресіп  мойындарын  көкке  созған  күйі  маңғаз 
түйелер  жатыр  екен.  Жүндері  үлпілдеп,  түнгі  самалға  желпілдегендей  сезілді. 
Түйелердің арасымен жүріп келе жатып, мен мамық жүнді ақ ботаның қасына еріксіз 
тоқтадым. Осы жерде отырып, жұлдызды аспанға телміріп ұзақ қарағаным есімде. Ай 
мені еркелете күлгендей сезілді. Алқаз тізілген түйелердің өркеші тау жоталарындай 
көлбеңдеп  көрінгендей  еді.  Түннің  тымықтығы  сонша  –  мен  боталардың  баяу  демін 
айқын естіп тұрдым. 
3.Мен әкеме келе жатқанымды ұмытып, осы жерде таңырқап тұра беріппін... 
1.Бірінші азатжолдың мазмұнына қатысты тақырып 
A)Бұзылған ұйқы 
B)Немеренің қылығы 
C)Арманшыл бала 
D)Әже мейірімі 
E)Әже ақылы 
2.Екінші азатжолдағы авторға әсер еткен жағдай 
A)Әкенің дауысы 
B)Тымық түн 
C)Ботаның мамық жүні 
D)Түйенің боздауы 
E)Оқыс оқиға 
 


 
 
 
1.21-мәтін 
Ғұмыр  бойы  бақытты  болғың  келсе,  адал  бол,  асыл  қасиет  те,  асыл  мінез  де  адал 
адамдарда болады. «Адал арың – ақ мамық жастығың», – дейді халқымыз. Адал адам 
дегеніміз  –  жалпының  игілігіне  өмір  сүру,  ортақ  мүддеге  бола  жеке  мүддені  құрбан 
ету.  Адалдық  дегеніміз–  ашық,  шынайы  қарым  қатынас.  Әрқашан  ойыңдағы 
шындықты  айтуға  әзір  тұр,  сонда  арам пиғылдылар  да  сенен  аулақ  қашады.  Егер өзі 
алдамшы  алаяқ  болмаса,  ешкім  алаяқтармен  таныс-біліс  болуды  сүймейді.  Олардан 
аулақ  жүреді.  Адал  адамды  қудалауға  болар,  бірақ  ардан  ада  етуге  болмайды.  Адал 
адам арын сақтай біледі, одан айырылмайды. Әр уақытта адал болыңдар. 
1.Мәтінде не туралы айтылған? 
A)Адамның білімі 
B)Адамның еңбекқорлығы 
C)Адамның дәулеті 
D)Адамдар достығы 
E)Адамның қасиеті 
2.Мәтіндегі негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді? 
A)Талапты ерге нұр жауар 
B)Сыпайы сырын жасырмайды 
C)Ала жіпті аттамағанның абыройы биік 
D)Ақылдының алдымен жүр 
E)Ойын сөзге шын төре 
 
1.22-мәтін 
Бразилия  елінде  жылына  екі  рет,дәлірек  айтқанда.  ақпан  және  наурыз  айлары 
аралығында  Амазонка  өзені  сағасында  Атлантикалық  мұхиттан  тұзды,  анағұрлым 
ауыр  судың  келгені  байқалады.  Мұхит  суы  өзен  ағысымен  кездесіп,  өзен  суын 
ығыстыра  бастайды.  Соның  нәтижесінде,  биіктігі  6  метрге  жететін  алып  толқындар 
пайда болады. 
Көктем  кезінде  Дания  елінде  таңғажайып  оқиға  болады:  барлық  аймақтардан  ұшып 
келген  миллионнан  астам  еуропалық  қараторғай  күн  батпай  тұрып  үлкен  топқа 
жиналады  екен.  Оңтүстіктен  ұшып  келген  қараторғайлар  күні  бойы  көк  шалғында 
болып, кешкісін аспан төрінде топтық би билейді екен. 
Даттықтар  бұл  құбылысты  «Қара  Күн»  деп  атаса  керек.  Аталған  құбылысты  наурыз 
айынан бастап, сәуір айының ортасына дейін тамашалауға болады. 
1.«Қара Күн» құбылысын қай мезгілде тамашалауға болады? 
A)Күзде 
B)Қыста 
C)Қара күзде 
D)Жазда 
E)Көктемде 
2.Мәтіндегі негізгі ой қандай? 
A)Өзендегі толқындарды ығыстыру 
B)Бразилия өзендерімен таныстыру 
C)Құстардың көптігін жеткізу 
D)Табиғаттағы керемет құбылыстарды суреттеу 
E)Дания елінің тұрмыс-тіршілігін баяндау 
 
1.23-мәтін 
Замандардың  заманында  бір  күйші  ғұмыр  кешіпті.  Бала  жастан  өнер  қуып,  күй 
қайырыпты. Өгіз жайып жүріп, қурайдан сыбызғы қиып, уілдете тартқанда, өгіздер 
күйсегенін токтатып, құлақтары салбырай мүлгіп, тыңдап тұрады екен. Ормандағы 
құс қалғып, батпақтағы бақа тыншып қалса керек. Күйші бала кейде қыз-бозбалаға 
ілесіп, түнгі ойын-сауыққа шығады екен. Түн тынық, жер-әлем бусана манаурайды. 
Қалжың-күлкі, ойын-сауық. Керемет! 
Сонда бала сыбызғысын ерніне апарып, баяу созылтып  күй бастайды. Қыз біткен, 
жігіт біткен тегіс ұйып қалады. Қай-қайсысы болмасын, жүректеріне  тәтті шырын 
құйылғандай,  беймәлім  бір  күш  қағып  алып,  биікке,  шырқау  биікке,  жұлдыздары 


 
 
 
жымыңдасқан ашық аспанға әкетіп бара жатқандай сезінуші еді. 
1.Мәтінге сәйкес нұсқа 
1.Күй құдіреті 
2.Шебер күйші 
3.Тәтті күй 
A)Екінші мен үшінші 
B)Тек екінші 
C)Үшеуі де 
D)Тек бірінші 
E)Бірінші мен үшінші 
2.Күй ойнаған кезде қыз-бозбаланың, айналаның ерекше әсерге елту себебі 
A)Күйшінің аспабына байланысты 
B)Көпті көрген жасына байланысты 
C)Күйшінің жастығына байланысты 
D)Күйшінің шеберлігіне байланысты 
E)Күй атауына байланысты 
 
1.24-мәтін 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  неміс  әскерінің  тұтқынына  түсін,  кейіннен  Мұстафа 
Шоқай  бастаған  Түркістан  легионында  болған  қазақтың  алғашқы  кәсіпқой 
скрипкашысы Айткеш Толғанбаевтың естелік кітабынан. 
...Менің  музыкамның  орындалуына  таң  қалғандары  соншалық,  қатты  ризалық 
білдіріп,  көпке дейін  қол шапалақтап,  қайта шақырып, бірдеңелерді айтып айқайлап, 
сахнадан жібермей қойды. Олар үшін мұның өзі үлкен жаңалық болып табылатынын 
мен  жаңа  түсіндім.  Өйткені  алыстағы  беймәлім  елдің  адамы  алыс  түкпірдегі  Европа 
музыкасын  соншалық  шабытпен,  асқан  шеберлік  танытып  орындап  бергеніне 
сенулерінің өзі қиын еді. Ендігі жерде өзім скрипкаға арнап өңдеген қазақтың халық 
әні  «Елім-айды»  орындадым.  Тыңда,  Европа,  тыңда,  Германия,  барлығың  да  тыңда, 
менің бәрінен артық көретін елімді тыңда, қазақтың халық әні «Елім-айды» тыңда! 
...Ақырғы  қайырмасын  қайталап  тартарда,  залға  көз  салып  едім,  көпшілік көзіне  жас 
алып, мені түсініп отырғандарын сездім. 
1.Берілген тұжырымдардың қайсысы «Елім-ай» шығармасының әсерін көрсетіп түр? 
A)Сахнадан жібермей, қайта шақырды. 
B)«Елім-ай» туындысының скрипкашының естелік кітабына енуі. 
C)Ол арқылы барлық қазақ халқының мұңын сезінді. 
D)Менің танымал шығарма орындағаныма таң қалды. 
E)Көпке дейін қол шапалақтады. 
2.Айткеш Толғанбаевтың өнерін тамашалаған ел? 
A)Германия 
B)Қытай елі 
C)Бейтаныс ел 
D)Шығыс елі 
E)Азия елі 
 
1.25-мәтін
 
Ала  жіптей  шұбалған  жолмен  қорапты  машина  келеді.  Өршеленіп  өрге  ұмтылады. 
Белестен  соң  белес  артта  қалып  жатыр.  Жатаған  дөңес,  жасыл  бел  қалды.  Көбігін 
көкке шашқан асау өзен қалды. 
Кабинада  екеу  еді.  Ересегі  қаршығадай  құнтиған  қағілез  адам  –  Бөрібай. 
Қасындағысы  –  кенже  ұлы  Бекен.  Құлағы  қалқиған,  сары  бала.  Биыл  төртінші 
сыныпты  бітіріп,  жайлаудағы  нағашысына  келе  жатыр.  Аузы  аңқиып,  жол  қызығын 
баққанына екі сағаттан асқан. Әлі жалығар емес. Ол андағайлап келіп тұра қалғандай 
болатын  кереге  тастардан  да,  қалың  нудың  мүлгіген  тыныштығынан  да,  бұтадан 
бұтаға,  гүлден  гүлге  қонып,  әудем жерге  дейін  шығарып  салатын  сары  шымшықтың 
ықыласынан да әлдебір сыр түйіп, ой аңғарғандай. 
1.Үзіндідегі жыл мезгілі 
A)Жазғытұры 
B)Қыс 
C)Күз 
D)Жаз 
E)Көктем 


2.Бекен қайда келе жатыр? 
A)Демалысқа, өз үйіне 
B)Қалаға, туыстарына 
C)Жайлаудағы нағашысына 
D)Жайлаудағы жиендеріне 
E)Ауылға, ата-әжесіне 
2.1-мәтін 
1.Перзенттің  шыр  етіп  дүниеге  келуі  туған  ата-анасының  қуанышы  ғана  емес,  бүкіл 
ауылдың  қуанышы  болып  есептеледі.  Міне,  осы  күндері  «шілдехана»,  «шілде  той», 
«шілдехана  күзет»  өткізіледі.  Тойға  жиналғандар  сәбиге  ізгі  тілектерін  білдірісіп,  ән 
айтып, ойын ойнап, көңіл көтереді. 
2.Шілдехананы  Жетісу  өңірінде  «шілде  күзету»  деп  атайды.  Әдетте,  шілдеханаға 
ауыл  үлкендері  қатыспайды.  Жаңа  туған  нәрестені  әр  түрлі  жын-шайтан,  перілердің 
салқынынан  қорғап,  күзету  –  халық  сенімі  бойынша  тек  жастардың  міндеті  болған. 
Ерте  заманда  бесіктегі  нәрестені  күзету  Ұмай  анаға  жүктелген.  «Жаңа  туған  баланы 
алғашқы  күндері  шырақ  жағып  күзетпесе,  оны  перілер  әкетіп,  орнына  басқа  бала 
тастап кетеді» деген сенім болған. Осы сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа 
дейін сақталған. Шырақ жағып күзету – соның бір түрі. 
3.Немерелі  болған  әже  сүйінші  сұратып,  жас  балаларын  жан-жаққа  жібертеді. 
Сүйінші  сұраушылар  «Кім  туды?»  деген  сұраққа  ұл  болса  –  «тізгін  ұстар»,  «күл 
шашар»,  «ноқта  жетектер»,  ал  қыз  болса  –  «қырық  жеті»  деген  сияқты  тұспал 
сөздермен жауап қатады. Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-
заттай  сый-сияпат  беріп,  әйтеуір  қолын  бос  қайтармайды.  Бөпелі  болған  қуанышты 
отауға  ізгі  ниеттерін  білдіруге  келген  ауыл  адамдары  «Бауы  берік  болсын!»  деп, 
жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады. 
4.Жаңа  туған  нәрестенің  той-томалағында  жүрген  әйелдер  бөпені  көрсетіп, 
келушілерден  көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер:  «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім 
тасқа, өзі жаман бала екен!» – деп түкірген болады. 
5.«Туғанда  дүние  есігін  ашады  өлең»  деп  ұлы  Абай  айтқандай,  қазақта  ән-жырсыз 
өтетін  мереке,  қуанышты  күндер  жоқ.  Тойда  жастар  суырып  салып  өлең  айтып,  сөз 
қағыстырады. 
1.Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы 
A)Ескі наным-сенімдердің сақталуы 
B)Тіл-көзден сақтау ырымдары 
C)Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері 
D)Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы 
E)Немерелі болған әже қуанышы 
2.Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген? 
A)«Ноқта жетектер» деген сөз арқылы 
B)«Тізгін ұстар» деген сөз арқылы 
C)«Қырық жеті» деген сөз арқылы 
D)«Ат ұстар» деген сөз арқылы 
E)«Күл шашар» деген сөз арқылы 
3.Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады? 
A)Екінші 
B)Бірінші 
C)Бесінші 
D)Үшінші 
E)Төртінші 
4.Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала 
екен!» деуінің мәнісі 
A)Нәрестеге көңілі толмағандықтан 
B)Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі 
C)Баланың дені сау болып өссін деген ниет 
D)Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан 
E)Баланың түр-тұлғасына қарата айтады 
 
 
 


 
 
 
2.2-мәтін 
Домалақ ананың қадір-қасиеті ертеден-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-
әңгіме көп. 
Бірде  Алатау  асып  келген  қалың  жау  Қаратау  жонын  жайлап  отырған  Бәйдібектің 
ауылын  шауып,  сан  мың  жылқысын  айдап  кетеді.  Бәйдібек  бастаған  ел  азаматтары 
ауылда болмаса керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ 
жиып, қасына үлкен  әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға  аттанғалы 
жатқанда Нұрила (Домалақ ана): «Байеке, малдың құты, жылқының иесі – құла айғыр 
қолда  қалды.  Амандық  болса,  алты  күннен  кейін  жылқы  жауға  қайыру  бермей,  өзі 
ауылға  келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы  тілегімді беріңіз», –  деп, өз 
отауының  белдеуінде  байлаулы  тұрған,  жүген-құрық  тимеген  шу  асау  айғырды 
көрсетіпті.  Бірақ  жауға  кектенген  батыр  әйелінің  тілін  алмай,  жасағын  бастап  жүріп 
кетіпті.  Бәйдібек жасағы  жауға  Күйік асуында  жетіп,  қырғын  ұрыс  салыпты.  Алайда 
жасанып  келген  жау  «аттанға»  ілесіп  атқа  қонған  аз  жасаққа  теңдік  бермепті.  Осы 
соғыста  қаза  тапқан  алты  ұлын  Үшқарасай  жазығына  жерлеп,  батыр  кері  қайтыпты. 
Арада  алты  күн  өткенде,  байлаулы  тұрған  құла  айғыр  жер  күңіренте  дүлей  күшпен 
кісінепті.  Сол  күні  кеш  шамасында  шығыстан  қалың  шаң  көтеріліп,  ұзамай 
Бәйдібектің  қалың  жылқысы  көрінеді.  Ереуілдеп  барып,  кері  қайтара  алмаған 
жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. 
1.Мәтіндегі Бәйдібек байдың әрекетін ашатын мақал-мәтел 
A)Жауды аяған жаралы. 
B)Қорқақты көп қусаң, батыр болады. 
C)Алысқан жауға арқаңды көрсетпе. 
D)Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз 
тартар. 
E)Асығыс түбі – қып-қызыл шоқ. 
2.Домалақ ананың: «Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, 
өзі ауылға келеді» – деуінің мәні 
A)Малдың құты құла айғыр үйде қалған, ал жылқы құла айғырдың дауысын естіп кері 
қайтарын білді. 
B)Құла айғырсыз жылқылар басқа үйірге қосылмай, тойынған соң оралатынын білді. 
C)Құла айғырдың үйірінің ауылда құлындары қалғанына қарап осылай айтты. 
D)Жылқының барлығы айдауға көнбейтін жүген-құрық тимеген асау болғандықтан. 
E)Жылқылар жат жерді құла айғырсыз жерсінбейді деп жорамалдады. 
3.Мәтіннің басты идеясы 
A)Бәйдібек байдың сабырсыздығын сынау 
B)Құла айғырдың құдіретін көрсету 
C)Домалақ ананың көріпкелдігін таныту 
D)Қазақ жігіттерінің ерлігін дәріптеу 
E)Жаугершілік заман қиындығын көрсету 
4.Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қатысы 
A)Жылқының жорғасы 
B)Жылқының ең асауы 
C)Жылқының құты, иесі 
D)Жылқы ішіндегі ең кәрісі 
E)Жылқы ішіндегі ең жүйрігі 
 
2.3-мәтін 
1.Шайқұмарлардың  көбі  сүт  қосылған  шайды  таңдайды.  Бұл  жайт  таңғаларлық  та 
емес, сүт қатқан шай – дәмі жұмсақ, ас қорытқанға жеңіл, қоректі сусын. Сүттің өзі де 
пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді. 
2.Сүтте  адам  ағзасына  қажетті  ондаған  пайдалы  зат  бар.  Бірақ  сүтті  кеселеп  іше 
алмайтынымыз  белгілі.  Бұл  асқазанға  ауыр.  Ал  шайға  қосылған  сүт  жеңіл 
қабылданып,  пайдалы  қасиеттерін  толықтай  бере  алады.  Дәрумендер,  майлар, 
ақуыздар  жиынтығы  денсаулыққа  өте  пайдалы  болады.  Тіпті  ол  шай  құрамындағы 


 
 
 
кофеин,  алкоидтардың  жаман  қасиеттерін  баса  алады.  Шай  мен  сүттің  қосындысы 
хош иісті, жұмсақ дәмді, пайдалы сусын береді. 
3.Сүт  қатқан  шай  жүрек-тамыр  ауруларының  алдын  ала  алады.  Сүттің  ең  маңызды 
құрамдас бөлігі – кальций, ол сүйек, шаш пен тырнақты берік қылады. Сергітетін бұл 
сусынның жалпы пайдалы екені сөзсіз. 
4.Соңғы  кезде  «сүт  шайдың  пайдалы  қасиеттерін  төмендетеді»  деген  пікірлер 
туындай  бастады.  Зерттеулер  көрсеткендей,  сүт  шайдың  тек  бірнеше  қасиетін 
бәсеңдетеді.  Ал  оның  қосып  беретін  пайдасы  одан  бірнеше  есе  көп.  Диетолог 
мамандар  күніне  3-8  шыны  сүт  қосылған  шай  ішуге  кеңес  береді.  Әрине,  сүттің  ең 
майлы  түрлерін  таңдамаған  дұрыс.  Егер  сіз  салмақ  тастауды  көздесеңіз,  майлылығы 
аз сүт қосыңыз. 
1.Сүтті шайдың адам ағзасына тигізер әсері 
A)Белокты азайтады. 
B)Салмақты азайтады. 
C)Майларды қалыпқа келтіреді. 
D)Жүйке жүйесін тыныштандырады. 
E)Ас қорытқанға жеңіл. 
2.Сүт кұрамындағы пайдалы заттар туралы мәтіннің қай бөлігінде айтылады? 
A)Төртінші 
B)Үшінші 
C)Бірінші 
D)Екінші 
E)Айтылмайды 
3.Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлем 
A)Сүт қосылған шайдың адамды сергітетін қасиетке ие екені белгілі. 
B)Сүтті шай жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады. 
C)Сүт шайдың адам ағзасына қажет қасиеттерін жойып жібереді. 
D)Шайға қосылған сүт пайдалы қасиеттерін толықтай сақтайды. 
E)Арықтау үшін сүттің майлы түрін қолданбаған дұрыс. 
4.Шай құрамындағы адам ағзасына зиянды зат 
A)Май 
B)Ақуыз 
C)Белок 
D)Газ 
E)Алкоид 
 
2.4-мәтін 
1.Қазақ  халқының  кісі  сыйлау,  үйге  келген  кісінің  қолына  су  құйып,  ас  ұсынуының 
өзінен үлкен адамгершілік, мәдениеттілік қасиеттері айқын көрінеді. Әр отбасы үйіне 
келген  кісіні  төріне  шығарып,  астына  көрпе  төсеп,  құрақ  ұшады.  Қонаққа  ас  ұсынар 
алдында жасы кіші адамның бірі леген мен құман алып, мейманның қолына су құяды. 
2.Қолға су құйып, кісіге ас-су ұсынудың өзіндік жөн-жосығы бар. «Бата – бастан, су – 
аяқтан»  деп,  батаны  төрдегі  адамға  жасатса,  ал  су  құюды  аяқ  жақта  отырғандардан 
бастайды.  Әдетте  қолға  суды  қонақтар  тегіс  отырып  болған  соң  құяды,  бірақ  жиын-
тойларда  адам  өте  көп  болатындықтан,  суды  екі  жігіт  екі  босағадан  бастап  төрге 
қарай айналдыра құйып шығады. Кейде есік алдына үлкен леген қойып, үйге кірерде 
қонаққа  қол  жудырып  кіргізеді.  Ал  адам  саны  шағын  болса,  онда  бір  адам  оң 
босағадан бастап отырған адамдарға түгелдей су құйып шығады. тамақ соңында қолға 
су  құю солдан оңға  қарай басталады. Қазақ қол жуғанда суды сілкімейді, орамалмен 
сүртеді. 
3.Қазақ  салтында  төмен  жақта  отырған  адамдар  өзінен  жоғары  отырған  адамдарға 
шыныаяқ алып беру, ас-тағам ұсынуға жауапты болады. Шыныаяқ алып беру мен ас-
су ұсынудың да өзіндік ережесі бар. Мұны әр отбасы баласына мұқият ұғындырады, 
болмаса өзгелер жағынан «тәрбиесіз, көргенсіз» деген сөзге қалады. 
4.Тамақ  алудың  да,  шай  құюдың  да  өзіндік  жөн-жосығы  бар.  Мысалы,  шай  құйған 
кезде, үй ішіндегі кісілерге шай түгел құйылып болғанша, барлық адам сабыр сақтап 
күтіп отырады. Үй иесі: «Астан алыңыздар!» деген соң ғана қонақтар алдындағы асқа 
қол созады. Шыдамсыздық таныту үй иесін көзге ілмегендік болып саналады. 


 
 
 
1.Үй иесіне деген құрмет мәтіннің қай бөлімінде сөз болады? 
A)2 
B)3 
C)1 
D)4 
E)1,2 
2.Мәтін мазмұнына алшақ ой 
A)Қонақтың қолына құманмен су құяды. 
B)Қолды жуғанда сілкімейді. 
C)Суды шай ішіп болған соң да құяды. 
D)Ас ұсынудың ережесі бар. 
E)Суды екі жігіт төрден бастап құяды. 
3.Мәтіннің 1, 2-бөлімінде айтылған ой 
A)Қонақкәде салты 
B)Ас ұсыну әдебі 
C)Қолға су құю әдебі 
D)Дастарқан әдебі 
E)Шай құю дәстүрі 
4.Мәтін мазмұнынан байқалатын қазақ халқына тән ерекше қасиеттер 
A)Ақкөңілдік, шешендік 
B)Қонақжайлылық, ізеттілік 
C)Естілік, көрегенділік 
D)Талғампаздық, ақылдылық 
E)Әдептілік, білімділік 
 
2.5-мәтін 
Ғылым артық па, әлде мал артық па? 
Бір  топ  адам  бірде  Әзірет  Әлі  шешенге  келіп:  «Бір  сұрақ  берейік,  егер  шын  саңлақ 
болсаң,  он  түрлі  жауап  тауып  сөйле»,-  дейді.  Сонымен  жаңағылар  Әзірет  Әлі 
шешенге: 
– Ғылым артық па, әлде мал артық па? – деп оқыстан сұрақ қойыпты. 
Сол мезетте шешен: 
–  Біріншіден,  ғылым  артық.  Өйткені  ғылым  –  әулие-әнбиелердің  мирасы;  ал  мал  – 
перғауын мен Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен 
сақтайсың.  Үшіншіден,  ғылымның  досы  көп,  ал  малдың  дұшпаны  көп.  Төртіншіден, 
ғылымды  жұмсасаң,  арта  береді,  малды  жұмсасаң,  азая  береді.  Бесіншіден,  ғылым 
саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ береді. Алтыншыдан, ғылым өзін-
өзі  сақтайды,  ал  малды  үнемі  бағып,  қағу  керек.  Жетіншіден,  ғылым  қиямет  күні 
иесіне  шапағатын  қылғызады,  ал  мал  иесіне  қисапсыз  жауап  бергізеді.  Сегізіншіден, 
ғылым  тозбайды,  жоғалмайды.  Ал  мал  болса,  қолдың  кірі,  өледі,  жоғалады. 
Тоғызыншы,  ғылым  көңілді  нұрландырады,  адамға  ақыл-ой  қосады,  ал  мал 
масаттандырады,  болған  үстіне  бола  берсе  екен  деп  дүниеқоңыз  етеді.  Оныншыдан, 
ғылым  құдайға  зәһәт,  таупиық,  ғибадат  қылады,  ал  мал  өз  иесінің  көңіліне 
тәкаппарлық салады, – деп тапқырлық танытыпты. 
1.Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл 
A)Жырлап айту 
B)Суреттеп айту 
C)Салыстыра айту 
D)Баяндап айту 
E)Жобалап айту 
2.Ғылымның дүниеден артықшылығы 
A)Адамға ақыл-ой қосады. 
B)Мінезін нашар жаққа өзгертеді. 
C)Адамды масаттандырады. 
D)Досың санаулы ғана болады. 
E)Адамның тынышын алады. 
3.Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған? 
A)Жетінші 
B)Үшінші 
C)Алтыншы 
D)Бесінші 
E)Төртінші 
4.Мәтін мазмұнына сай мақал 
A)Мың малың болғанша, 
Бір балаң ғалым болсын. 
B)Мал көтерер өлімді, 
Дос көтерер көңілді. 
C)Киім кірі жуса кетеді, 
Көңіл кірі айтса кетеді. 
D)Аңқау бөрі қой үркітеді 
Ақылсыз адам ел үркітеді. 
E)Атаңа не қылсаң, 
Алдыңа сол келер. 
 
 


 
 
 
2.6-мәтін 
Сократтың ақылы 
Сократқа біреу келіп: – Досың жайлы не естігенімді айтайын ба? – дейді. 
– Тоқта. Маған әңгіме айтар алдында үш сынақтан өтуіңді сұраймын. 
– Үш сынақ? 
– Иә, менің досым туралы сөйлер алдында, бір сәт тоқтап, айтатыныңды ой елегінен 
өткізіп алғаның абзал болар. Бірінші – “Шындық сынағы.” Досым туралы айтатының 
100 пайыз шындық екеніне сенімдісің бе? 
– Жоқ. Негізі біреудің айтқанын естідім де, содан... 
–  Жарайды.  Олай  болса,  сен  ол  әңгіменің  өтірік-рас  екенін  білмейсің.  Екінші  – 
“Жақсылық сынағы.” Досым туралы айтатының жақсы ма, әлде..? 
– Жоқ, жақсы емес, керісінше... 
– Сен рас болған-болмағанын білмей тұрып, досым туралы жаман нәрсе айтқың келе 
ме  сонда?  Оған  қарамастан  сынақтан  өтуің  мүмкін,  соңғы  –  “Керектілік  сынағы.” 
Досым туралы айтатының керегіме жарай ма? 
– Білмеймін ғой енді, бәлкім... 
– Түсінікті. Маған айтатының шындық емес, жақсылық емес және қажеті жоқ нәрсе. 
Оны айтып несіне әуре боласың? 
1.Мәтін мазмұны бойынша 3 сынақтың реттілігі 
A)Жақсылық, керектілік, шындық 
B)Жақсылық, шындық, керектілік 
C)Шындық, керектілік, жақсылық 
D)Шындық, жақсылық, керектілік 
E)Керектілік, шындық, жақсылық 
2.Мәтін бойынша әңгіменің тыңдаушыға пайдалы-пайдасыздығын анықтайтын сынақ 
A)«Адалдық» сынағы 
B)«Керектілік сынағы» 
C)Барлық үш сынақ 
D)«Жақсылық сынағы» 
E)«Шындық сынағы» 
3.Сократқа әңгіме айтушының соңғы әрекеті 
A)Әңгімесін айта алмады 
B)Сократтың сынағынан сәтті өтті 
C)Сократтан алғыс алды 
D)Әңгімесін толық айтып берді 
E)Әңгімесін қызықты баяндады 
4.Сократтың ақылының түйіні 
A)Жаман әдеттен аулақ бол 
B)Досыңды бағалай біл 
C)Танитын адам туралы ғайбат сөйлеме 
D)Қолыңнан келсе жақсылық жаса 
E)Тыңдай білу – әдептілік белгісі 
 
2.7-мәтін 
Ұрпақ заманынан озбаса... 
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап 
беретін. Бірде ол әкесінен: 
– Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтарының басқан 
ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі: 
– Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп 
отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, 
демек,  сенен  де  бір  ақылды  адам  шығар.  Ол  тағы:  Бұрын  шыққан  құлақтан  кейін 
шыққан мүйіз озатынының да белгісі, – деді. 
Бала: 
– Бұрын шыққан  құлақтан  кейін шыққан  мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкесінен. 
Әкесі: 
–  Иә,  балам.  Мәселен,  құлақ  туа  бітеді.  Ал  мүйіз  болса  малдың  төлі  туғанда 
болмайды.  Кейін,  үлкейе  келе,  біртіндеп  өсе  келе  құлақтан  да  озып,  ұзарып  кетеді. 
Өзің  қарашы,  ана  ала  тайыншаның  туғанда  мүйізі  бар  ма  еді?  Жоқ  болатын.  Ал 
құлағы  ше?  Құлағы  бар  болатын.  Бір  айдан  кейін  мүйіз  шыға  бастады.  Келер  жылы 


 
 
 
мүйізі  құлағынан  әлдеқайда  ұзын  болып  өседі.  Сен  ақылдысың.  Демек,  Ақбақайдың 
артқы  аяғы  алдыңғы  аяғынан  озып  түскеніндей,  ала  тайыншаның  туғанда  жоқ 
мүйізінің  туғанда  бар  құлағынан  асқанындай,  сен  де  үлкейгенде  қатарыңнан  озасың, 
балам.  Олай  етпесең,  сенің  менен  туған  ұрпақ  болғаның  қане?  Ұрпақ  заманынан 
озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, – деді әкесі. 
1.Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал 
A)Күш атасын танымас. 
B)Тілі тәтті – көңілі қатты. 
C)Шешінген судан тайынбас. 
D)Жақсы бала – әкеге құт. 
E)Талайлымен таласпа. 
2.Әкесі неге риза болды? 
A)Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына 
B)Баласына орынды ақыл айтқанына 
C)Баласының аттың сырын білетіндігіне 
D)Баласының білімпаздығына 
E)Жақсы мысал табылғанына 
3.Баланың әкесіне қатысты сипаттама 
A)Көңілді 
B)Сабырлы 
C)Сымбатты 
D)Еңбекқор 
E)Адал 
4.Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен 
озғаныңды қалаймын» деген сөзінің мағынасы 
A)Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені. 
B)Ақылы жасына сай болсын дегені, 
C)Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені. 
D)Өнер, білім таңдауда абай бол дегені. 
E)Қатарынан қалмай өссін дегені 
 
2.8-мәтін 
«Отырар сазы» қазақ өнері аспанында 
1.Халқымыздың  асыл  перзенті  Нұрғиса  Тілендиев  «Отырар  сазы»  деп  аталатын 
қайталануы,  теңесері  сирек  тұнық  қайнардың  көзін  ашты.  «Менің  арманым  – 
өмірімізден  де,  әдебиетімізден  де  бөлшектенбеген  тұтас  халқымды  көру  және  оның 
өткенін  де,  бүгінін  де,  ертеңін  де  айқын  елестету.  Осы  ізгі  ниетпен  «Отырар  сазын» 
құрдым. Халқымның жанын ашуға талпындым», – дейді Нұрағаң бір сөзінде. 
2.Нұрағаң  бұл  игілікті  істі  алғашында  небәрі  алты  музыкант,  екі  әншімен  жүзеге 
асырды.  Алғашқы  концертте  ансамбль мүшелерінің  саны  он  жеті  болды.  1985  жылы 
Москваның  Чайковский  атындағы  өнер  сарайында  өткен  ойын-сауықта  «Отырар 
сазының»  даңқы  шырқады,  ол  оркестр  дәрежесіне  бір-ақ  көтерілді.  Мүшелер  саны 
алпыстан  асқан  «Отырар  сазы»  1985  жылы  Бүкілодақтық  жастар  фестивалінде 
лауреат  атанды.  Осы  жылы  ол  Бүкілодақтық  Ленин  комсомолының  сыйлығын 
иеленді. Мұның алдында «Отырар сазына» Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы берілген. 
Қазаққа  тән  музыка аспаптарының  көнелері  мен  жаңаларын  үйлесімді  түрде  сахнада 
«өз тілімен» сөйлеткен «Отырар сазының» атақ-даңқы дүние жүзіне танылды. 
3.Нұрғиса оркестрді мүлде беймәлім және ұмыт қалған ұлттық музыка аспаптарымен 
толықтыруға  баса  назар  аударды.  Сол  себепті  де  оның  үні  сан  алуан.  «Отырар 
сазының» репертуары аса бай. Онда Алтайдан Атырауға дейінгі халық ән-күйлері мен 
саз-толғаулары  мол.  «Отырар  сазында»  ежелгі  ата  жұртымыздың,  қазақ  елінің 
мақтанышына айналған Нұрғисаның авторлық әндері мен күйлері де жиі естіледі. 
1.Екінші бөлімнің бірінші бөлімге қатысы 
A)Ойды шиеленістіреді. 
B)Ойды байланыстырады. 
C)Ойды дамытады. 
D)Ойды пайымдайды. 
E)Ойды қорытындылайды. 


2.Ең алғаш «Отырар сазының» қанша мүшесі болды? 
A)20 
B)60 
C)15 
D)25 
E)8 
3.«Отырар сазының» басты ерекшелігі 
A)Ежелгі ұлттық аспаптар бар. 
B)Нұрғисаның әндері жиі орындалады. 
C)Репертуарлары өте бай. 
D)Ән-күйлері мол. 
E)Атақ-даңқы дүние жүзіне танылды. 
4.Нұрғиса Тілендиевтің «Отырар сазын» құрудағы мақсаты 
A)Жастар фестиваліне қатысу үшін. 
B)Қазақ халқының бар болмысын паш ету үшін. 
C)Халқының мақтанышына айналу үшін. 
D)Ленин комсомолының сыйлығын алу үшін. 
E)Атағын шығару үшін. 
 
 
 


 
 
 
2.9-мәтін 
Бүгінгі Астана – Қазақстанның жүрегі 
I.Қазақстанның  астанасы  –  жас,  қарқынды  дамып  келе  жатқан,  Елбасының  қазіргі 
геосаяси  және  геоэкономикалық  жағдайда  мықты  демократиялық  мемлекет  құру 
туралы  идеясын  жүзеге  асырған  қала.  Бұл  ерек,  таңғажайып  аурасы  бар  мекен  және 
барша қазақстандықтардың мақтанышы деп айтсақ артық емес. 
II.Бүгінде  бұл  жерде  1994  жылы  Президентіміз  астананы  көшіру  жөніндегі  тарихи 
шешім  қабылдағанда  бастау  алған  жасампаздық  энергия  шоғырланған.  Жекелей 
алғанда,  астананы  көшіру  –  батыл  ғана  емес,  бірінші  кезекте  стратегиялық  қадам. 
Бүгінгі  күні  адамзат  тарихында  бұған  ұқсас  25-тен  астам  оқиға  бар.  Алайда,  жаңа 
Астананы  басынан  бастап  жаңадан  салу  оқиғалары  саусақпен  санарлық.  Әрине,  бұл 
оңай  әрі  асығыс  қабылданған  шешім  емес,  көптеген  аспектілерді,  өзгешеліктерді 
ескеру  қажет  болды.  Астананың  артықшылығы:  орталықта  орналасуы,  аумағының 
кеңдігі, негізгі экономикалық орталықтар мен көлік магистраліне жақындығы, жақсы 
экологиялық жағдайы. 
III.Шынында,  бүгін  мұрағаттағы  провинциалды  Ақмоланың  сарғайған  суреттерін 
қарап  отырып,  қазіргі  сауда,  ойын-сауық  орталықтары  мен  көп  қабатты  зәулім 
үйлердің, кең әрі жарық даңғылдардың орнында аз ғана уақыт бұрын сүйектен өтетін 
солтүстік  желі  соғып  тұрған  саяжай  үйлері  болғанын  елестету  қиын.  Қазір  қаланың 
бейнесі түбегейлі өзгерді және бізді үнемі таң қалдырып келеді. Жаңа бейнемен қоса, 
оның ішкі рухани әлемінде де өзгерістер болды. Осында тұратын әрбір тұрғын осыны 
сезінетіні сөзсіз. 
IV.Мен  үшін  және  тағдырын  Астанамен  байланыстырған  көптеген  қазақстандықтар 
үшін  бұл  жай  ғана  қала  емес,  бірінші  кезекте  –  үздік  урбанистикалық  идеялар  мен 
заманауи инновацияларды бойына жинаған таңғажайып астана. Бүгінгі күні Астананы 
көшіру  уақытылы  әрі  қажетті  қадам  болғаны,  экономикалық  реформалармен  қатар 
еркін мемлекетіміз дамуды іске асырудағы маңызды стратегиялық ресурс екені айқын 
болып отыр. 
V.Астана  –  тәуелсіз  Қазақстанның  дамуының  көрінісі,  жарқын,  терең  ойдың  іске 
асуының символына айналды. 
1.Астананың өткені мен бүгінгісі салыстырмалы түрде сипатталатын азатжол 
A)II 
B)III 
C)V 
D)I 
E)IV
 
2.Бөлім реті мен мәтін мазмұнының сәйкес келуі 
A)III – Маңызды стратегиялық ресурс 
B)I – Елбасының тарихи шешімі 
C)V – Астана – егемендік символы 
D)IV – Астананың артықшылығы 
E)II – Елбасы идеясы туралы 
3.Мәтін бойынша Астананың артықшылығына қатысы жоқ нұсқа 
A)Жақсы экологиялық жағдайы 
B)Көлік магистраліне жақындығы 
C)Шығыста орналасуы 
D)Аумағының кеңдігі 
E)Орталықта орналасуы 
4.Тұжырымдардың дұрысы 
1.Астананы көшіру – стратегиялық қадам. 
2.Астананы басынан бастап салу – өте жиі кездеседі. 
3.Астананы ауыстыру – экономикалық реформаларды іске асырудың бір көрінісі. 
A)Үшеуі де бұрыс 
B)Үшеуі де дұрыс 
C)Екіншісі мен үшіншісі 
D)Біріншісі мен үшіншісі 
E)Біріншісі мен екіншісі 
 


 
 
 
2.10-мәтін 
Жемісті шыбық 
Бір ауылда егде тартқан қарт кісі өмір сүріпті. Жастайынан еңбекқор қария еш тыным 
таппайды  екен.  Ауылдастары  оған  қызыға  қарайтын  болыпты.  Бірде  бай  кісі  қарт 
адамның  кішкене  жеміс  ағашының  шыбығын  отырғызып  жатқанын  көріп  оған 
таңғалыпты. Үндемей қалуды жөн көрмеген бай қарияға: 
– Атай, сіз ғой қартайдыңыз. Отырғызған ағашыңыздың жемісін көре алмайсыз, олай 
болса неге осынша бейнеттеніп жатырсыз? – дейді. 
Қарт байға күлімсіреп қана қарап тұрып: 
–  Бізден  бұрынғылар  ағаш  отырғызды,  жемісін  біз  жедік.  Енді  біз  де  отырғызайық, 
жемісін кейінгілер жесін, – деп жауап береді. 
Бай кісі оның жауабына риза болып, қартқа бір  уыс ақша береді. Тағы да күлімсірей 
қараған қарт: 
– Көрдің бе, балам, бұл шыбықтың жемісін, міне, мен де көрдім, – дейді. 
1.Қарияның іс-әрекетін ашатын нұсқа 
A)Қарт кісі 
B)Шежіреші қарт 
C)Қарт адам 
D)Ақсақал 
E)Қазыналы қарт 
2.Мәтінге сәйкес мақал 
A)Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің 
B)Шымырдың сезімі сергек 
C)Ата көрген оқ жонар 
D)Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын 
E)Бұлақ көрсең, көзін аш. 
3.Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз 
A)Қария бай кісіге не берді? 
B)Бай неліктен таңданды? 
C)Бай қарияға не берді? 
D)Қария қандай адам еді? 
E)Қария неліктен ағаш отырғызды? 
4.Мәтін мазмұнынан алшақ ой 
A)Бай адам 
B)Еңбекқор қария 
C)Ғибрат болар жауап 
D)Ағаш шыбығы 
E)Алма ағашы 
 
2.11-мәтін 
Теңіз жұлдызы 
Теңіз  жағасын  жағалап  келе  жатқан  бір  кісі  жерден  бір  нәрселерді  алып  теңізге 
лақтырып  жатқан  бір  баланы  көреді.  Жақындағанда  оның  толқынмен  жағаға  шығып 
қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін 
созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен. 
– Сен не істеп жатырсың? – деп сұрайды әлгі кісі. 
–  Бұлар  ертең  су  қайтқанға  дейін  жағада  қалып  қойса,  өліп  қалады  ғой,  –  дейді  бала 
таңырқап. 
– Бұл ақымақтық қой! – дейді әлгі адам, – қарашы, олар қаншама, жағада  мың емес, 
миллионы  жатыр.  Бір  өзің  ештеңе  өзгерте  алмайсың,  сенің  осы  жасап  жатқан 
тірлігіңнің мәні бар ма? 
Бала  шамалы  ойланып,  келесі  теңіз  жұлдызын  қолға  алады  да,  теңізге  қайтарып 
жатып: 
– Дәл осы жұлдыздың тағдыры үшін жасағанымның мәні үлкен, – депті. 
1.Мәтін мазмұнынан тыс ой 
A)Бейтаныс адам 
B)Теңіз жұлдыздары 
C)Жұлдызды аспан 
D)Мейірімді бала 
E)Теңіз жағасы 
2.Баланың соңғы сөзіне қатысты мақал 
A)Жамандық жақын, жақсылық алыс 
B)Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды 


 
 
 
C)Еңбегі аздың – өнбегі аз 
D)Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен 
E)Көп – қорқытады, терең – батырады 
3.Мәтіндегі баланың іс-әрекетіне сәйкес мінездеме 
A)Тентек 
B)Қызба 
C)Сотқар 
D)Қырсық 
E)Мейірімді 
4.Баланың соңғы сұраққа жауап бергендегі іс-әрекеті 
A)Ойланады 
B)Үндемейді 
C)Ашуланады 
D)Ұялады 
E)Таңырқады 
 
2.12-мәтін 
Қазақ халқы баланың қол-аяғы түзу өсіп, қалыпты жетілуі үшін оны бесікке бөлейді. 
Нәрестені  шыт  матадан  тігілген  жөргекпен  құндақтайды.  Себебі  шыт  мата  бала 
денесін терлетпей, ауа өткізіп тұрады. 
Балаға арнайы тігілген екі жөргектің бірі бесікке, бірінші жөргектің үстіне, бір жарым 
қарыстай  жоғары  төселеді.  Жоғары  шығып  тұрған  жөргекке  баланың  маңдайын 
жауып тұратындай етіп басын, қолын құндақтайды, ол баланың мойны қисаймай, тік 
қалыптасуына негіз болып, құлағын, басын суық тиюден сақтайды. Бала есейіңкіреген 
кезде  оның  басын  қосып  құндақтамай,  басына  жыл  маусымына  қарай  бас  киім 
кигізеді.  Бір  жарым  қарыс  төмен  төселген  жөргек  баланың  жамбас  бөлігін  жауып 
тұрады.  Бала  жөргектен  қолын  босатып  алмау  үшін,  шынтақ  тұсынан  бесік  баумен 
байланады.  Түбекті  қойып,  шүмегін  салған  соң,  түбектен  төмен  төселген  жөргекпен 
баланың  аяғын  түп-түзу  етіп  қосып  құндақталады.  Жөргектің  екі  ұшын  айқас 
шығарып, тізесінің үстінен келтіріп, баланың аяғына батуы мүмкін болғандықтан, екі 
ұшын  байламай,  кері  қайтарып  шетіне  тығып  қояды.  Жөргектің  аяқ  ұшына  қараған 
бөлігі кері  қайтарылып жабылып, бесік баумен байланады.  Кейде баланың екі аяғын 
қосып  құндақтағанда,  тізелері  мен  тобықтарының  аралары  бір-біріне  тиіп  қызарып 
кететін  жағдайлар  болады.  Мұндайда  төмен  төселген  жөргекті  кері  қайтарғанда,  тізе 
және  тобық  араларына  шыт  жөргекті  қалдыра  отырып  құндақтайды.  Жаз  мезгілінде 
бесікке бөленген баланың сыртынан мақта матадан тігілген жөргекпен қымтап жауып 
жатқызады.  Егер  қыс  мезгілі  болса,  мақта  салынып,  тысы  да,  астары  да  шыттан 
арнайы тігілген көрпемен үстінен жылы жауып қояды. 
Бөленген  баланың  ұйқысы  тыныш  болады  және  бесік  ананың  емізуіне  де  өте 
ыңғайлы. 
1.Баланы бөлегенде жөргек үстінен байлау үшін қажетті бесік құралы 
A)Көрпе 
B)Киім 
C)Бау 
D)Түбек 
E)Шүмек 
2.Мәтін мазмұны бойынша баланың қыс мезгіліндегі жамылғысы 
A)Түйе жүні салынып жібектен тігілген көрпе 
B)Астары шыттан тігілген жүн көрпе 
C)Мақта салынып шыттан тігілген көрпе 
D)Мақта матадан тігілген жөргек 
E)Мақта салынып сәтеннен тігілген көрпе 
3.Баланың бесік жөргегінің саны 
A)3 
B)4 
C)7 
D)1 
E)2 
4.Баланы шыт маталы жөргекпен құндақтаудың себебі 
A)Баланың кіндігіне суық тимеу үшін 
B)Бала тез өсуі және бойы ұзын болуы үшін 
C)Баланың денесі терлемес үшін 
D)Баланың денесіне күн тимеу үшін 
E)Баланы мойны тез беку үшін 
 


 
 
 
2.13-мәтін 
Махамбеттің  әкесі  ары  таза,  әділ  әрі  батыл  жан  еді.  Ол  өз  балаларын  балапанын 
баулыған қырандай тәрбиеледі. Аяған емес, мүсіркеген емес, қаршадай кездерінен-ақ 
асау атқа мінгізіп, садақ тартуды, қылыш шабу мен найза ұстауды үйретті. 
Балалары  батыл  боп  өсті.  Ең  үлкені  Бекмұхамбеттің  басқаларынан  гөрі  ақыл-
парасаты  молдау  еді.  Ал  кенжесі  Мұса  қой  аузынан  шөп  алмайтын  ұяң,  ешкіммен 
жұғыса қоймайтын үндемес, бұйығы болатын. 
Он  алты  жасында  Махамбет  жез  таңдай  ақын  атанды.  Кез  келген  ауыл  оны 
қошеметпен  қарсы  алатын  болды.  Әдетте  көп  мақтау  айтпайтын,  сөзге  сараң 
ақсақалдар  бұл  дегенде  сайрап  қоя  беретінді  шығарды.  Ауызға  ілінген  талай-талай 
танымал  ақындарды  оп-оңай  жеңіп,  айбынын  асырды.  Бүл  келгенде  старшындар  да, 
батырлар  да  қол  қусырып,  есік  ашатын  болды.  Оның  даңқы  бүкіл  Кіші  жүздің 
ауылдарын  шарлап  өтіп,  Еділ  бойындағы  Ноғайлыға,  Қаратауды  жайлаған  Шектіге, 
одан асып, қаптаған қалың Қыпшаққа, Арқадағы Арғын мен Найманға жетті. 
1.Халықтың Махамбетке деген құрметі қай сөйлемнен көрінеді? 
1)Әдетте көп мақтау айтпайтын, сөзге сараң ақсақалдар бұл дегенде сайрап қоя 
беретінді шығарды. 
2)Ауызға ілінген талай-талай танымал ақындарды оп-оңай жеңіп, айбынын асырды. 
3)Бұл келгенде старшындар да, батырлар да қол қусырып, есік ашатын болды. 
A)Бірінші мен үшінші сөйлемдерден 
B)Бірінші мен екінші сөйлемдерден 
C)Екінші мен үшінші сөйлемдерден 
D)Барлық сөйлемнен 
E)Үшеуінен де көрінбейді 
2.Махамбеттің кіші бауыры қандай бала еді? 
A)Өткір 
B)Сөзшең 
C)Шешен 
D)Ашық 
E)Жуас 
3.Махамбеттің жез таңдай ақын аталған шағы. 
A)Бозбала кезінде 
B)Даңқы Кіші жүзге жайылғанда 
C)Ақсақалдар қошеметіне бөленгенде 
D)Даңқы асқақтағанда 
E)Талай ақынды оп-оңай жеңгенде 
4.Мәтінде Махамбет өмірінің қай кезеңі суреттеледі? 
A)Жігіттік кезі 
B)Жігіт ағасы болған кезі 
C)Қарттық шағы 
D)Балалық шағы 
E)Мосқал шағы 
 
2.14-мәтін 
Улы  бақалар  Бразилияда  көп  таралған.  Олар  субтропикалық  және  тропикалық 
ылғалды ормандарда және сулы батпақтарда тіршілік етуге бейімделген. 
Улы  бақаның  денесінің  ұзындығы  –  небәрі  30-40  мм,  яғни  5  см-дей.  Егер  оларды 
ашық  жерге  қойса,  қанық  көруге  болады.  Денесі  қара  түсті,  бірақ  арқасында  түрлі-
түсті  қанық  дақтары  бар.  Осыған  байланысты  оларды  «дақты  садақ  бақа»  деп  те 
атайды. Табиғи ортасында бүл дақтар қызыл, сары, ақ түсті болады. «Садақ бақа» деп 
аталу  себебі,  Американың  жергілікті  тұрғындары  –  үндістер  ертеректе  осы 
бақалардың  уын  садақтарының  ұшына  жаққан.  Бұл  бақаның  1  грамм  уы  100  мың 
адамды уландыра алады. 
Зерттеуші  мамандардың  пайымдауынша,  бұл  бақалардың  уының  құрамында  бүгінде 
ең қауіпті болып саналатын батрахоносин уы бар. 
Улы  бақа  5-10  жұмыртқасын  ылғал  жерге  салады.  Ұрпақтары  10-14  күнде  дамып 
жетіледі. Олар топталып жүреді. 
Улы  бақалар  құрлықта  тіршілік  ететін  түрге  жатады.  Күндіз  белсенділік  танытады. 
Көбіне биіктеу жерлерде, құлаған ағаштардың үстінде отырады. 
Улы бақаларды жасанды ортада мөлшері 60x40x40 см болатын әйнек қораптарда 25-
27 °С температурада өсіруге болады. 


 
 
 
1.Неліктен улы бақаны ашық жерде анық көруге болады? 
A)Түсі тым қанық 
B)Тым кішкентай 
C)Топталып жүреді 
D)Жетілмегендіктен 
E)Денесі қап-қара 
2.Мәтінді жазудағы автор мақсатын көрсетіңіз. 
A)Бақалар тіршілігі туралы ақпараттандыру 
B)Ғалымдардың көңілін аудару 
C)Тропикалық жер туралы ақпарат беру 
D)Бразилия құрлығын таныту 
E)Зерттеушілердің пікірін білу 
3.Тұжырымдардың қайсысы дұрыс: 
1.«Садақ бақаның» 1 г уы 100 адамды уландырады 
2.Ұрпақтары 10-14 күнде дамып жетіледі 
3.Уының құрамында батрахоносин бар 
A)Екінші дұрыс 
B)Екінші мен үшінші дұрыс 
C)Үшінші дұрыс 
D)Үшеуі де дұрыс 
E)Бірінші мен үшінші дұрыс 
4.«Садақ бақа» аталуының себебін анықтаңыз. 
A)Удың денеге тез жайылуына байланысты 
B)Бақалардың дене тұрқына байланысты 
C)Үнді халқының тапқырлығына байланысты 
D)Бақаның қанық дақтарына байланысты 
E)Уын садақтың ұшына жағуына байланысты 
 
2.15-мәтін 
1.Тоғызқұмалақ  –  ата-бабамыздан  қалған,  төрт  мың  жылдық  тарихы  бар  асыл 
мұраларымыздың бірі. Қазақ халқының ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, 
А.Құнанбаев  тоғызқұмалақ  ойынын  ерекше  мадақтаған,  әсіресе,  Абай  ақын  бұл 
ойынды сүйсініп ойнаған. 
2.Қазіргі  таңда  республика  бойынша  қазақтың  төл  ойыны  –  тоғызқұмалақпен 
шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тек шетелдегі қазақтар ғана 
емес,  сонымен  бірге  Англия,  Франция,  Германия,  Испания,  Чехия,  Ресей,  Украина, 
Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халық арасында тоғызқұмалақ ойнаушылардың 
саны артуда. 
3.Тоғызқұмалақ  ойынының  мәні  –  адамға  үйлесімді  тәрбие  беру,  кез  келген  жанның 
ақыл-ойын  шыңдау,  ми  қызметін  дамыту  және  қоғам  алдындағы  жауапкершілігін 
арттыру.  Ойын  екі  ойыншының  арасында  өтеді.  Ойынды  бастайтын  ойыншыны  – 
«бастаушы»,  ал  оның  қарсыласын  «қостаушы»  деп  атайды.  Бастаушы  ойыншы 
жеребе 
арқылы 
немесе 
рейтингілік 
көрсеткіштер 
бойынша 
анықталады. 
Тоғызқұмалақ  ойынында  қарсыластар  алма-кезек  жүрістер  жасайды.  Ойын 
«тоғызқұмалақ  тақтасы»  деп  аталатын  арнаулы  тақтада  ойналады.  Ойында  шар 
тәріздес  құмалақтар  пайдаланылады.  Бұл  тақта  тең  екі  бөлікке  бөлінген  он  сегіз  тік 
және  екі  көлденең  отаулардан  тұрады.  Тең  екі  бөліктің  әрқайсысында  тоғыздан  отау 
және  бір-бірден  қазан  болады.  Бүл  қазанға  әр  ойыншы  ұтып  алған  құмалақтарын 
салады.  Әр  ойыншының  қазаны  өз  бөлігінде  емес,  қарсыласының  жағында 
орналасады.  Отаулардың  рет  сандары  1-ден  9-ға  дейін  белгіленіп,  солдан  оңға  қарай 
орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар 
кезде  әр  ойыншының  жағында  81  құмалақ  болып,  ойынға  жалпы  162  құмалақ 
қатысады. 
1.Мәтіннің үшінші бөлімінде айтылған ой 
A)Тоғызқұмалақ ойынының дамуы туралы 
B)Тоғызқұмалақ ойынының тарихы туралы 


 
 
 
C)Осы ойынды ұнатқан ағартушылар жайында 
D)Бұл ойынның шетелге белгілі болғандығы 
E)Тоғызқұмалақ ойынының шарты туралы 
2.Мәтіндегі «тоғыз» санына қатысты дұрыс ақпарат 
A)Ойыншылар бар болғаны 9 жүріс жасайды 
B)Ойында қолданылатын жалпы құмалақ саны – 9 
C)Отау саны – 9, ойын басындағы құмалақ саны – 9 
D)Ойынның 9 мың жылдық тарихы бар 
E)Ойында қазандық саны – 9, ойыншы саны – 9 
3.Тоғызқұмалақ ойынының ерекшелігі 
A)2 тік, 18 көлденең отауы бар тақтамен ойналады 
B)Әр ойыншы қазаны тақтаның өзі жақ бөлігінде болады 
C)Ойын тоғыз құмалақпен ғана ойналады. 
D)Ойын – төрт мың жылдық тарихы бар мұра. 
E)Ойын тақтасында ойыншыларға ортақ бір қазан болады. 
4.Тоғызқұмалақ ойыны белгілі болып, ойнаушылар саны артқан шет елдер 
A)Қытай, Корея 
B)Чехия, Жапония 
C)Ресей, Италия 
D)Франция, Испания 
E)Англия, Австрия 
 
2.16-мәтін 
Айсыз  ашық  аспанда  біз  екі  жарым  мыңнан  үш  мыңға  дейін  жұлдыз  көре  алады 
екенбіз. Бұл алып қызған газ шарлардың бізге қайсыбірі жақын, енді бірі алыс, түстері 
де, көлемдері де әр алуан болып көрінеді. 
Температура  неғұрлым  жоғары  болса,  жұлдыздар  соғұрлым  жарқырап  көрінеді, 
температурасы  төмен  болса,  көмескі  тартады.  Жұлдыздардың  түсі  қандай  болып 
көрінуі  таза  сыртқы  ықпалға,  мысалы,  атмосфераның  ластануына  да  байланысты. 
Жерден  неғұрлым  алыстаған  сайын  атмосфера  соғұрлым  таза  болады  да,  жұлдыздар 
көгере  жарқырап  көрінеді.  Олардың  поляр  шеңберінде,  биік  таулардың  басынан 
қарағанда көкпеңбек болып көрінетіні содан. 
Бұрынғы  замандарда  бірқатар  елдерде  жастарды  әскер  қатарына  алғанда  көзінің 
кінәратсыздығын осы жұлдызды көре алуына қарап анықтайды екен. 
1.Тұжырымдардың дұрысы: 
1)Атмосфера жерден алыстаған сайын тазара береді де, жұлдыздар көкшіл болып 
жарқырайды. 
2)Ертеде жастардың жұлдыздарды көре алу қабілеті арқылы көз жанарының көру 
деңгейін анықтаған. 
3)Ашық аспанда 2500-3000-дай жұлдыз көруге болады. 
A)Тек біріншісі 
B)Екінші мен үшіншісі 
C)Тек екіншісі 
D)Үшінші мен біріншісі 
E)Үшеуі де 
2.Поляр шеңберінде жұлдыздардың көрінуі 
A)Көрінбейді 
B)Көмескі 
C)Шоғырланып 
D)Көкпеңбек 
E)Сирек 
3.Жұлдыздардың жарқырап көріну себебі 
A)Сыртқы ықпалдың әсері болмағандықтан 
B)Жерден алыс болғандықтан 
C)Поляр шеңберінде болғандықтан 
D)Температура жоғары болғандықтан 
E)Атмосфераның лас болғандығынан 
4.Мәтіннің негізгі ойы қандай? 
A)Жұлдыздар санын айқындау 
B)Жұлдыздардың зерттелуі туралы 


 
 
 
C)Жұлдыздардың көлемін айқындау 
D)Поляр шеңбері туралы 
E)Жұлдыздар туралы ақпарат беру 
 
2.17-мәтін 
1.Әкесі мен баласы орманда серуендеп жүріп баласы шалынып құлап түседі. Ауырған 
жері  жанына  батқандықтан  “Аххх!”  деп  айқайлап  жібереді.  Жандарындағы  таудан 
“Аххх!” деген дауыс естігенінде бала таң қалады. 
2.Еш нәрсені түсінбеген бала “Сен кімсің?” – деп айқайлайды. Алған жауабы тағы да 
“сен  кімсің?”  болып  келеді.  Бұл  жауапқа  ашуланып  “Сен  қорқақсың!”  –  деп 
айқайлайды. Таудан келген дауыс “Сен қорқақсың!” – деп жауап береді. Бала әкесіне 
бұрылып  сұрайды:  “Әке,  не  болып  жатыр?”  Әкесі:  “Балам,  тыңда  және  үйрен!”  деп 
тауға  қарап:  “Мен  саған  қайран  қалдым!”  –  деп  айқайлайды.  Қайтқан  жауап  тағы  да 
“Мен  саған  қайран  қалдым!”  –  деп  келеді.  Әкесі  қайтадан  айқайлайды,  “Сен  өте 
әдемісің!” Жауап тағы “Сен өте әдемісің” болып келеді. Бала қатты таң қалады, бірақ 
әлі не болғанын түсінбейді. 
3.–  Адамдар  бұны  жаңғырық  деп  атайды,  бірақ  негізінде  бұл  –  өмір.  Өмір  әрқашан 
сенің  бергендеріңді  өзіңе  қайтарады.  Өмір  –  жасаған  мәмілеміздің  айнасы.  Өзіңді 
жақсы  көргізгің  келсе,  алдымен  өзің  жақсы  көр!  Саған  жақсы  мәміледе  болуын 
қаласаң,  өзің  басқалармен  жақсы  қарым-қатынаста  бол!  Адамдардан  құрмет  көргің 
келсе,  адамдарды  құрметте!  Адамдардың  сабырлы  болуын  қаласаң,  сен  де  сабырлы 
болуды  үйрен!  Бұл  қағида  өмірдің  барлық  кезеңі  үшін  бірдей.  Өмір  –  кездейсоқтық 
нәрсе  емес,  жасаған  әрекеттеріміздің  айнадан  кері  шағылысуы,  –  деп  әкесі  оған 
түсіндіреді. 
1.Мәтінге қандай мақал сәйкес келеді? 
A)Сабыр түбі – сары алтын. 
B)Ұлдың ұяты әкеге. 
C)Ақжүрек адам азбайды. 
D)Әке – балаға сыншы. 
E)Үлкенді сыйласаң, қадірлі боласың. 
2.Мәтінге қай тақырып сәйкес келеді? 
A)Өмірдің жаңғырығы 
B)Жақсы сөз – жарым ырыс 
C)Баланың қорқынышы 
D)Әке өкініші 
E)Ақылсыз бала 
3.Үшінші азатжолға қатысты негізгі түйін. 
A)Өмір сынағына төзе білу 
B)Түрлі іс-әрекеттер 
C)Үнемі сыйластықта болу 
D)Өмір кезеңдері 
E)Өзгеге өзіңді сыйлата білу 
4.«Мен саған қайран қалдым», «Сен өте әдемісің» деген әке сөзінің астары қандай? 
A)Баланың кінәсын мойындату 
B)Өз сөзін қайталатқызу 
C)Балаға сенімсіздік таныту 
D)Баланы жақсы ойға жетелеу 
E)Өзін ерекше етіп көрсету 
 
2.18-мәтін 
Қазақтың  таным-түсінігінде  қазанның  алатын  орны  ерекше.  Мысалы,  Түркістандағы 
тайқазанды алайықшы. Бұл тайқазан – берік дәстүрден тамыр алып, исламдық мәнмен 
астасқан көне мұрамыз. Бұл тайқазан – тұтастығымыздың, игілікті істердің символы. 
Тайқазан  сонау  1399  жылы  сирек  кездесетін  жеті  түрлі  асыл  металдың  қоспасынан 
құйылған. 
Негізінде,  мұндай  алып  қазан  жасау  дәстүрі  сақ,  ғұн,  үйсін  дәуірлерінде  де  болған 
екен.  Қазақ  береке  мен  бірліктің  белгісі  санағандықтан,  мұндай  алып  қазанды 
билеушілер мен әскербасылардың қабіріне қойған. Зиярат етіп келген адам қазандағы 
суды ішіп шөлін басып, қабір иесіне дұға бағыштаған. Бейіт басындағы қазанға қарап, 


 
 
 
марқұмның жай адам емес, ел билеген көсем, жау жапырған батыр болғанын білген. 
Бұрындары сақ елінің бірлігі бұзылып, ел ішін алауыздық жайлай бастапты. Сол кезде 
ел  көсемдері  халықтың  басын  біріктіру  үшін  үлкен  қазан  құюды  бұйырады.  Сақ 
сарбаздары жебелерінің мыс масағын жинап, балқытып, содан алып қазан құйған. Сол 
қазанға пісірілген тағамнан дәм татқан сақтар өкпе-наздарын ұмытып, қазан басында 
қайтадан  татуласқан.  Мұны  тарихтың  атасы  Геродот:  «Сақ  патшасы  Арриант 
жауынгерлерінің бүкіл жебесін бір жерге жинап балқытқызып, үлкен қазан құйдырған 
да,  оны  елден  ерек  қызметкерінің  құзырына  қаратқан»  деп  жазады.  Қазан  қазақтың 
қорғаны да болды. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманында босқын халық 
бауырындағы баласын төңкерілген қазан астына жасырып аман алып қалған. 
Міне,  осыларды  көріп  тұрып,  қазақ пен  қазанды  қалай  егіз  демессің!  Өкінішке  орай, 
осы  ұлттық  құндылықтарымызды  жоғалтып  бара  жатқандаймыз.  Ауылда  өскен  қара 
баланы жетілдірген қара қазан еді, бәріміз де қазанның түбіндей несібемен жетілдік. 
1.Сақ көсемдерінің қазан құйғызудағы мақсаты 
A)Халықтың басын біріктіру үшін. 
B)Наурыз көже қайнату үшін. 
C)Әскерге мол тамақ даярлау үшін. 
D)Геродотқа сыйға тарту үшін. 
E)Ұрпақтарына қорған болу үшін. 
2.Әскербасыларының қабірінің басына қазан қоюдың мәнісі. 
A)Жаугершілік заманда қорған болады деген үмітпен. 
B)О дүниеде керек болады деген сенімнен. 
C)Жерленген адамның ерекшелігін көрсету үшін. 
D)Ұрпақтарынан қалған естелік. 
E)Ата-бабамыздан қалған дәстүр. 
3.Мәтіннің соңғы бөлігіндегі айтылған ойға сәйкес нұсқа. 
A)Қазан астына балаларды жасыру 
B)Халықтың басын біріктіру 
C)Жауынгерлердің жебесін жинау 
D)Мыс масағын жинап, балқыту 
E)Алып қазан жасау 
4.Түркістандағы тайқазанның ерекшелігіне жатпайтын сөйлемді табыңыз. 
A)Мызғымас салтымыздың жалғасы. 
B)Тайқазан – бірлігіміздің символы. 
C)Жеті түрлі асыл металдың қоспасынан жасалған. 
D)Ислам дәстүрімен сабақтасқан ежелгінің көзі. 
E)Тайқазан кесенеге жәдігер ретінде қойылған деседі. 
 
2.19-мәтін 
Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 4,4 жылға ұлғайды. 
2015 жылдың нәтижесі бойынша орта жастың ұзақтығы 72 жасты құрады. 
1991  жылы  бұл  көрсеткіш  67,6  жас  болғаны  белгілі.  Бұл  туралы  Денсаулық  сақтау 
және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
Мұндай  көрсеткішке  ҚР  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  2011-2015  жылдарға 
арналған  «Саламатты  Қазақстан»  және  Денсаулық  сақтау  саласын  реформалаудың 
2005-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламаларын  сәтті  жүзеге  асыру 
нәтижесінде  қол  жеткізілді.  Халықтың  туу  көрсеткіші  8,2  пайызға  өсті,  ол  2015 
жылдың  нәтижесі  бойынша  1000  тұрғынға  шаққанда  22,72-ні  құрады  (1991  жылы  – 
21). 
Сәйкесінше  ана  мен  сәби  өлімі  төмендеді  (1991  және  2015  жылдардың  көрсеткішін 
алғанда 67,2-ден 12,5-ге дейін, сәби өлімі – 27,4-тен 9,39-ға дейін). 
Тәуелсіздік  жылдарында  жалпы  өлім-жітім  көрсеткіші  6%-ға  төмендеді.  Бұл 
көрсеткіш  негізгі  себептерден  туындайтын  өлім-жітімді  азайту  арқылы  жүзеге  асты: 
қан  айналымы  жүйесінен,  қатерлі  ісік  ауруларынан,  қайғылы  оқиғалар  салдарынан, 
жарақаттану мен уланудан болатын. 


 
 
 
Естеріңізге  сала  кетейік,  «Денсаулық»  бағдарламасында  2020  жылға  дейін  орта 
жастың ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту көзделген. 
ҚазАқпарат 
1.Мәтін бойынша қандай критерий халықтың өмір сүру көрсеткішіне жатпайды? 
A)Адам өлімінің азаюы 
B)Жаңа туған бала санының өсуі 
C)Жастардың жас шамасы 
D)Қарт адамдардың өмір сүру ұзақтығы 
E)Ана мен бала өлімінің азаюы 
2.Қай өсиет сөз мәтіннің мағынасына сәйкес келеді? 
A)Адам кеселден сақтанып жүру керек. Ажалды ауру жақындатады. 
B)Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды. 
C)Халқым барда қарным ашады деп қамықпа. 
D)Әр адам өз қуатын білу керек, қуатына қарай ішіп-жеу керек. 
E)Жақсы адамды адамгершілігі үшін қадірлейді. 
3.Мәтін бойынша Қазақстандағы демографиялық жағдай? 
A)Құбылмалы 
B)Жақсаруда 
C)Төмендеуде 
D)Өзекті мәселе 
E)Бір қалыпты 
4.Тұжырымдардың дұрысы: 
1.Халықтың туу көрсеткіші 10%-ға жуық өсті. 
2.Орта жастың ұзақтығы 73 жасқа ұлғайды. 
3.«Саламатты Қазақстан» – 2020 жылға арналған бағдарлама. 
A)Үшеуі де 
B)Екіншісі 
C)Үшіншісі 
D)Біріншісі 
E)Екінші мен үшіншісі 
 
2.20-мәтін 
I.Мемлекетіміз  Мәңгілік  Елге  бастайтын,  абыройлы  әрі  мәртебелі  жолды 
жалғастыратын  жастарға,  яғни  бізге  зор  сенім  артып  отыр.  Өйткені  Отанымыздың 
болашағын  баянды  етіп,  аға  буын  салып  кеткен  сара  жолды  жалғастыратын  –  біз, 
жастар!  Сондықтан  әлемнің  дамыған  30  елінің  қатарына  ену  жолында  аянбай  еңбек 
етіп,  Қазақ  елін  төрткүл  дүниеге  таныту  -  тікелей  жастардың  қолында!  Ұлт 
Көшбасшысының  ел  ертеңі  –  жастарға  көбірек  жүгіне  сөйлеуі  –  осының  айшықты 
дәлелі.  «Бұл  Стратегия  сіздерге  арналған.  Оны  жүзеге  асыратын  да,  жемісін  көретін 
де  сіздер.  Елдің  болашағын  бірге  жасаңыздар!»  –  деп  Елбасы  Қазақстанның 
болашағын жастармен байланыстырады. 
II.Бүгінде  республикамыздың  әрбір  екінші  тұрғыны  –  30  жасқа  толмаған  өскелең 
жастар.  Жас  буын  өкілдеріне  арналған  мемлекеттік  бағдарламалар  сәтті  жүзеге 
асырылуда. Соңғы жылдары жоғары білім алуға берілетін гранттар саны ұлғайтылып, 
мемлекеттік  «Болашақ»  бағдарламасы  аясында  жас  қазақстандықтар  әлемнің 
таңдаулы оқу орындарында озық білім алуда. 
III.Ең басты міндет ретінде белгіленген әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру – 
Қазақстан 
жастарының 
мойнына 
жүктелер 
үлкен 
міндет 
болмақ. 
Біз, 
«жасотандықтар»,  өз  білімімізбен,  жаңашылдыққа  деген  құштарлығымызбен  осы 
мұратқа  лайық  болуға,  осы  талапқа  жауап  беруге  тиіспіз.  Сонда  ғана  «Қазақстан-
2050»  стратегиясын  жүзеге  асыру  қолымыздан  келеді.  Өзімізге  артылған  сенімді 
үлкен жауапкершілікпен ақтауға міндеттіміз. Біз, жастар, еліміздің гүлденуі жолында 
аянбай еңбек етуге дайынбыз. 
1.Мәтін кімдердің атынан баяндалады? 
A)«Болашақтықтар» 
B)Жұмысшылар 
C)Оқушылар 
D)«Жасотандықтар» 
E)Дәрігерлер 
2.Мәтіннің жазылу үлгісі 
A)Үндеу 
B)Ғақлия 
C)Әңгіме 


 
 
 
D)Шолу 
E)Аңыз 
3.Мәтіннің мазмұнына лайықты даналық ой 
A)Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! 
B)Отан – қуат, Отбасы – шуақ. 
C)Ақыл – жас ұланнан, Жүйрік – тай-құнаннан. 
D)Жат елдің жақсысы болғанша, Өз еліңнің сақшысы бол! 
E)Көркем сөз – жанның сәулесі. 
4.Мәтіннің соңғы бөлімінде айтылған ой 
A)«Болашақ» бағдарламасының маңызы 
B)Жастардың өткен тарихты құрметтеуі 
C)Жастардың өз парызын түсінуі 
D)Жас отбасыларға жағдай жасау 
E)Жоғары білім алуға грант санының көбейтілуі 
 
2.21-мәтін 
Бізге комментаторлар даярлайтын мектеп қажет пе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет