Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет246/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   250
Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы 
1.Тұжырымдардың дұрысы. 
1.Есеней Керей-Уақтың аға биі. 
2.Ұлпан мырза келін атану үшін жомарттық танытты. 
3.Ұлпан даушылардан шаршап, бәрін қудырып тастады. 
A)Біріншісі 
B)Үшіншісі 
C)Екіншісі 
D)Біріншісі мен екіншісі 
E)Үшеуі де 
2.Мәтіндегі кемпірлер мен әйелдердің іс-әрекетінен нені аңғаруға болады? 
A)Тұрмыстары төмен екендігін 
B)Қызығушылықтарын 
C)Қолдарынан іс келетіндіктерін 
D)Жаңа келінге деген сындарын 
E)Әдепсіз қылықтарын 
3.Үзіндіге қатысты жыл мезгілі. 
A)Қыс 
B)Күз 
C)Жаз 
D)Көктем 
E)Жаздың аяғы 
4.Есенейдің би ретінде ұстанымы қай бөлімде айтылады? 
A)Бірінші 
B)Екінші 
C)Үшінші 
D)Соңғы 
E)Төртінші 
5.«Көлденеңнен қыстырылып, біреудің аузына сөз салған адамды жазалай отырады: 
кесімінің төрттен бірін соған төлетеді. Куә дегенге сенбейді, қуып тастайды» деп 
автор Есенейдің қандай қасиетін көрсеткісі келеді? 
A)Жалақор екендігін 
B)Пайдакүнем екендігін 
C)Шындықты сүйетінін 
D)Ешкімге сенбейтіндігін 
E)Қатыгез екендігін 
6.Мәтіннің екінші бөлім мазмұнына жақын тақырыпты көрсетіңіз. 
A)Әділ шешім 
B)Бітпейтін дау 
C)Қатал адам 
D)Озық ой 
E)Дау салу 
7.«Күні бойы әлдене алқымына тіреле беріп еді, ол көздің жасы екен – ағылды-кетті, 
ағылды-кетті, кете берді, кете берді.Төр алдында жатқан жастыққа құлай кетіп жылап 
еді, не айтып жылағанын сол жастық қана естіді» деген үзіндіде автор Ұлпанның 
қандай әрекетін көрсеткісі келеді? 
A)Үрейін 
B)Өкінішін 
C)Ызасын 
D)Наласын 
E)Өкпесін 
8.Мәтін қандай стильде жазылған? 
A)Көркем әдебиет 
B)Ғылыми 
C)Іс қағаздар 
D)Публицистикалық 
E)Ауызекі сөйлеу 
 
4.14-мәтін 
I.Үстел үстінде май шам жанып тұрды, 
Жалғызсырап май шам жанып тұрды... – 


 
 
 
бойжеткен  ыңылдап  ән  айтып  жүр.  Ол  үйдің  табалдырығынан  үнсіз  аттап  өтті  де, 
іркіліп тұрып қалды. Қаңырап қалған үй, терезенің түсі оңған перделері, бөлменің іші 
күңгірт  тартып  тұр.  Катерина  өзінің  соғысқа  кеткен  сүйіктісін  еске  алды,  ол  жоқ 
болған соң үйдің іші көңілсіз, оған кірудің өзі тым ауыр соғады. Катя ауызғы бөлмеге 
енді  де,  май  шам  жақты.  От  біртіндеп  лаулап  жанып,  сәулесі  қабырғаның  бойымен 
қозғала  бастады.  Катя  жылап  жіберді.  Енді  тағдыр  онымен  қайта  жүздесуге  жазбаса 
қайтеді? Егер ол ұрыста қатты жарақаттанып, қаза болса не амал етпекші? Бұл ойлар 
бойжеткен  қызды  шошытып  жіберді.  «Онсыз  қалай  өмір  сүремін?»  –  деген  беймаза 
ойдың шырмауына оралып жатып, ол қалай ұйықтап кеткенін де байқамай қалды. 
II.Аспанды қара бұлт торлап, әлсін-әлсін күзгі жаңбыр сіркіреп, жол бойында желмен 
ұшқан сары жапырақтар сыбдыр қағып ұшып жатыр. Жаныңды рахатқа бөлеп, сайрай 
жөнелетін  құстардың  дауыстары  да  естілмейді.  Олардың  бірқатары  жылы 
мекендеріне  қоныс  аударып,  қалған  бөлігі  күзгі  жауын-шашыннан  орманның  ығын 
паналаса  керек.  Табиғаттың  өзге  мезгілінде  тірлігі  тынбайтын  аңдар  да  ләм-мим. 
Бүкіл табиғат атаулы жабыла келіп, осынау қара қапаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр 
Катеринаны мүсіркеп тұрғанға ұқсайды. 
III.Таңертең ұйқыдан оянған мезетте Катяға таң сұр түске айналғандай болып көрінді. 
Бұл  бұлттың  арғы  бетіне  жасырынған  күннің  күңгірт  сәулесінен  болса  керек.  Катя 
киініп  алып,  су  алуға  құдыққа  барды.  Жол  бойымен  жүріп  келе  жатып,  итмұрын 
бұтасының  түбінде  бір  нәрсенің  қозғалғанын  байқады.  Бұтаның  арасына  жасырынам 
деп  талпынған  титімдей  құс  қанатын  қайырып  алса  керек,  бейкүнә  кейіппен  қыздан 
кері  шегініп,  аянышты  шыр-шыр  етеді.  Катерина  құсты  көтеріп  алып,  үйіне  алып 
келді де, оны емдей бастады. 
IV.Таңертең ерте тұрған бойда, терезеден сыртқа үңілген. Күн әлі көтерілмесе де, таң 
оған  ерекше  жайдары  көрінді.  Катя  өзіне  таңғы  ас  әзірлеп,  ішіп  алды  да,  далаға 
шықты,  сол  бетімен  өзен  бойын  жағалап,  өз  ойымен  тілдесіп,  біршама  уақыт 
серуендеп  жүрді.  Үйге  қайтып  оралғанда,  құс  орнында  болмай  шықты.  Катя  мұны 
«жақсы  белгі»  деп  түсінді.  Бойжеткен  құстың  орнында  өзінің  сүйіктісі  Алексей  деп 
түсінді. Негеекені белгісіз, жаны жайланып жеңілдеп қалды, себебі ол Алексейдің тірі 
екеніне сенді. 
V.Осылай бірнеше ай өтті. Бір күні күндіз көшеге шыққан ол Алексейді көріп қалды. 
Алғашында  бұл  Алексей  емес,  оның  елесі  сияқты  болып  көрінді,  бірақ  оның 
құшақтағаны  мен  сүйгенін  сезінгенде,  өзін  шексіз  бақытты  жан  деп  сезініп,  көзіне 
келген  жасын  тыя  алмады.  Алексей  оған  ұрыс  алаңында  не  болғанын  айта  бастады. 
Сондағы  болған  бір  оқиға  Катя  құтқарған  құстың  тағдырын  дәлме-дәл  қайталаған 
іспетті  еді.  Уақыт  өте  жылдам  өтіп  кетті,  олар  кештің  қалай  болғанын  да  сезбей 
қалды. Катя мен Алексей түні бойы әңгімелесті. 
VI.Әрине,  адамдардың  тағдыры  әрқилы.  Егер,  Катя  әлгі  құсты  құтқармағанда,  оқиға 
басқаша құралар ма еді, кім білсін?! Бірақ, қыздың бақытына орай, тағдыр оған тосын 
сый  жасады.  Алексей  мен  Катерина  бақытты  өмір  сүрді,  ал  олардың  махаббаттары 
бұрынғыдан да берік бола түсті. 
1.Автор мәтіндегі табиғат көрінісін қыздың қандай көңілі күйімен байланыстырады? 
A)Шаттану 
B)Сабырлылық 
C)Жабырқау 
D)Беймазалық 
E)Сабырсыздық 
2.Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз. 
A)Екеуін өмір кездестірмесе не болмақ. 
B)Құсты аман алып қалғаным жақсы болды. 
C)Онсыз да жақсы өмір сүремін. 
D)Құстардың дауыстары көңілімді көтерді. 
E)Үстел үстінде май шам жанып тұрды 
3.Мәтін қандай үлгіде жазылған? 


A)Әңгіме 
B)Сұхбат 
C)Сын пікір 
D)Үгіт-насихат 
E)Мақала 
4.Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз 
1.Аяушылық 
2.Серуен 
3.Кездесу 
4.Қоңыр күз 
5.Ой жетегінде 
A)5.3.1.2.4. 
B)5.4.1.2.3. 
C)1.4.5.2.3. 
D)3.1.5.4.2. 
E)2.4.1.3.5. 
5.Автор «Егер, Катя әлгі құсты құтқармағанда, оқиға басқаша құралар ма еді, кім 
білсін?!» деп қорытындылауы Катяның қандай қасиетін көрсетеді? 
A)Жанашырлығын 
B)Дәстүрге беріктігін 
C)Ырымшылдығын 
D)Сезімталдығын 
E)Сенгіштігін 
6.Катя өзі келгенде құстың үйде болмай шығуын неліктен «жақсы белгі» деп ойлады? 
A)Өзінің жалғыз емес екендігіне шаттанды. 
B)Өзінің жанашырлығына риза болды. 
C)Қамқорлықты бекер жасамағанын ойлады. 
D)Сүйгенінің амандығына жорыды. 
E)Құстың сауығып кеткеніне қуанды. 
7.Мәтін мазмұнына сай сөйлемді көрсетіңіз. 
A)Жігіт Катяға соғыстағы жағдай туралы тіс жармады. 
B)Бүгінгі күн ерекше сәуле шашады. 
C)Алексейдің амандығын ойлап үнемі шаттанып жүрді. 
D)Қанаты қайырылған құсқа қол ұшын беруді жөн көрмеді. 
E)Оған айналаның барлығы басқа өңге боялғандай көрінді. 
8.Қай сөйлем үшінші бөлімнің мазмұнына сәйкес келеді? 
A)Құс қыздан көмек сұрағандай безек қағады. 
B)Табиғаттың өзі де қызға жаны ашығандай көрінді. 
C)Қас қарайып кеткенін де байқамады. 
D)Сүйіктісімен қайта қосыла алатындығына алаңдап жүр. 
E)Екеуіне өмір өзінің қуанышын сыйлады. 
 
4.15-мәтін 
ЭКСПО дегеніміз не? 
1.ЭКСПО  атауы  өзінің  аты  айтып  тұрғандай,  «экспонат»  деген  сөзден  шыққан. 
Қазақшаласақ,  «жәдігер»  болады,  яғни  ол  –  жер  жүзін  мекендеген  барша 
халықтардың  өмірдің  түрлі  саласында  қол  жеткізген  жетістіктерін,  жәдігерлерін 
көрсететін  алаң.  ЭКСПО  –  индустриялизацияның  символы,  яғни  техникалық 
жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. Онда ЭКСПО-
ның  кезекті  таңдаған  тақырыбына  орай  жұрттың  бұрын-соңды  жеткен  жетістіктері 
көпшілік  назарына  ұсынылатыны  анық.  Мысалы,  1851  жылы  Лондонда  болған 
ЭКСПО-да  жұрт  алғашқы  тігін  машинасымен  танысқан.  1876  және  1893  жылдары 
АҚШ-тың  Филадельфия  мен  Чикаго  штаттарында  өткізілген  ЭКСПО-да  жұрт 
назарына  тұңғыш  телефон  аппараты  және  алғашқы  электр  қуатымен  жарықтандыру 
жүйесі  ұсынылған.  Ал  бүгінгі  таңда  әлем  жұртшылығы  қолданып  жүрген 
«телевидение»  деген  сөзді  қолданысқа  1900  жылы  Париждегі  көрме  кезінде  орыс 
инженері Константин Перский енгізген екен. 
2.ЭКСПО-ның  негізін  қалаушысы  болып  ғылымға  қызығушылық  танытқан 
Ұлыбританияның  қазіргі  ханымының  арғы  атасы  ханзада  Альберт  екендігін  білген 
жөн.  Алғашқы  Бүкіләлемдік  көрме  Лондонда,  1851  жылдың  1  мамырында  ашылған 


 
 
 
және «Гайд» саябағында орналасқан. 20 аптаның ішінде оған 6 млн. адам келген (сол 
кезде Лондонда 3 млн. адам тұрған болатын). Көрмеде ең үздік сәулет өнері жобасы 
байқауында  шыныдан  жасалатын  ғимарат  –  Хрустальді  сарай  салуды  ұсынған 
Джозеф  Пакстон  есімді  адам  жеңіске  жеткен.  Өкініштісі  викториандық  дәуірді  дүр 
сілкіндірген  ғимарат  бүгінде  сақталмаған.  Ол  1936  жылы  өртеніп  кеткен.  Алғашқы 
көрмеде  сол  кезде  әлемде  өндірілген  заттардың  барлығын  көруге  болатын.  Бірақ 
құрал-жабдықтар  бөлімі  ең  үлкен  әсер  қалдырған:  бу  қозғалтқыштары,  стерео-
фотосуреттер,  американдық  Чарльз  Гудиер  ойлап  тапқан  ысытылған  резеңке 
(Goodyear  атауы  барлық  автоәуесқойларына  таныс  шығар!),  қойылтылған  сүт, 
консервіленген  азық-түлік,  мүгедектерге  арналған  протездер,  шыны  көздер, 
стоматологиялық  креслолар,  «веналық»  деп  аталатын  орындықтар  және  басқа  да 
заттар.  Көрмеден  түскен  пайда  қомақты  болған  –  шамамен  186  000  фунт  стерлинг. 
Осы  ақша  бірнеше  мұражайдың  құрылысына,  солардың  ішінде,  әйгілі  Виктория  мен 
Альберттің мұражайының бой көтеруіне жұмсалған. 
3.Елімізде  ЭКСПО-2017-ні  өткізу  Парижде  2014  жылы  Халықаралық  Көрмелер 
Бюросы  атқарушы  комитетінің  отырысында  мақұлданған.  Астана  қаласымен  қатар 
ЭКСПО-2017  көрмесін  өткізу  құқығын  иеленуге  бельгиялық  Льеж  қаласы  да 
үміттенген  болатын.  Өз  өтінімінде  Бельгия  «Адамдарды  біріктіру»  тақырыбын 
ұсынды. 
4.«Болашақ  энергиясы»  тақырыбына  арналған  «ЭКСПО-2017»  халықаралық 
мамандандырылған  көрме  Астанада  2017  жылдың  жаз  мезгілінің  басында  басталды. 
Көрме  шеңберінде  бүгінгі  күнгі  өзекті  мәселе  энергияның  баламалы  көздері  мен 
«жасыл технологияларды» енгізу мәселесі талқыға салынды. 
5.«ЭКСПО-2017»  көрмесі  тұрақты  энергия  көздерін  дамытуға,  энергия  үнемдеу  мен 
оның  тиімділігін  арттыруға  бағытталған  стратегияларды,  бағдарламалар  мен 
технологияларды  зерттеуге  арналған.  Негізгі  мақсаты  –  жаңармалы  энергия  көздерін 
пайдалануға және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуға ынталандыру. 
6.Көрмеге  қатысушы  елдерге,  қонақтарға  өз  өндірушілерінің  шеберлігін  және  түрлі 
елде  жасалған  тауарлардың  сапасын  салыстыруға  мүмкіндік  бере  отырып,  ұлттық 
өндіріс  заттарын  бір  жерде  және  бір  мезгілде  көрсетеді.  Қалай  дегенде  де,  ЭКСПО 
сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш 
етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. 
1.Парижде 2014 жылы Халықаралық Көрмелер Бюросы атқарушы комитетінің 
отырысы шеңберінде мақұлданған жоба 
A)«ЭКСПО-2017» 
B)«Жасыл технологиялар» 
C)«Адамдарды біріктіру» 
D)«Хрустальді сарай» 
E)«Болашақ энергиясы» 
2.XIX ғасырда өткізілген көрмеге қойылған заттарға жатпайтыны 
A)Жарықтандыру жүйесі 
B)Стоматологиялық креслолар 
C)Тігін машинасы 
D)Автомашиналар 
E)Телефон аппарат 
3.«ЭКСПО» сөзінің мағынасы 
A)Энергия 
B)Көрме 
C)Жәрмеңке 
D)Жәдігер 
E)Болашақ 
4.Қазақстанмен қатар «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге қандай мемлекет үміттенді 
A)Ұлыбритания 
B)Ресей 
C)Лондон 
D)Бельгия 
E)Қытай 
5.«Телевидение» сөзі қай жылы қолданысқа енді? 
A)1900 
B)1893 
C)2014 
D)1851 
E)1871 
6.Лондондағы көрмеден түскен пайда құны 


A)2017 фунт стерлинг 
B)6 млн.фунт стерлинг 
C)3 млн.фунт стерлинг 
D)1851 фунт стерлинг 
E)186 000 фунт 
стерлинг 
7.Алғашқы Бүкіләлемдік көрмеде ең үздік сәулет өнері жобасының жеңімпазы 
A)Мүгедектерге арналған протездер жасауды ұсынған веналық 
B)Ысытылған резеңке ойлап тапқан – Чарльз Гудиер 
C)Әйгілі Виктория мен Альберт мұражайының сәулетшісі 
D)Хрустальды сарай салуды ұсынған – Джозеф Пакстон 
E)«Болашақ энергиясы» жобасын ұсынған қазақстандықтар 
8.2017 жылы халықаралық ЭКСПО көрмесінің ұйымдастырылу тарихына неше жыл 
толды? 
A)6 жыл 
B)2017 
C)162 
D)217 
E)166 
 
4.16-мәтін 
1.Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен 
салт-дәстүрлері  қалыптасты.  XVIII  ғасыр  мен  XX  ғасырдың  бас  кезінде  оның 
бірқатарын  Ресей  әкімшілігінің  өкілдері,  орыс  және  шетел  ғалымдары,  саяхатшылар 
айқын  байқап,  жазып  қалдырған.  Қазақтардың  әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлері 
үй  ішіндегі  отбасылық  және  адамдардың  өзге  де  топтары  арасындағы  өзара  қарым-
қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. 
2.  Екі  қазақ  кездесе  қалғанда  жасы  кішісі  жасы  үлкеніне  «Ассалаумағалейкүм!»  деп 
бірінші  болып  сәлем  береді.  Жасы  үлкен  кісі  оған  «Уағалайкүмассалам!»  деп  жауап 
қатады.  Тек  содан  кейін  ғана  егжей-тегжейлі  амандық-саулық  сұрасады.  Бұлай 
сәлемдесу бірін-бірі тіпті танымайтын адамдар үшін де міндетті болып саналады. 
3.Дала тұрғындарына тән әдептілік пен сыпайылықтың, кішіпейілділіктің бір көрінісі 
– үлкен кісінің есіміне әке (еке) сияқты жұрнақ қосып айту. Мәселен, Қазбек – Қазеке, 
Диқан  –  Дәке, Бауыржан  –  Бауке  сияқты  айтылады.  Мұны  XX  ғасырдың  бас  кезінде 
белгілі орыс ғалымдарының бірі Л.Баллюзек те байқаған: «Қазақтардың сыпайылығы, 
кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір көрінісі – жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) 
қосымшасын қосып айтуы». 
4.Жас  келіндер  күйеуінің  әкесі  мен  шешесін  ата,  ене  деп  атаған.  Күйеуінің  іні-
қарындастарына  «Шырақ»,  «Жарқын»,  «Айнаш»,  «Гүлім»,  «Бауырым»  деп  еркелете 
ат қоятын. Өзге туысқандарына да жаңа әрі жарасымды ат ойлап табатын. 
5.Қазақтар  аяғы  ауыр  әйел  мен  жасы  үлкен  адамның  алдын  кесіп  өтуді  әдепсіздік 
санаған. Келіндер атасының, қайын ағаларының көзіне түспеуге тырысқан. 
6.Отағасы  үйде  жоқ  кезде  ересек  ер  адамның  үйге  түсуіне  рұқсат  етілмеген.  Қазақ 
даласының мызғымас заңы, міне, осындай еді. Қазақтар үйге бас сұғар алдында қару-
жарағын  әрқашан  тыста  қалдыратын.  Ал  ханның  алдына  қамшы  да  ұстап  кіруге 
болмайтын. 
7.Алыс  сапардан  немесе  жәрмеңкеден  қайтып  оралған  адам  өзінің  жақын  туыстары 
мен көршілеріне әр түрлі сыйлықтар – базарлық ала келетін. Ауыл ақсақалдары тамақ 
үстінде үлкен табақтан жасы кішілерге асату жасайтын. Егер кімде-кім әлдебір жаңа 
киім кие қалса, бағалы затқа ие болса, оған жақын туыстарының, дос-жарандарының 
байғазы беру әдет-ғұрпы болған. 
8.Әйелдер  үйде  қалған  балалары  мен  жақындарына  мереке-тойларда  болған 
жерлерінен  сарқыт  ала  келетін.  Қазақтарда  көптен  бері  көрмеген  жақын-туыстарына 
қазы-қарта,  мүшелі  жіліктерден,  сүр  еттерден  сәлемдеме  беріп  жіберу  әдет-ғұрпы  да 
болған. 
9.Дала  тұрғындары  бір-біріне  қуанышты  хабар  жеткізгенде  сүйінші  сұрайтын  әдет-
ғұрып  та  болған.  Саят  құру  кезінде  жас  аңшы  бағалы  олжасын  өзімен  бірге  аңға 
шыққан адамдардың жасы үлкен ақсақалына байлайтын. Ол мұны дәстүр бойынша өз 


 
 
 
еркімен жасаған. 
10.Қазақта  ежелден  бар  тұрмыстық  әдет-ғұрыптың  бірі  –  ажырасу  көже.  Оның  мәні 
ауылдың  бір  тұрғыны  басқа  бір  алыс  жаққа  көшіп  кетерде  ағайын-туғандарымен, 
көрші-қолаңдарымен қоштасу ретінде ажырасу аяқ деп аталатын тамақ беріп, сыйлық 
тарататын  болған.  Ауылдастарына  айтпай,  үн-түнсіз  көшіп  кету  көргенсіздік, 
тәрбиесіздік саналатын.  Ал  ауылдастары  өз  кезегінде  ризашылығын  білдіріп,  көштің 
көлікті,  барған  жердегі  қоныстарының  құтты  болғанын  тілеп,  ақсақалдар  ақ 
баталарын берісетін. 
1.Мәтін мазмұны не туралы? 
A)Қазақ халқының салт-дәстүрі 
B)Қазақ халқының тәрбиесі 
C)Қазақ халқының тойлау дәстүрі 
D)Қазақ халқының сыйластығы 
E)Қазақ халқының аңшылығы 
2.Мәтін бойынша әйел адамдарға қатысты ырым қай бөлімде айтылған? 
A)2,3,6,8 
B)1,7,9,10 
C)1,2,5,7 
D)4,5,6,8 
E)2,3,7,9 
3.Қазақ дәстүрлерінің басты ұстанымына сай даналық ой 
A)Тайдың мінгені білінбес, 
Баланың істегені білінбес. 
B)Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені 
сыйлайды. 
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды. 
 
C)Тойға барсаң, бұрын бар, 
Бұрын барсаң, орын бар. 
D)Қарға баласын аппағым дер, 
Кірпі баласын жұмсағым дер. 
E)Атың болмаса, аяғыңа жалын, – 
Аяғың болмаса, таяғыңа жалын 
4.Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқа 
A)Аяқ-киімін сыртта қалдыру. 
B)«Уағалайкүмассалам» деп кіру. 
C)Базарлық беру. 
D)Қару-жарағын сыртта қалдыру. 
E)Байғазы беру. 
5.Болып өткен той дастарханынан үйде қалғандарға ауыз тигізу 
A)Базарлық 
B)Сарқыт 
C)Асату 
D)Сүйінші 
E)Байғазы 
6.Тұжырымдардың дұрысы 
1.Қазақтар жасы үлкен адам мен аяғы ауыр әйелдің алдын кеспейді 
2.Базарлық – жақсы хабар үшін берілетін сый 
3.«Ажырасу аяқ» – алыс сапарға аттанып бара жатқан адамға байланысты дәстүр 
A)Біріншісі ғана дұрыс 
B)Бірінші мен үшінші дұрыс 
C)Екіншісі дұрыс 
D)Үшеуі де дұрыс 
E)Үшіншісі дұрыс 
7.Үлкенге деген құрметтің көрінісі байқалатын кісі аты 
A)Сағидолла 
B)Сейфолла 
C)Сәкен 
D)Сәке 
E)Сәкентай 
8.Жас келіннің күйеуінің жақын туыстарының атын атамауы 
A)Наным-сенім бойынша атамауға тырысқан 
B)Қайын жұрттағы туыстарының атын жаттап үлгермегендіктен 
C)Ескі ырымдарға сенген 
D)Ерекше құрметтеудің белгісі болған 
E)Оған тыйым салынғандықтан 
 
4.17-мәтін 
Үлкен тасжолдың оң  жағында ашық алаңқай жер бар. Осы жерде жыл сайын көкпар 
өтеді.  Қызығы  көпті  дүрліктірген  көкпарды  ауыл  адамдары  біраз  уақытқа  дейін 
ауыздан-ауызға  жеткізіп,  айтып  жүреді.  Атамның  көкпар  десе,  көңілі  әрқашан  да 


 
 
 
көтеріліп-ақ  қалады.  Міндетті  түрде  көкпарға  барады.  Мені  де  өзімен  бірге  ертіп 
барады. Жанынан бір елі тастамайды. 
Көкпар  болатын  күні  ертелеп  үйден  шықтық.  Көкпарсай  біздің  ауылдан  едәуір  ұзақ. 
Оған  жеткенше  жол  бойын  тамашаладық.  Жан-жақтың  бәрі  жасыл  желек.  Көз 
тойдырады. 
Атамның көкпарға қосатын атына өзінің шәкірті Дүйсенбек мінді. Алғашқы салымға 
шыққанымен,  мәреге көкпарды  тастай  алмады. Тіпті салым салуды  ойға  алмағандай. 
Менің  түсінігімше,  атының  етін  қыздырып  жүргендей.  Өзінің  де,  атының  да  бойын 
үйреткісі келгендей. 
Түске жақын  ғана  Дүйсенбек екі  салым салды.  Астындағы  көкпар  аты  –  Торыкөк  өз 
бабына әбден келіпті. Ойнақшып, тыпыршып, сылаң қағып, жер тарпиды. 
– Әлібек, – деді атам маған, – қазір ең үлкен салымға жеңіл машина тігіледі. 
– Ата, біздің ат салса, жақсы болар еді. 
– Бұйырғаны болар, балам, – деді атам тіп-тіке, жантаймай отырған күйде. 
–  Ата,  сіз  неге  үнемі  тіп-тіке  отырасыз?  –  дедім  атамды  жаңа  ғана  көріп  білгендей. 
Атамның дастарқан басында да жантайып, жанбастап жатқанын көрмеппін. 
–  Ол  –  көкпардың  арқасы.  Жас  кезімде  көкпарды  жақсы  көрдім.  Көкпарға  көп 
қатыстым.  Талай  рет  салым  салдым.  Төңірекке  аты  мәлім  Қуатбек  палуан  атандым. 
Қараптан-қарап отырсам да, тұлпардың үстіндегідей сезіндім. Содан болар, бойымды 
тік  ұстап,  еңсемді  көтеріп  отыруды  жаным да,  тәнім де  қалайды.  Дастарқан  басында 
тіп-тіке отыру – қаныма сіңген әдет, – деді атам көкпардағы додадан көзін бір алмай. 
Торыкөк  көкпардан  сол  жолы  ең  үлкен  бәйгені  ала  алмады.  Шәкірті  Дүйсенбек  те 
ренішті көңілін жасырмады. 
–  Өз  қолыммен  салымды  басқа  біреуге  өңгеріп  жібергенімді  қарасаңшы!  –  деді 
намыстана. 
– Еш оқасы жоқ. «Бап шаба ма, бақ шаба ма?» деген. Бұйырмаған болар. 
–  Қуатбек  аға,  қателік  менен  болды.  Көкпарды  тақымға  сала  бергенімде  ептілік 
таныта алмадым, – деді Дүйсенбек. 
Торыкөк  те  бастапқыдай  ойнақши  қойған  жоқ.  Қос  жанарынан  от  шашқан  нұры  да 
жарқ-жұрқ етпеді. Әлденеге жайсызданып, қатты-қатты шыңғыра кісіней жөнелді. 
– Жануар-ай, тілің жоқ-ау. Әйтпесе, бұл да сезінеді. Қарасаңшы, үлкен салымды сала 
алмағанын түйсінгендей кісінеуін. Жануардың есті болып жаратылғанын айтамын. 
Көкпар  аяқталды.  Ел-жұрт  жан-жаққа  тарай  бастады.  Таңертеңнен  бері  қарақұрым 
болып жиналғандардың селдіреген бірер тобы ғана қалды. 
1.Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлем 
A)Дүйсенбек те ренішті көңілін 
жасырмады. 
B)Көкпарсай біздің ауылдан едәуір ұзақ. 
C)Қуатбек палуан атандым. 
D)Торыкөк ең үлкен бәйгені жеңіп алды. 
E)Ел – жұрт жан – жаққа тарай бастады. 
2.Қуатбек атаның тіп-тіке, жантаймай отыруының себебі: 
A)Жас кезінен көкпармен 
айналысқандықтан 
B)Жас кезінен палуан болғандықтан 
C)Әдетке айналып кеткендіктен 
D)Арқасы ауратын болғандықтан 
E)Жаны қалайтын болғандықтан 
3.Торыкөктің көкпардан бәйге ала алмауының себебі 
A)Бәйгенің бұйырмағандығы 
B)Дүйсенбектің икемділігінің болмауы 
C)Қарсыластардың мықты болуы 
D)Торыкөктің бабының келмеуі 
E)Ауа райының қолайсыз болуы 
4.Жануардың есті болып жаратылғанын қайдан байқауға болады? 
A)Қос жанарынан от шашты. 
B)Қос жанарынан нұр жарқ-жұрқ етті 
C)Қос жанарынан жас шықты. 
D)Қатты-қатты шыңғыра, кісіней 
жөнелді. 
E)Бір орнында тұрмай ойнақши берді. 
5.Көкпар өтетін жер 


A)Топырақты жер 
B)Ашық алаңқай жер 
C)Сулы жер 
D)Нулы жер 
E)Жасыл желек жер 
6.Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Атамның атына өзінің шәкірті Дүйсенбек мінді. 
2.Торыкөк көкпардан ең үлкен бәйгені ала алмады. 
3.Осы жерде жыл сайын көкпар өтеді. 
4.Қазір ең үлкен салымға жеңіл машина тігіледі. 
5.Көкпар өтетін күні ертелеп үйден шықтық. 
A)4,2,1,5,3 
B)3,5,1,4,2 
C)2,3,4,1,5 
D)5,3,4,2,1 
E)1,2,3,4,5 
7.Ең үлкен салымға тігілген сыйлық: 
A)Қыран бүркіт 
B)Қомақты ақша 
C)Жүйрік тұлпар 
D)Темір тұлпар 
E)Бағалы сыйлық 
8.Дүйсенбектің алғашқы салымға шыққанда мәреге көкпарды тастай алмауының 
себебі: 
A)Салым салу өте қиын болды 
B)Өзінің де, атының да бойын үйреткісі келді. 
C)Аты ойнақшып, тыпыршып салдырмады 
D)Көкпар тастайтын мүмкіндік болмады 
E)Торыкөк өз бабына әбден келмегендіктен 
 
4.18-мәтін 
1.Қазығұрт – бұл сонау көне заманнан келе жатқан жыр жолдары. Ал Қазығұрт тауы 
біздің  көне  дәуіріміздің  алып  ескерткіштерінің  бірі  іспетті.  Жалпы  қазақ  даласының 
тарихы ұшан-теңіз. 
2.Оны біріміз білсек, біріміз білмей  келдік. Әйтеуір, абырой болғанда, соңғы  кездері 
сол  мүлдем  жоғалтып  ала  жаздаған  асыл  қазынамызды  біртіндеп  болса  да  түгендей 
бастаған сияқтымыз, ең болмағанда, іздеу сала бастадық. 
3.Халық  арасында  Қазығұрт  тауы  хақында  бұрыннан  қалған  аңыз  бар.  Қарт 
адамдардың  айтуларына  қарағанда,  құдай  о  баста  жерді,  көкті  жаратқанда,  Қазығұрт 
тауы  да  бірге  жаралған.  Өзі  аласа  тау  болса  да,  жер  жүзіндегі  таулардың  қасиеттісі. 
Ілгеріде жер жүзін топан суы басып кеткенде, жалғыз осы Қазығұрт тауы аман қалған 
екен. Қазығұрт тауының басында, күнбатыс жағында, азырақ тегіс жер бар. 
4.Ол  жер  Нұх  пайғамбардың  кемесінің  орны.  Кеме  тоқтаған  соң,  Нұх  пайғамбар 
қасындағы серіктестерімен жерге түсіп, өздерімен бірге аман сақтап қалған хайуандар 
мен  жануарларды  өріске  жіберіп,  алып  келген  тұқымдарын  жерге  сеуіп,  жаңа  өмірді 
бастайды.  Қазығұрттың  басында  бір  үңгір  болса  керек.  Ол  үңгірдің  үстіне  ағаш 
шаншып қойған. «Қазығұрт атаның моласы» дейді екен. Басқа жерлерді бұлт басса да, 
Қазығұрттың  басына  бұлт  шөгіп,  көрінбей  қалса,  қариялар  «Қазығұрт  қарасын  киді» 
десе,  осы  кезде  әйелдер  күлпарасын  киеді  екен.  Қазығұрттың  аты  аталғанда  оның 
жалғыз  өзін  ғана  емес,  аумағындағы  тарихи  аймақтарды  еске  бір  салып  кеткен  жөн 
секілді.  Іргесінде  жатқан  Қарт  Сайрам  мен  оның  солтүстік-шығысына  қарай  кеткен 
Манкент  пен  Майлыкент,  Түлкібас  пен  Тараз  жатса,  батысында  Ордабасы  мен 
Қараспан, Отырар мен Түркістан жатыр. Оңтүстігіне қарай Тұрбат асуы арқылы өткен 
«Жібек  жолы»  Қытай  жылнамашыларының  жазып  кеткеніндей,  Темірқақпадан  өтіп, 
Ташкент, Самарқанд, Хиуа, Бұқараға жол тартады. 
5.Қазығұрт маңы – бір кездегі Түрік  қағанаты құрылғанда,  Батыс орданың орныққан 
жері,  «Қорқыт  ата»  мен  «Оғызнамада»  жырға  қосылып,  Тәуке  хан  мен  Төле  бидің 
жайлауы  болған  тау.  Бәйдібектің  шоқысы  Қазығұрттың  оңтүстігінде,  «Орда  қонған» 
деп  аталатын  мекені  Шығыс  сілемінде  болса,  сол  бабамыздың  бейіті  солтүстігінде 
жатыр. 


 
 
 
6.Бұл – енді рухани арылудан кейінгі жаңа өмір. Осы өмірдің өркендеуі туралы халық 
арасында сақталып қалған талай-талай жырлар бар. Белгілі жазушы Ш.Мұртаза өзінің 
«Егемен Қазақстан»  газетінде жазған  мақаласында Нұх пайғамбардың кемесі туралы 
поэма бары-жоғын білмейтінін, ал Қазығұрт туралы поэма бар екенін айтады. 
7.Қазығұрт туралы жыр – біреу емес, екеу. Оның екеуі де еш жақтан келген емес, нақ 
осы  таудың  өз  баурайында  өмірге  келген.  Өйткені  оларды  қанша  балталасаң  да, 
Қазығұрттан  бөліп  әкете  алмайсың.  Соның  бірі  –  төрт  түлік  туралы.  Әрі  ол  – 
ешқандай  діни  немесе  қияли  қоспасы  жоқ,  өмірдің  өзталабымен,  өмірдің  өзіне 
бағышталған  туынды.  Бұл  жырда  қоғамдық  дамудың  нышаны  жатыр,  қазақ  дүние 
танымының негізгі темірқазығы қалған. 
8.Нұх пайғамбардың  кемесі  «енді біздің төбемізге тоқтайды» деп көкіректерін керіп, 
масаттанып  тұрған  биік шыңдарға  тоқтамай,  Қазығұртқа  келіп  тоқтағанда,  әлгі  алып 
таулар  Қазығұртқа  қарсы  соғыс  жарияламақ  болыпты.  Осыны  естіген  Қазығұрт  бар 
әлемге жар салып: 
9.«Ордабасы ұлыма айт, 
Қызылсеңгір қызыма айт», – деп бастаған өлеңінде Қазығұрт тауының кең далада нақ 
өзі  сияқты  жекеленіп  тұрған  таулардың  бәрінің  атын  атап  барып,  ең  соңында 
«Қыңыраққа  бар  да  қайт»,  –  деп  бітіріп,  жеті  тауға  елші  жұмсайды.  Осыны  есіткен 
әлгі соғысқұмар таулар тез-ақ ниеттерінен қайта қояды. Ал Қазығұрттың осы көмекке 
шақырған  ұл-қыздары  мен  бауырлары  атанған  таулардың  бәрі  –  аласа  таулар. 
Мысалы,  қазір  Ордабасы  тауын  білмейтін  адам  жоқ  біздің  елімізде.  Тіптен,  біздің 
еліміз  түгілі,  көрші  елдердің  президенттері  де  келіп,  тағзым  етіп  кеткен  қасиетті 
орын. 
1.Қазығұрт туралы жыр саны. 
A)1 
B)5 
C)3 
D)2 
E)4 
2.Үшінші бөлімде қандай тұжырым айтылған? 
1.Қазығұрт – тарихи аймақтар шоғырланған мекен. 
2.Қазығұрт – ерекше қасиетті жер. 
3.Қазығұрт – ата-бабадан қалған алып ескерткіштеріміздің бірі. 
A)Үшіншісі дұрыс 
B)Үшеуі де бұрыс 
C)Екіншісі дұрыс 
D)Біріншісі дұрыс 
E)Үшеуі де дұрыс 
3.«Ордабасы ұлыма айт, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет