Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет247/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   250
Қызылсеңгір қызыма айт» үзіндісіндегі Ордабасы мен Қызылсеңгір ненің атаулары? 
A)Таудың 
B)Өзеннің 
C)Қыздың 
D)Жердің 
E)Ұлдың 
4.Мәтінде не туралы айтылған? 
A)Қазақ даласында болған соғыстар жайлы 
B)Қазақ халқының салт-дәстүрі 
C)Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі 
D)Қазақ халқының тарихи жерлері 
E)Қазақтың ержүрек батырлары 
5.Қай бөлімде тарихи тұлғаларды кездестіруге болады? 
A)Бірінші 
B)Бесінші 
C)Үшінші 
D)Екінші 
E)Төртінші 
6.Биік таулар неліктен Қазығұртқа қарсы соғыс ашпақ болды? 
A)Қазығұрт тауы аласа болғандықтан 
B)Қазығұрт өркөкірек, менмен болғандықтан 
C)Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұртқа тоқтағандықтан 
D)Таулар өзінің биіктігіне сенгендіктен 
E)Нұх пайғамбардың кемесі биік тауларға тоқтағандықтан 


 
 
 
7.Көршілес ел басшылары тәу етіп кеткен қасиетті орын. 
A)Тұрбат асуы 
B)Қазығұрт тауы 
C)Ордабасы тауы 
D)Бәйдібек шоқысы 
E)Түлкібас тауы 
8.Аңыз бойынша Қазығұрт қашан жаралған? 
A)Түрік қағанаты тұсында 
B)Нұх пайғамбар тұсында 
C)«Жібек жолы» пайда болғанда 
D)Топан судан кейін 
E)Жер мен көк жаралғанда 
 
4.19-мәтін 
1.Қойшы  қарт  қойларын  өрістетіп,  жайылымға  жайған  сайын  дөңге жақын  өскен  бір 
алма  ағашының  түбіне  барып  дем  алатын.  Егер  жеміс  піскен  мезгіл  болса,  алма 
ағашымен  тілдесіп:  –  Қане,  балам,  қарттың  алмасын  бере  ғой,  –  дейтін.  Сөйткенше 
болмай,  дәмі  тіл  үйіретін,  исі  аңқыған,  балбырап  піскен  бір  алма  жерге  топ  ете 
түсетін.  Қарт  болса,  кішкене  бәкісімен  әлгі  алманы  асықпай  тілімдеп  кесіп,  өзімен 
бірге ала келген торсығындағы айранымен қоса сәл жүрек жалғайтын. 
2.Қойшы қарт бұл алма ағашын осыдан жиырма жыл бұрын отырғызған кезде жиі-жиі 
суғарып,  намаз  алдында  беті-қолын  шайған  дәрет  суының  қалғанын  да  ырымдап 
соның түбіне төгетін. Қарт жүзін шайған сол судың шарапаты тиді ме, әйтеуір, алма 
ағашының  тамыры  тез  жан  алып,  аз  уақытта-ақ  бой  көтеріп,  жеміс  бере  бастады. 
Қойшы қарт ол кезде жас болғандықтан, қай әдемі алмаға көзі түспесін, кішкене ғана 
ұмсынып  қол  созғаны  жетіп  жатыр  еді.  Алайда,  одан  бергі  қаншама  жыл  ішінде 
қарттың  бойы  аласарып,  белі  бүгілді,  ал  алма  ағашының  болса,  керісінше  бойы 
барынша  биіктеп,  шынар  ағашындай  жайқалып  кеткен-ді.  Бірақ  алма  ағашы  қанша 
жайқалып  өскенімен,  мәпелеп  өсірген  баланың  аты  бала  емес  пе?  Оны  баласындай 
көретін  қарт  ағаш  бұтақтарын  алақанымен  жай  ғана  сипап  тұрып:  –  Қане,  балам,  – 
дейтін, – бүгінгі несібемді түсіре ғой? 
3.Айтқанындай, көп  бәлсінбестен бір алма түсуші еді.  Бұл  көрініс дәл осы  қалпында 
бірнеше  жылдан  бері  қайталанып  келе  жатқан-ды.  Тіпті  қарт  сұрағанда,  алманың 
түспей қалған бір де бір күні кездескен емес. 
Ауыл  адамдары  болса,  таңғажайып  бұл  құбылысты  сырттай  бірнеше  мәрте  байқап, 
қойшы қартты «әулиеге» жорысып қойғалы қашан. 
4.Қарт  кісі ағаш көлеңкесінде аздап тынығып, намазын оқығаннан кейін, әдеттегідей 
сол күнгі алмасын сұрады. Алайда, бір таңқаларлығы, ағаш бұтақтары жеміске толып 
тұрса  да,  қарт  қолына  ештеңе  түспеді.  Қарт  өз  қалауын  қанша  қайталағанымен, 
бәрібір ештеңе өзгермеді. Күткені орындалмай, кірпігі мен сақалы тарам-тарам жасқа 
оранған қарт үнсіз ғана алыстап қойларына кетіп бара жатты. 
5.Жеміс  бергелі  «баласы»  қарттың  көңілін  еш  қалдырып  көрген  емес  еді.  Мәпелеп 
өсірген баласына дәл осы жолы көңілі қатты қалды. Көңілі құлазыған қарт бойы бұл 
жолы тіпті шөкімдей боп, бұрынғыдан да аласарып, белі де бұрынғыдан бетер бүкшие 
түскендей.  Малдарын  қайырып,  ауылға  бет  алғанда  мешіттен  әуелеп  шыққан  азанға 
құлақ  түрді.  Азан  өте  бір  ерекше,  әуезді  үнмен  оқылып  жатқандай.  Тіпті  астарынан 
өзгеше  қуаныш  та  сезілетін  секілді.  Бірден  іркіліп,  бойын  жинап  ала  қойды.  Қарт 
байғұс  өмірге  қайта  келгендей  күй  кешті.  Өйткені,  есіне  бір  нәрсе  түскен  болатын. 
Бұл жолы көзіне қуаныштан жас алып, балаша мәз болған қарт бірден әлгіндегі алма 
ағашына қайтадан жеткенше асықты. Келе сала оны айналып-толғанып, кең құшағын 
төсей  құшақтаған  қарт:  –  Күнім,  –  деді  иегі  кемсеңдеп  жылаған  күйі,  –  айналайын, 
балам, жарығым! 
Ұмытшақ  мен  байғұсты  ренжітпей  тұрып-ақ  білдірсең  болмас  па  еді?!  Бүгін  Ораза 
айының алғашқы күні екен ғой?! 
1.Қойшының кемелденген жасқа келген кезі сөз болатын бөлім. 


A)2 
B)4 
C)5 
D)1 
E)3 
2.Қарттың көңіліне қаяу түскені туралы оқиға қай бөлімде баяндалған? 
A)Екінші 
B)Үшінші 
C)Бесінші 
D)Төртінші 
E)Бірінші 
3.Мәтіннің 5-бөлімінде қарттың қуанышы неге байланысты болды? 
A)Таңғы азанды естуіне 
B)Ағашпен қайта сөйлесуіне 
C)Ораза айының басталуына 
D)Кешкі азанды естуіне 
E)Ораза айының аяқталуына 
4.Неліктен қарт алма ағашына «балам» дейді. 
A)Себебі қарт алма ағашын өзі баптап өсірген. 
B)Себебі қарт күнде алма ағашының түбінде намазын оқыды. 
C)Себебі қарт алма ағашына күнде келуді әдетке айналдырғандықтан. 
D)Себебі алма ағашы мен қарт бірін-бірі жақсы түсінетін еді. 
E)Себебі қарттың жасы алма ағашының жасынан үлкен. 
5.Төмендегі ойлардың қайсысы мәтіннің түпкі мағынасына сәйкес келеді? 
A)Ілім үйреніп, онан соң оны басқаларға үйретпеу – мол дүние жиып, оны керегіне 
жаратпай, көміп қоюмен бірдей. 
B)Рахат пен қайғы жолдас. Рахат іздесең – бейнетінен қорықпа, қуаныш іздесең – 
қайғысынан қорықпа. 
C)Мұқтаждық – мың өнердің анасы. 
D)Жамандарға рахым қылу – жақсыларға жәбір берумен бірдей. 
E)Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, 
Жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді. 
6.Мәтін мазмұнына сай берілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс? 
1.Алма ағашымен тілдескен қарт – «әулие» болатын. 
2.Жерге жеміс тұқымын ексең, міндетті түрде жеміс аласың. 
3.Ораза айы басталып, қарт пен алма байланысын үзді. 
A)Барлығы теріс 
B)Тек үшіншісі 
C)Барлығы дұрыс 
D)Тек екіншісі 
E)Тек біріншісі 
7.Қандай нұсқа мәтіннің тақырыбын ашып түр. 
A)Кәрілік – дауасыз дерт. 
B)Кәрі білгенді бәрі білмес. 
C)Қарты бар елдің құты бар. 
D)Кәрілік, сені қайтейін, Сөйлер сөзге мерт еттің. 
E)Жас – кәрінің көзі, Кәрі – жастың тезі. 
8.Соңғы бөлімде қарт не себепті алма ағашына қайтып келді? 
A)Суару үшін 
B)Алғысын білдіру үшін 
C)Ренішін білдіру үшін 
D)Несібелі алмасын алу үшін 
E)Қуанышына ортақтасу үшін 
 
4.20-мәтін 
1.Астрономияда  жаңа  туған  айдың  ұштарын  «Ай  мүйіздері»  дейді.  Халық  сүйікті 
деген  малдарын  Ай  тұяқты  тұлпарым.  Ай  мүйізді  ақ  серкем  деп  өзгеше  ықыласпен 
мадақтайды. 
2.Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. Әсіресе Ай 
сұлуырақ  болып  мақтанып.  Күн  оны  қызғанып  Айдың  бетін  тырнап,  оған  дақ 
түсірген.  Кесірлі  Ай  жазасын  осылай  тартқан.  Ай  бетіндегі  қарауытқан  дақ  содан 
екен»  деседі.  Айдың  кеш  туғанын  немесе  кемігенін  ел  Ай  «қорғалады»  дейді.  Күнге 
жақындап  барғанда  Ай  «қорғалап»  бетін  жасырады.  ал  қашықтағанда  Ай  толып, 


 
 
 
Күнді  қызықтырып,  бегін  түгел  көрсетіп,  ереуілдейді.  Ай  түрінің  өзгеру  құбылысын 
жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. 
3.«Жаңа  ай  жарылқа.  Ескі  ай  есірке»  деп  тілек  айтып,  жаңа  Ай  туу  құбылысы  қазақ 
ортасында  елеулі  оқиға  болып  келді.  Жаңа  туған  Айды  көргенде  шаруа  адамның 
көңіліне әр түрлі ой келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма деген ойлар 
тумай  қоймайды.  Қазақ  арасында  егер  Ай  тігінен  туса,  ауа  райы  шаруаға  жайлы, 
жылы  болады.  Ал,  Ай  шалқасынан  жатса,  ай  суық,  жайсыз  болып  өтеді.  Мұны 
«Айдың өзіне жайлы, халыққа жайсыз болғаны» дейді. 
4.Қазақ  тұрмысында  Айды  қастерлеуге  себеп  көп  болды:  Ай  болмаса,  түн 
қараңғысын,  жамылып  қасқыр  да,  ұры  да  малға  шабуылды  күшейтеді,  шаруа 
жайымен ұзақ түн қату да қиын тиеді. Аталарымыздың ай қараңғыда малы түгіл, басы 
да  зор  қауіпте  болғандығын  еске  алсақ,  неліктен  айды  қастерлегендігін  жақсы 
түсінеміз.  «Қараңғы  алғыр»  деген  сөз  тегін  шықпаған.  Елдегі  үлкен  ақсақалға  Айға 
бата  қыл  дегенде:  –  Ай  шалқасынан  туыпты,  бұл  мен  бата  қылмайтын  Ай  екен,  – 
депті.  Жұрттың  бұл  сенімдерін  саралай  келіп.  ғылыми  тұрғыдан  келгенде  мынадай 
қорытынды  шығарамыз.  Жаңа  туған  Айдың  қалпына  қарай  жұрттың  ауа  райы 
өзгереді дегені бос сөз емес. 
5.Анығында  да,  жалпы  алғанда  жаз  айларында  жаңа  Ай  тігірек  тұрады  да,  қыс 
айларында Ай «шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн 
жолы)  аспанда  жоғары  тұрады,  Ай  жолы  да  оған  жуық,  сондықтан  күн  сәулелері 
Айдың  астыңғы  төменгі  бетін  ала  жарық етеді  де.  бізге  Ай  шалқалап  жатқан  сияқты 
көрінеді.  Сөйтіп,  жаңа  Ай  орағының  орналасу  қалпы  мен  ауа  райының  арасындағы 
бұл  қызық  іліктестік  Күн  мен  Айдың  аспандағы  жолдарының  әр  мезгілдегі  өзара 
орналасуына байланысты. 
6.Атан  түйе  мен  шіркей  қандай  болса,  үлкендігі  жағынан  алғанда  Күн  мен  Ай  да 
сондай. Ай бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. 
7.Адам  баласының  ұзақ  жасаған  тарихында  оның  көп  іздеген  аспан  шырағы  Ай 
болатын-ды.  Ес  білмейтін  сәби  де  керім  Айға  қол  созып  аймалайды.  Малшы, 
керуенші, аңшы, қарақшы бәрі де Айды бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде 
Айға  қарады.  Кәне,  ойланайықшы,  «Мен  ұрлық  қылғанда  ай  жарық  болды»;  «Ай 
қарап  тұрсың  ба?»  дегендей  сөздер  де  бар  емес  пе?  Осыдан  350  жылдай  бұрын 
Галилей  тұңғыш  рет  ойлап  тапқан  құралымен  Ай  бетінен  тауларды  көрдім,  деп 
жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді. 
8.Өмір  бақи  меңіреу  жатқан  кең  дүниенің  түкпірлерін  шарлауда  адам перзенттерінің 
аяғы түңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос жолаушылары үшін 
бірінші бекет болып табылмақ. 
1.Айдың түрінің өзгеруін нешеге бөлеміз? 
A)Төртке 
B)Екіге 
C)Өзгермейді 
D)Үшке 
E)Беске 
2.Ай мен күннің көлемі сөз болатын азатжол 
A)Үшінші 
B)Бірінші 
C)Жетінші 
D)Бесінші 
E)Алтыншы 
3.Неліктен айдың бетінде дақ пайда болған? 
A)Қызғаншақ болғандықтан 
B)Кеш туғандықтан 
C)Көрікті болғандықтан 
D)Сарғыш болғандықтан 
E)Ерке болғандықтан 
4.Ауа райы суық болғанда ай қалай орналасады? 
1.Етпетінен 
2.Шалқасынан 
3.Тігінен 
A)Екіншісі 
B)Үшіншісі 
C)Барлығы бұрыс 


 
 
 
D)Барлығы дұрыс 
E)Біріншісі 
5.Ай шалқасынан жатқанда ауа райында қандай өзгеріс болады? 
A)Күн суытады 
B)Күн жылынады 
C)Көктем туады 
D)Түн қысқарады 
E)Қатты ыстық болады 
6.Ай қашан толады? 
A)Таң атқанда 
B)Күнге жақындағанда 
C)Ай қорғалағанда 
D)Күн шыққанда 
E)Күннен алыстағанда 
7.Ай мен Күн туралы аңыз нешінші азатжолда айтылған? 
A)Төртінші 
B)Үшінші 
C)Бесінші 
D)Бірінші 
E)Екінші 
8.Ай мен Күннің көлемін автор неге теңейді? 
A)Терек пен талға 
B)Жұлдыз бен Сатурнға 
C)Теңіз бен бұлаққа 
D)Мал мен жәндікке 
E)Аң мен құсқа 
 
4.21-мәтін 
Екі бозторғай 
Ерте, ерте, ертеде кең далада екі бозторғайдың балапаны жұмыртқаны жарып шығып, 
жарық дүниеге кадам басады. Сайын дада төсінде көктен себелеген күн нұры олардың 
бойына қуат беріп, тезірек өсуіне жәрдем етіпті. Қос бозторғай балапанының түр-түсі 
бірдей  болғанымен,  мінездері  бір-біріне  мүлдем  ұқсамапты.  Екеуі  бірге  ойнап,  бірге 
ән шырқап жүргенімен, жиі-жиі шекісіп  қалады екен. Ұрыс-жанжалды үнемі бірінші 
бастағанына қарамай, момын бозторғай мінезі шадыр бозторғайды жақсы көріпті. 
Көктем  шығып,
 
ағаштар  жаңадан  бүр  жара  бастағаннан-ақ,  құс  біткен  алуан  түрлі 
әнге басыпты. Айналадағы тіршілік иелері бұлбұлдың жүрек тебірентер әдемі әуеніне 
тәнті  болыпты.  Таудың  биігіне  ұя  салып,  жер  бетін  зеңгір  көктен  шолып,  қалықтап 
жүретін  бүркіттің  саңқылдаған  батыл  даусынан  бойларына  күш  жинапты.  Айыр 
құйрық  қарлығаштың  тамылжыта  салған  әнін  естіген  құстардың  бір-біріне  деген 
мейірі арта түсіпті. 
Бірде  ән  салу  кезегі  өз  дегенінен  қайтпайтын  бозторғайға  тиіпті.  Ол  әркімге  бір 
еліктеп, бірде бұлбұлға, бірде қарлығаштың даусына ұқсас әуенге басты. Бұл ән әуені 
құстарды  зеріктірді.  Ұнамаған  әнді  тыңдағысы  келмеген  соң,  олардың  әрқайсысы 
жан-жаққа ұшып кетті. Бұлбұл саялы, шешек атқан бау-бақшаға, бүркіт басын аппақ 
қар басқан тау шыңына, қарлығаш елді мекендегі үйдің іргесіне салған ұясына қарай 
бет алды. 
Осы  мезетте  кең  далада  шырылдай  жөнелген  дауыс  естілді.  Әсем  бұлбұл  да,  қыран 
бүркіт  те,  аппақ төс  қарлығаш  та  нәзік,  мұңды,  сағынышқа  толы  ән  ырғағына  елітіп, 
ұзаққа ұшпай, бетегелі дала топырағына қонбасқа лажы қалмапты. 
– Апыр-ай, мынау не еткен ғажап ән! Даланың мөлдір шығы, жұпар иісті шөбі, таңғы 
саф ауасы тұнық әуенмен тербеліп, көкірегімді кеңітті-ау! – депті бұлбұл тамсана. 
–  Бұл  момын  бозторғай  ғой.  Әнеки,  бір  орында  қалықтап  шырылдауын  қарашы! 
Шіркін, дауысының мың құбылуын! – депті бүркіт өткір көзін көкке қадай. 
–  Туған  жерге,  оның  жасыл  жусаны  мен  ақ  селеуіне,  қанат  қаққан  алқызыл  көбелегі 
мен  хош  иісті  гүліне  үздіккен  сағынышын  әуелетіп  салған  әнінен  байқап  тұрмын,  – 
депті ақтамақ қарлығаш. 
Әлдиге бөлеген ән де аяқталды. Бозторғай жерге түсті. 
– Бозторғай, – деді бүркіт, – әуелетіп салған әнді қайдан үйренгенсің? 
– Маған ән салуды туған далам, оның таңғы тыныс-тіршілігі, жұлдызды түндері мен 
сыбдыр қаққан құрағы үйретті. Осы алтын бесігімде ешкімге еліктемей өстім. 


 
 
 
–  Шынында  да,  өз  тіліңде  әдемі  сайрағанға  не  жетсін!  Еліктеуден  туған  әуен 
көмейден  шыққанымен,  өзге  жүрекке  жетпейді,  –  деп,  бұлбұл  сазды  әуенімен  үн 
қатты. 
– Ол рас, – деді қарлығаш та. 
Міне,  табиғатында  адал,  момын  бозторғай  туралы  ертегі  осындай.  Ал  бірбеткей 
бозторғай  туралы  білгілерің  келсе,  ол  өзінің  анаған  да,  мынаған  да  ұқсасам  деген 
шәлкем-шалыс мінезіне әлі күнге дейін өкініп жүрген көрінеді. Өйткені ол бүркіт те, 
бұлбұл да, қарлығаш та бола алған жоқ. Бозторғайдың да ғажайып қасиетін жоғалтып 
алған-ды. 
1.Дауысы құстардың бойына қайрат, күш беретін күс 
A)Торғай 
B)Бұлбұл 
C)Бүркіт 
D)Қарлығаш 
E)Бозторғай 
2.Қарлығаш әнінің әсері 
A)Жүрегіңді тебірентеді. 
B)Сағыныш сезімін тербетеді. 
C)Мейіріміңді оятады. 
D)Хош иіс аңқиды. 
E)Бойыңа күш сыйлайды. 
3.Құстарды жан-жаққа үркіткен құс 
A)Бұлбұл 
B)Бүркіт 
C)Тентек бозторғай 
D)Қарлығаш 
E)Момын бозторғай 
4.Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Еліктегіш бозторғай 
2.Қос балапан 
3.Құстардың әсем әуені 
4.Момын бозторғай әні 
A)4,1,3,2 
B)2,3,1,4 
C)2,4,1,3 
D)3,1,4,3 
E)1,4,2,3 
5.Бірбеткей бозторғай еліктеген дауыстар 
A)Туған даласы 
B)Бұлбұл мен қарлығаш 
C)Таңғы тыныс-тіршілік 
D)Сыбдыр қаққан құрақ 
E)Жұлдызды түндер 
6.Момын бозторғайдың «ұстазы» 
A)Қарлығаш 
B)Бүркіт 
C)Туған анасы 
D)Дархан дала 
E)Бұлбүл 
7.Момын бозторғай әніне берілген баға 
A)Әуен құстарға ұнамады. 
B)Кең далада шырылдай салған үн. 
C)Бір-біріне мейірімін арттырады. 
D)Шіркін, дауысының мың құбылуын! 
E)Әуен көмейден шыққанымен, жүрекке жетпейді. 
8.Соңғы жолда айтылған ойдың жалғасы 
A)«Өнер – жастан шығады» деген сөз осыдан қалыпты 
B)«Әлін білмеген әлек» деген сөз осыдан қалыпты 
C)«Өнерліге өріс кең» деген сөз осыдан қалыпты 
D)«Есеп білмеген есек» деген сөз осыдан қалыпты 
E)«Кең болсаң, кем болмайсың» деген сөз осыдан қалыпты 
 
4.22-мәтін 
Атадан балаға  мирас  болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің  бірі - ер балаға айдар 
шаш  және  кекіл  қою.  Қазақ  халқының  салт-дәстүрінде  адам  шашын  ерекше 
қастерлеген.  Қазақта  «Айдарлы  бала  айбарлы  бала»  деген  сөз  бар.  Айдар  шаш  ер 
баланы  тіл  мен  көзден  сақтайтын  көрінеді.  Сондықтан  да  ата-ана  баласы  бір  жасқа 
толғанда,  оның  карын  шашын  алып,  төбесіне  бір  өрімдей  ғана  шаш  қалдырып,  оны 


 
 
 
өсіріп,  көзді  маржан,  қаратас  тағып,  өріп  қоятын  болған.  Бұл  ғұрып  ер  балаға 
жасалады. 
Салт-дәстүріміздің  қайта  жаңғырғаны  шығар,  қазір  айдар  қойған,  кекіл  таққан 
балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше 
назар  аударып,  көрген  жерде  қастарына  шақырып,  аты-жөнін  сұрап,  ықылас-
баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы 
балаға  тіл-көз  тимейді  деп  есептеген.  Қойылған  айдарды  бала  жеті  жасқа  немесе  он 
үш  жасқа  келгенше  тіл-көздің  сұғынан  сақтайды  деп  алғызбаған.  Халық  дәстүрінде 
балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар 
қойған  баланың  шашын  сүндетке  отырғызғанда  ғана  алады  деген  ұғым  бар.  Тарихи 
деректерге  сүйенсек,  Кенесары  Ханның  інісі  Наурызбай  батырдың  айдары  болған. 
Қазақта Айдар деген адам есімі де бар. 
Қазақтар  тәрізді  Тайланд  халқы  да  балаларына  айдар  қояды.  Олардың  наным-
сенімдері  бойынша  аурушаң  балаға  айдар  қойса,  ол  тез  сауығып  кетеді. 
Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен. 
1.Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады? 
A)Бала сырқатынан айыққан кезде 
B)Жеті жасқа толған кезде 
C)Үйленген кезде 
D)Алғаш аңға шыққан кезде 
E)Мүшел жасқа келген кезде 
2.Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз 
1.Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды. 
2.Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған. 
3.Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар. 
A)Екінші мен үшінші 
B)Тек үшіншісі 
C)Тек екіншісі 
D)Біріншісі мен екіншісі 
E)Тек біріншісі 
3.Мәтінге атау беріңіз 
A)«Айдар» есімі туралы 
B)Бүгінгі шаш үлгісі 
C)Қарын шаш 
D)Айдар шаш 
E)Тайландтық «Айдар» 
4.Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады? 
A)Сүндетке отырғызған кезде 
B)Тәй-тәй басқан кезде 
C)Тілі шыққан кезде 
D)Қырқынан шығарған кезде 
E)Он жасқа толған кезде 
5.Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз 
1.Айдар шаш қою – ежелгі салт-дәстүріміздің бірі. 
2.Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында. 
3.Наурызбай батырдың айдары болған. 
A)Үшеуі де бұрыс 
B)Біріншісі мен үшіншісі 
C)Үшеуі де дұрыс 
D)Екіншісі мен үшіншісі 
E)Біріншісі мен екіншісі 
6.Мәтін стилін анықтаңыз 
A)Ресми 
B)Көркем әдебиет 
C)Ауызекі сөйлеу 
D)Іс қағаздар 
E)Ғылыми 
7.Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі 
A)Шашына үкі таққан қыздар жиі 
кездеседі 
B)Бұрымды қыздар жиі кездеседі 
C)Ұлттық киім киген балалар жиі 
кездеседі 
D)Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі 
кездеседі 
E)Айдар, кекіл қойған балалар жиі 
кездеседі 
8.Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін көрсетіңіз 
A)Баланың дос-жарандары көп болады 
B)Бала дәулетті, бай адам болады 
C)Тіл мен көзден сақтайды 
D)Бала аурудан тез сауығып кетеді 
E)Бала болашақта ғалым болады 
 


 
 
 
4.23-мәтін 
1.Тау  іші.  Иен  жайлау.  Ұшқан  құс,  жүгірген  аңнан  өзге  тіршілік  белгісі  білінбейді. 
Жаз  жәрмеңкесі  тарқап,  таулы  өлкеге  қоңыр  күз  қонақтаған.  Аспан  да,  жер  де  сұп-
сұр.  Жапырақтар  сарғайып,  өсімдік  атаулы  күзгі  ызғырық  желге  елбеңдей  бас  ұрып, 
тәубеге  келген  сопыдай  күбірлейді.  Тек  қия  жартастарды  жарып  шыққан  қайсар 
қарағайлар  ғана  өңін  бермей,  тәкаппар  басын  тік  ұстап  көкке  шаншыла  қарап  тұр. 
Сай-саладан  құлай  ағып  жатқаны  көк  қасқа  бұлақтар  жаздағыдай  шу  салып,  асып-
таспай, салқын сабырмен жуасын ғана сырғиды. 
2.Малшы  ауылдар  бұл  өңірден  әлдеқашан  арылып,  етекке  түсіп  кеткен.  Тегіс-тепсең 
жерлерде,  бұлақ  бойларында  жараның  орнындай  болып  киіз  үйлердің  көшкен 
жұрттары көрінеді. 
3.Кеш  батысымен  иен  жұртқа  аш  қасқырлар  келіп,  емін-еркін  тіміскілейді.  Көш 
жолдарына,  айдалған  мал  ізіне  түсіп,  тұмсықтарын  көтеріп,  ұзақ-ұзақ  қарап  тұрады. 
Сүйек  қажалап,  тері-терсек,  жүн-жұрқаны  жұлмалайды.  Бұтаның  арасында  қалып 
қойған  тоқты-торымды  іздеп  сандалады.  Жердегі  жемістес  досына  қарайлап,  көкте 
құзғын айналады... 
4.Жаздың  шіліңгір  ыстығында  басынан  бұлт  кетпейтін  Етікші  шыңы  бұл  күнде 
бозғылт  мұнараға  оранған.  Бұл  Тарбағатай  сілемдерінің  бір-бірімен  ұшарласа  келіп, 
күрт көтерілген тұсы. Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады. 
5.Арғы бетке өтетін жолаушы қиын болса, көбінше осы шыңның желкесімен асатын. 
Өйткені  өркеш-өркеш  тауларға,  терең  құздар  мен  терең  өзендерге  соқпай  өтетін  ең 
төте  жол  осы.  Биік  жалдың  басында  жыртқыш  аңдар  да  аз  жүреді.  Етікшінің 
жотасына шықсаң, таудың күнгейі мен теріскейі табанының астында жатады. 
6.Жолға шыққанына төртінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші 
асуының  бір  оқшау  биігіне  көтеріледі.  Бар  салмағын  таяғына  салып,  тізесі  дірілдеп, 
зорға  жылжып  келеді.  Кеудесі  сырылдап,  өкпесі  аузына  тығылып,  әлсін-әлі  тоқтап 
дем  алады.  Бірақ  алдында  көлденең  сұлап  жатып  алған  қырсық  асудың  төбесіне  бір 
шықсам-ау  деген  арманы  қолтығынан  демеп,  өрге  қарай  өшіге,  өршелене  қайта 
ұмтылады. 
7.Күн тас төбеге көтеріліп, ес кетіп, жан шыққанда асудың ұшар басына да жетті-ау. 
Қыр  жалдың  үстіне  шыға  келгенде,  гуілдеп  соққан  қара  боран  жолаушыны  ұшырып 
әкете  жаздады.  Таяғына  сүйеніп,  төрт  тағандап  әзер  қалды.  Күні  бойы  жеткізбей, 
діңкесін  құртқан  шыңға  ерегісті  ме,  болмаса  «мұндай  биікке  үнемі  көтеріле 
бермеспін»  деді  ме,  әйтеуір  осы  арада  біраз  аялдағысы  келді.  Аппақ  шоқша  сақалы 
желге  желпілдеп,  сығырайған  кәрі  көзімен  айналаны  шолып,  қарт  жалдың  басында 
бірталай тұрып қалды. 
8.Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Терлеп, жіпсіп келе 
жатыр  еді,  тұла  бойын  суық  қармап  сірестіре  бастады.  Ол  шырқау  биіктен  жан-
жағына соңғы рет көз тастады да, ілгері жүре кетті. 
9.Бірі тәуірі, ендігі беталысы төмен, еңіс екен. Ылдиға қарай құлдырап тез төмендеді. 
Көк жалап, жылтырланып алған сірі шоқайы киіздей ұйысып жатып қалған бетегеден 
тайғанап, тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады. 
10.Жалаңаш  жотадан  көп  төмен  түсіп,  қалың  жынысты  қойнауға  жеткенде,  жел 
басылып, күн жылынайын деді. Титығы құрып, әбден қалжыраған қарттың бұдан әрі 
жүруге  хәлі  келмей,  тәлтіректеп  барды  да,  шоқ  қайыңның  түбіне  қисая  кетті. 
Арқасындағы қоржынын басына жастап, бір сәт сұлық жатты. «Әйтеуір, қиын асудан 
өттім ғой» – деді талмаусырып жатып, – «жолдың көбі кетіп, азы қалды». 
1.Кейіпкердің мақсат еткен асуын бағындырған кезі суреттелген азатжол 
A)алтыншы 
B)тоғызыншы 
C)оныншы 
D)бесінші 
E)жетінші 
2.Табиғат көрінісі суреттелген азатжол 
A)бірінші 
B)екінші 
C)үшінші 


 
 
 
D)алтыншы 
E)сегізінші 
3.Жолаушының Етікші шыңының жотасымен жүруді таңдау себебі 
A)ауыр жол 
B)төте жол 
C)ұзақ жол 
D)жеңіл жол 
E)қатерлі жол 
4.Мәтінде суреттелетін жыл мезгілі 
A)жазғытұры 
B)көктем 
C)қыс 
D)күз 
E)жаз 
5.«Әйтеуір, киын асудан өттім ғой, жолдың көбі кетіп, азы қалды» деген ойы арқылы 
автор кейіпкердің қандай сезімін көрсетеді? 
A)асығыстығын 
B)қиналысын 
C)шарасыздығын 
D)қамсыздығын 
E)үмітін 
6.Мәтіннің стилін анықтаңыз 
A)ғылыми 
B)ауызекі сөйлеу 
C)көркем әдебиет 
D)іс-қағаздар 
E)публицистикалық 
7.Мәтіннен кейіпкердің арманы сөз болатын азатжолды көрсетіңіз 
A)екінші 
B)үшінші 
C)оныншы 
D)сегізінші 
E)алтыншы 
8.Кейіпкердің жас мөлшерін анықтаңыз 
A)жігіт ағасы 
B)орта жастағы адам 
C)қарт адам 
D)бозбала 
E)жігіт 
 
4.24-мәтін 
1.Ұрыс сәрсенбі күні таң ата басталды. Абылай да, Цеван-Доржи да елшілер арқылы 
уәделескен  мезгілдерінде  өз  әскерлеріне  «Аттан!»  деп  бұйрық  берді.  Көлденеңі  он 
шақырымдай жазық далада қан төгіс қырғын тез-ақ қызып кетті. Алып майданның екі 
жақ  шетіндегі  Сырымбет  пен  Батыр  Баян  бастаған  қазақ  әскері  қиын  да  болса  алға 
қарай  жылжып  бара  жатқаны  сезіледі.  Тек  екі  жақтың  екі  бас  қолбасшысы  тұрған 
майданның орта шебі мызғыған жоқ. Тағы: 
2.–  Аттан!  Аттан!  –  деген  ұран  шықты.  Сол  сағатта-ақ  Сеңгірбай,  Сағымбай,  Қанай 
бастаған сұлтанның мың жігіті зеңбірек оғы жетпейтін қалың жыңғылды сайдан шыға 
сала  Цеван-Доржидың  тұрған  төбесіне  қарай  лап  қойған.  Бірақ  бір  шақырымдай 
шапқан  кезде  кенет  гүрсілдей  жөнелген  зеңбіректерден  жауған  жойқын  оқтар  дәл 
аттарының маңдай алдынан кеп гүрс-гүрс жарылған. Алдыңғы шептегі жүз қаралы ер 
жүрек  жігіттер  ат-матымен  омақаса  жер  қауып,  заматта  арттарында  келе  жатқан 
жауынгерлерге бөгет болды. Амал жоқ, лапылдап келе жатқан қалың қол еріксіз кейін 
шегінді.  Абылай  бұйрығымен  жігіттер  тағы  шапқан.  Бұл  жолы  да  жүзге  таяуы  қаза 
тауып,  қалғаны  кейін  серпілді.  Зеңбіректі  Цеван-Доржиді  бұлай  ала  алмайтынын 
білген  Абылай,  енді  шабуыл  шебін  басқаша  құрды.  Зеңбіректерге  тікелей  шаппай, 
оны ат тағасындай қоршап, жан-жағынан анталауды бұйырды. Бірақ үш рет шабуылға 
шығып,  ең  батыр  деген  үш  жүзге  тарта  ер  жігіттерінен  айрылған  әскер  не  істерін 
білмей, тағы дағдарып қалды. Бұған Абылай: 
3.–  Япырмай,  осыншама, қазақтан  жауға  шабар  бір  еркек  кіндікті  тумаған  ба?  –  деді 
қатты  дауыстап.  –  Қайсың  барсың?  Осы  кезде  топ  ішінен  «Абылай!»  деген  дауыс 
шықты. Бүл ұран салған Абылайдың он жеті жасар баласы Жанай еді. Ол тебініп қап, 
зеңбіректерге  қарай  атой  салды.  Бірақ  бұдан  бұрын  гүрсілдеген  тажалдардан  әбден 
үркіп  қалған  астындағы  басы  қатты  кертөбел,  бала  жігітті  жау  шебіне  емес,  бір 
бүйірдегі  жиде  тоғайына  қарай  ала  жөнелді.  Жұрт  тағы  тына  қалды.  Дәл  осы  кезде, 
Абылайдың зеңбіректерді қоршаған жігіттерінің оң жақ тұсынан Цеван-Доржи тұрған 
төбеге  қарай,  басында  үкілі  кәмшат  бөркі  бар,  ақбоз  атты  бір  қыз  бала  «Қабанбай! 
Қабанбай!»  деп  ұран  тастап,  суырылып  шыға  берді.  Ақбоз  ат  көсіле  сермеп  келеді. 
Қыздың қолында не сойыл, не найза жоқ, бар болғаны тобылғы сапты қамшы. Осынау 


 
 
 
қарусыз қыздың ерлігін көрген қызба қалың топ, енді шыдай алмады, лап қойды. 
4.–  Абылай!  –  Атығай!  –  Ақжол!  –  Қарақожа!  –  Қабанбай!  –  Абылай!  Абылай! 
«Қабанбай» аты аталған тұстағы Найман жігіттері гуілдей шапқан топтың алдарында 
келеді. Зеңбіректер ортадағы топтың алдыңғы қатарына ғана оқтарын жіберіп үлгерді. 
Бірақ екі бүйірдегі сойылгерлер сапы тез-ақ жетіп қалды. Ар жағындағы жоңғар атты 
әскері  келіп  үлгергенше,  түйелі  зеңбіректерді  түйе-мүйесімен  таптап  кетті.  Ақ  болат 
сауыты  жарқылдап,  Жалынқұйрығын  көсілте  Абылайдың  өзі  де  шапты.  Төбе 
басындағы  қонтайшы  көк  шатырын  жинай  бастады.  Сөйткенше  болған  жоқ, 
Жоңғардың шаян құйрықты сары жібек жалауы шығысқа қарай шегіне берді... 
5.Осылай жоңғар мен қазақ арасындағы қанды айқастардың жаңа белесі ашылды. Бұл 
қазақ  елінің  жоңғар  қонтайшыларын  мүлдем  жеңіп,  атамекен  жерінен  қуудың  ең 
алғашқы  айқасы  еді.  Абылай  өз  шатырына  келгеннен  кейін,  бағанағы  қалмақ 
зеңбіректеріне  жападан-жалғыз  қарсы  шауып,  бүгінгі  жеңіске  жол  салған  қызды 
іздетті.  Бұл  Қабанбай  батыр  мен  қазақтың  батыр  қызы  Гауһардан  туған  жас  Назым 
екен.  Бүлдіршіндей  жас  қыздың  осыншама  ерлік  көрсеткеніне  риза  болған  Абылай, 
беліндегі сом алтыннан соғылған жаңа белбеуін шешіп берді. Абылай басқарған осы 
соғыс екі айға созылды. 
1.Автор қазақ халқының ержүректілігін қалай жеткізгісі келді? 
A)Қабанбай әрекеті арқылы 
B)Қыз әрекеті арқылы 
C)Батыр Баян әрекеті арқылы 
D)Қанай әрекеті арқылы 
E)Қолбасылар әрекеті арқылы 
2.Абылай неге жауынгерлеріне ренжіді? 
A)Әскерлері соғыс алаңынан қорықты 
B)Жауынгерлері алға жылжи алмады 
C)Шабуылды жаңаша жоспарламады 
D)Әскерлер бас амандығын ойлады 
E)Қан төгіс қырғын қыза түсті 
3.Мәтіннің төртінші азатжолының түйіні 
A)Жаудың шабуылға шығуы 
B)Жау шебінің мықтылығы 
C)Жаудың жеңілісі 
D)Хан сыйлығы 
E)Жау зеңбірегінің жеңісі 
4.Абылай неге қызға белбеуін сыйға тартты? 
A)Ерлігіне риза болғандықтан 
B)Шыққан тегіне риза болғандықтан 
C)Шабандоздығына риза болғандықтан 
D)Қыздың жастығына сүйсінгендіктен 
E)Қабанбайдың қызы болғандықтан 
5.Ақбоз атты қыздың ұраны 
A)«Абылай!» 
B)«Атығай!» 
C)«Қарақожа!» 
D)«Ақжол!» 
E)«Қабанбай!» 
6.Неліктен қазақ жауынгерлері тығырыққа тірелді? 
A)Қалмақтың қаруы басым болды 
B)Қорғандары болмады 
C)Дұрыс ұйымдаса алмады 
D)Қолбасшылары болмады 
E)Аттары шабан болды 
7.Мәтіндегі негізгі ой қандай? 
A)Қазақ батырларының ерлігін дәріптеу 
B)Соғыс әдістерін үйрету 
C)Қазақ батырларын таныстыру 
D)Жоңғардың соғыс күшінсуреттеу 
E)Қазақ пен жоңғар арасындағы соғысты дәріптеу 
8.Жанайдың жауға қарсы шыға алмау себебі 
A)Соғыс әдіс-тәсілін білмеді 
B)Астындағы аты үрікті 
C)Аты үйретілмеген болды 
D)Қолында қаруы болмады 
E)Жауға жалғыз беттей алмады 
 
 


 
 
 
4.25-мәтін 
1.Баяғы  заманнан  қазақтың  қонысы  болған  құтты  мекеннің  айшықты  орындарының 
бірі – Жасыбай көлі. Көлге кеудеңе дейінгі тереңдікке түсіп төменге қарасан, мөлдір 
судың  түбіндегі  тастар  айқын  көрініп  жатады.  Жалпы,  географ  мамандардың 
зерттеулеріне сүйенетін болсақ, судың беткі аумағы 3,7 шаршы шақырымды құрайды 
екен. Ал ең терең жері – он төрт  метр. Әрине, географиялық сипаттамасы өз алдына 
жеке әңгіме. 
2.Жасыбай  көлінің  тарихи  тарту  болар  тамашалары  да  баршылық.  Егер  аңыз-
әңгімелерге  сенсек,  бүл  көлдің  бұрынғы  атауы  Шойынкөл  екен.  Бірақ  кейін  келе 
Жасыбай  атанған.  Негізінен,  Ер  Жасыбай  –  қан  жұтқан  қалмақтармен  қиян-кескі 
соғыста ерлігімен көзге түсіп, елдің мақтанышына айналған қаһарман батыр. Ал оның 
есімі  қалайша  көлге  берілгені  туралы  тарихи  аңыз  бар.  Егер  де  тарихи  деректерге 
сүйенсек,  1752  жылы  жоңғар  әскері  Ертіс  жағынан  Баянауыл  жерін  басып  алуды 
көздеп,  шабуыл  жасаған.  Сол  кезде  қазақтың  ханы  Абылай  Сабындыкөлдің  шығыс 
жағынан  жауға  тойтарыс  беру  үшін  жедел  түрде  Олжабай  Толыбайұлын  басшы  етіп 
әскер  ұйымдастырған  екен.  Сол  әскер  жасақтарының  бірін  көзсіз  батыр  Жасыбай 
басқарып,  шабуылдаушылармен  соғыста  алдыңғы  шепте  болған.  Мұның  өзінде  де 
үлкен  мән  жатыр.  Егер  де  әскердің  алдыңғы  шебі  мықты  болса,  онда  жауды  жеңу 
оңайырақ  болады.  Яғни  тиген  жерінен  ұрандатқан  жауды  тесіп  өтер  өткір  де  қайсар 
қаһарманның керегі анық. Міне, осындай жауапты тапсырманы Жасыбайға жүктеген. 
Шойынкөлдің  оңтүстік-батыс  бөлігінде  Жасыбай  бастаған  жасақ  жоңғарларға  қарсы 
тұрып, жеңістің жалауын желбіреткен. Табанды ер бастаған ұлдардың тоқпағына төзе 
алмаған  қалмақтар  жеңіліс  тауып,  қазақтың  қылышынан  аман  қалғандары  тентіреп, 
тым-тырақай  қашқан.  Жауды  аттан  түсірген  жасақбасы  Жасыбай  Сабындыкөлдің 
ортасында 
жолдастарымен 
демалып 
жатқанда, 
қалмақтың 
аман 
қалған 
қаскүнемдерінің бірі садақпен оқ атып, батырды жаралап өлтірген. 
3.Бұл  әрине,  сол  уақытта  қазақ  әскері  үшін  орны  толмас  қаза  еді.  Қайғылы  хабарды 
естіген Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін кайта көтеріп, қырғыннан аман қалған 
қалмақтардың  соңына  түсіп,  қуғынға  алған.  Баянауылдың  таулы  аймақтарының 
шығыс жағына қарай тоқсан бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға 
алып,  бірін  аман  қалдырмай  қырып  тастаған  көрінеді.  Және  сол  жер  бүгінгі  күнге 
дейін  «Қалмаққырылған»  деп  аталады.  Жалпы  мұндай  шабуыл  екі  ғасырға  созылған 
қазақ-қалмақ  соғысында  күшті  тойтарыстардың  бірі  болды.  Ал  жергілікті  халық 
болса, Шойынкөлді  батырдың атымен атап кеткен.  Яғни бүгінгі күнге дейін  көл мен 
сол аймақ Жасыбай деп аталады. 
1.Көлге неліктен Жасыбай атауы берілген? 
A)Ханның ел басқаруына орай 
B)Ру атына сәйкес 
C)Көлдің байырғы атауы болғандықтан 
D)Батыр ерлігіне орай 
E)Жоңғар шапқыншылығына сәйкес 
2.Алғашқы азатжолда ой қалай берілген? 
A)Салыстыру арқылы 
B)Тұжырымдау арқылы 
C)Суреттеу арқылы 
D)Пайымдау арқылы 
E)Дәлелдеу арқылы 
3.Екінші азатжолдағы негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді? 
A)Ер аруағы – қаруы 
B)Ердің екі сөйлегені өлгені 
C)Ел үмітін ер ақтар 
D)Ер тарықпай, молықпайды 
E)Ерді жаяулық емес, ұялулық аздырар 
4.Мәтін қандай стильде жазылған? 
A)Іс-қағаздар стилі 
B)Ауызекі сөйлеу стилі 
C)Ресми стиль 
D)Ғылыми стиль 
E)Публицистикалық 
стиль 
 
 


 
 
 
5.Мәтінді қай мақал қорытындылап түр? 
A)Ер азығы мен бөрі азығы жолда 
B)Ер есімі – ел есінде 
C)Батыр жарасыз болмас 
D)Ер – ырыстың кілті 
E)Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі 
6.Бірінші азатжолда не туралы айтылған? 
A)Жасыбай көлінің шипасы 
B)Жасыбай көлінің тарихы 
C)Жасыбай көлінің географиялық сипаттамасы 
D)Жасыбай көлінің байлығы 
E)Жасыбай туралы аңыз-ертегілер 
7.Екінші азатжол қандай үлгіде жазылған? 
A)Сын мақала 
B)Аңыз әңгіме 
C)Ой толғау 
D)Тарихи аңыз 
E)Шыншыл ертегі 
8.Баянауылдағы «Қалмаққырылған» жерінің атауы қай батырға байланысты 
A)Бейсен 
B)Абылай 
C)Бәсентиін 
D)Олжабай 
E)Жасыбай 


 
5001 нұсқа 
1-мәтін 
 
I. Бразилия елінде жылына екі рет, дәлірек айтқанда, ақпан және наурыз 
айлары аралығында Амазона өзені сағасында Атлантикалық мұхиттан тұзды, 
анағұрлым ауыр судың келгені байқалады. Мұхит суы өзен ағымымен кездесіп, өзен 
суын ығыстыра бастайды. Соның нәтижесінде, биіктігі 6 метрге жететін алып 
толқындар пайда болады. 
 
II. Көктем кезінде Дания елінде таңғажайып оқиға болады: барлық 
аймақтардан ұшып келген миллионнан астам еуропалық қараторгай күн батпай тұрып 
үлкен топқа жиналады екен. Оңтүстіктен ұшып келген қараторғайлар күні бойы көк 
шалғында болып, кешкісін аспан төрінде топтық би билейді екен. Даттықтар бұл 
құбылысты «Қара Күн» деп атаса керек. Аталған құбылысты наурыз айынан бастап, 
сәуір айының ортасына дейін тамашалауға болады. 
1.Мәтіндегі негізгі ой қандай? 
A)Табиғаттағы керемет кұбылыстарды сурегтеу 
B)Құстардың көптігін жеткізу 
C)Бразилия өзендерімен таныстыру 
Д)Дания елінін тұрмыс-тіршілігін баяндау 
Е)Өзендегі толқындарды ығыстыру 
2.«Қара Күн» құбылысын тамашалауға болатын мезгіл 
A)Күз 
B)Жаз 
C)Қыс 
Д)Көктем 
Е)Қара күз 
2-мәтін 
Қанағатсыздық 
Баяғыда Жетісудан шықкан екі жолаушы Бұхараға бет алған екен. Бірі дәулетті, аты 
Жалғыз деген кісі екен. Екіншісі кедейлеу, аты Тәңірберген болса керек. Дәулеттісі 
аты күйлі болған соң баратын жеріне тезірек жету үшін атын қамшылап, ұзап кетеді. 
Екіншісі асыкпай, атын шалдырып, жайлап жүре береді. 
Бірнеше күн өткенде Жалғыз тамақсаулығына басып, жолға алған азығып жеп 
тауысады. Содан бір тояйын деп астындағы атын сояды. Оның етін түн ішінде қорқау 
қасқырлар жеп кетеді. Көліксіз қалған соң барар жеріне қалай жетсін, не аты, не 
тамағы жоқ, өлімші халде жатқанда Тәңірберген жетеді. Аты тың, азғантай малтасын 
қанағат еткен. Сөйтіп, ол Жалғызды мінгестіріп, малтасын бөлісіп, барар жерлеріне 
жетеді. Тәңірберген болмаса, анау айдалада қалғандай екен. Жұрт арасында “қанағат 
қарын тойғызады, канағатсыздык жалғыздың атын сойғызады” деген сөз содан 
қалыпты. 
3. Мәтінде жауабы бар сүрақ 
A)Тәңірберген Жалғызды өлімнен құтқарды ма? 
B)Екі жолаушы жолға қайдан шықты? 
C)Тәңірберген жолға қандай азық алды? 
Д)Екі жолаушы Бұхараға жетті ме? 
Е)Екі жолаушы Бұхарадан қашан қайтты? 
4. Мәтіндегі Тәңірбергеннің іс-әрекетіне қатысты мақал 
A)Жаксы болсаң - жақын көп. 
B)Адасқан жігіт жол таппас. 
C)Тәуекелдің кемесі суға батпайды. 
Д)Асықпаған арбамен қоянға жетеді. 
Е)Ерлік білекте емес, жүректе. 
5. Мәтіндегі «ат шалдыру» сөзінің мағынасы 
A)Атын желіске салдыру 
B)Атын жорға жүріске салу 
C)Атын баяу жүргізу 
Д)Атын жетектеу 
Е)Атын тынықтыру 
6. Байға қатысты нұска 
A)Жалқаулық 
B)Ашкөздік 
C)Бірбеткейлік 
Д)Қанағатшылдық 
Е)Қамсыздық 


3-мәтін 
 
1. Жаршының даусын күтіп тұрған, бастарына өңкей қызыл, көк, ақ шыт 
үшкілдеп байлаған балалар кекілдерін бунап, үкі таққан аттарын ойнақтатып шыға 
берді. Жеңіл ер-тоқымды жарау аттар әсем билеп: бір қырындап, ойқастап, 
ауыздықтарын қарш-қарш шайнап, енді бірі ортекеше орғып, кейбірі қайраңға 
шыққан балықша жондары жалт-жұлт етіп аласұрып, шыр көбелек айналып тулап, 
көкке шаншыла карғып, ұзақ жарысты сезіп, қатты-қатты пысқырып, түра қалып 
шегіншектеп, жер тарпып, өздеріне қадалған мың-мың көздің алдынан лек-легімен 
өте берді. 
 
2. Мойнын соза қараған, аттарға ұмтыла түсіп, кейін ығысып тәртіпке 
келтірген аттылардың қамшысынан жасқанған жұрт шулап тұр. 
-  Әне, Құлайкөк пен Топайкөк! 
-  Әй, ана бір сүліктей кара кімдікі? 
-  Ана қазмойын - біздің Көкдауыл!.. - дескен жұрт, астыңғы ерні салпиып, жай 
басып, марғау аяңдап, кекіліндегі тұмарға таққан медалі жарқырап топ арасында 
Құлагер өте бергенде гу етіп, орындарынан тұрып кетті. 
 
3. Жаршының жағында тыным жоқ: «Бас бәйге - бір тайтұяқ алтын, боталы 
інген, тай, құлынымен бір үйір жылқы; екінші - бір атан түйе, он құлынды бие; 
үшінші - бір қоспақ, бес құлынды бие, он қой; төртінші - үш құлынды бие, бес қой; 
бесінші - бір құлынды бие, күміс кесе... Бас бәйгеге ояздың медалі бар, екіншіге күміс 
сағат, үшіншіге күміс таяқ...» 
 
4. Ақан бәйгеші балаларға біраз еріп, Мөңкені тоқтатып алды да: 
- Ал, қарағым, жолың болсын! Атқа шабудың әдісін білесің ғой. Дегенмен мына 
бәйгенің сұрқы бөлек. Байқа, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, 
ыққа түсе көрме, жел жағында отырғайсың. Түйетастан аса бере тақымды бір қысып, 
қарқындатып ал да, Көкөзекке бұрын түс. Ойлы-қырлы өзек ішінде атыңды сәл теже. 
Сүріндіріп алма. Одан шыға бере Құлагердің көзін бір сүртіп, қиқуды салып, басын 
еркін қоя берсен, ар жағын қанатымның өзі-ақ көрсетеді, - деп Құлагердің мойнынан 
құшақтады. 
7.Мәтін мазмұнына сәйкес мақал 
A)Ер сасқанда белгілі,  
Ат шапқанда белгілі. 
B)Түпкі айылдың батқанын  
Иесі білмес, ат білер. 
С)Ер қанаты - ат. 
Д)Ер атағын ел сақтар  
Е) Ер - намысының құлы. 
8. Мәтінде не туралы айтылған? 
A)Балуан күресі 
B)Аттарды сынау 
C)Ат баптаушылары 
Д)Атжарысы 
Е)Жаршылар сайысы 
9. Барлық жүлдегерлерге ортақ тігілген бағалы сый 
A)Күміс 
B)Қой 
C)Түйе 
Д)Жылқы 
Е)Алтын 
10. Мәтіннің стилі 
A)Публицистикалық стиль 
B)Ғылыми стиль 
C)Ресми іс-қағаздар стилі 
Д)Көркем әдебиет стилі 
Е)Ауызекі сөйлеу стилі 
11. Ақанның шабандоз балаға кеңесі берілген азатжол 
A)Үшінші 
B)Төртінші 
C)Бірінші және екінші 
Д)Бірінші 
Е)Екінші 
12. Халықтың Құлагерге деген ерекше құрметі суреттелетін азатжол 
A)Үшінші 
B)Төртінші 
C)Бірінші 
Д)Барлығында 
Е)Екінші 
4-мәтін 
 
1. Астрономияда жаңа туған айдың ұштарын «Ай мүйіздері» дейді. Халық 
сүйікті деген малдарын Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем деп өзгеше 


ықыласпен мадақтайды 
 
2. Ай мен Күн туралы: «Ай мен Күн егіз туған керемет сұлу екі әйел екен. 
Әсіресе Ай сұлуырақ болып мақтанып, Күн оны қызғанып Айдың бетін тырнап, оған 
дақ түсірген. Кесірлі Ай жазасын осылай тартқан. Ай бетіндегі карауытқан дақ содан 
екен» деседі. Айдың кеш туғанын немесе кемігенін ел Ай «қорғалады» дейді. Күнге 
жақындап барғанда Ай «қорғалал» бетін жасырады, ал қашықтағанда Ай толып, 
Күнді қызықтырып, бетін түгел көрсетіп, ереуілдсйді. Ай түрінің өзгеру құбылысын 
жаңа Ай, ширек Ай, толған Ай деп түсіндіреді. 
 
3. «Жаңа ай жарылқа, Ескі ай есірке» деп тілек айтып, жаңа Ай туу құбылысы 
қазақ ортасында елеулі оқиға болып келді. Жаңа туған Айды көргенде, шаруа 
адамның көңіліне әр түрлі ой келеді, шаруаға жайлы бола ма, жоқ жайсыз бола ма 
деген ойлар тумай қоймайды. Қазақ арасында егер Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға 
жайлы, жылы болады. Ал, Ай шалқасынан жатса, ай суық, жайсыз болып етеді. Мұны 
«Айдың өзіне жайлы, халыққа жайсыз болғаны» дейді. 
 
4. Қазак, тұрмысында Айды қастерлеуге себеп көп болды: Ай болмаса, түн 
қараңғысын жамылып қасқыр да, ұры да малға шабуылды күшейтеді, шаруа жайымен 
ұзақ түн қату да қиын тиеді. Аталарымыздың ай қараңғыда малы түгіл, басы да зор 
қауіпте болғандығын еске алсақ, неліктен айды қастерлегендігін жақсы түсінеміз. 
«Қараңғыалғыр» деген сөз тегін шықпаған. Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл 
дегенде: - Ай шалқасынан туыпты, бұл мен бата қылмайтын Ай екен, — депті. 
Жұрттың бұл сенімдерін саралай келіп, ғылыми тұрғыдан келгенде мынадай 
қорытынды шығарамыз: жаңа туған Айдың қалпына қарай жұрттың ауа райы өзгереді 
дегені бос сөз емес. 
5 Жалпы алғанда жаз айларында жаңа Ай тігірек тұрады да, қыс айларында Ай 
«шалқасынан жатады», өйткені қыстыгүні түнге қарай эклиптика (Күн жолы) аспанда 
жоғары тұрады, Ай жолы да оған жуық, сондықтан күн сәулелері Айдың астыңғы 
төменгі бетін ала жарық береді де, бізге Ай шалқалап жатқан сияқты көрінеді. Сөйтіп, 
жаңа Ай орағының орналасу қалпы мен ауа райының арасындағы бұл қызық 
іліктестік Күн мен Айдың аспандағы жолдарының әр мезгілдегі өзара орналасуына 
байланысты. 
 
6. Атан түйе мен шіркей қандай болса, үлкендігі жағынан алғанда Күн мен Ай 
да сондай. Ай бетіндегі қарауытқан дақтар ойпаттау жерлері екен. 
 
7. Адам баласының ұзақ жасаған тарихында оның көп іздеген аспан шырағы 
Ай болатын-ды. Ес білмейтін сәби де керім Айға қол созып аймалайды. Малшы, 
керуенші, аңшы, карақшы бәрі де Айды бақты. Ойшыл, сыншылдар да тіпті еріккенде 
Айға қарады. Кәне, ойланайықшы, «Мен ұрлық қылғанда ай жарық болды»; «Ай 
қарап тұрсың ба?» дегендей сөздер де бар емес пе? Осыдан 350 жылдай бұрын 
Галилей тұңғыш рет ойлап тапқан құралымен Ай бетінен тауларды көрдім, деп 
жарияласымен-ақ Айға ынта ерекше күшейді. 
 
8. Өмір бақи меңіреу жатқан кен дүниенің түкпірлерін шарлауда адам 
перзенттерінің аяғы түңғыш рет Ай бетін басатыны сөзсіз. Ай келешекте космос 
жолаушылары үшін бірінші бекет болып табылмақ. 
13. «Ай тұяқты тұлпарым, Ай мүйізді ақ серкем» деп мадақтау төрт түліктің 
қайсысына катысты айтылған? 
A)Жылқы мен ешкіге 
B)Түйе мен қойға 
C)Жылқы мен сиырға 
Д)Жылқы мен қойға 
Е)Қозы мен ешкіге 
14. Аңыз бойынша Ай өзінің қандай мінезінің кесірінен жапа шегеді? 
A)Ұялшақтығынан 
B)Қызғаншақтығынан 
C)Мақтаншақтығынан 
Ц)Қарапайымдылығынан 
Е)Көреалмаушылығынан 
15. Қазақ халкының «Жаңа ай, жарылқа, Ескі ай, есірке» деп тілеуінің себебі 
A)Ескі ай мен жаңа айды салыстыру 
B)Жаңа туған ай жақсылық әкелсін деген ниет 
C)Жаңа айдың жарығы мол болсын деген тілек 


Д)Жаңа ай туғанда ескі айды ығыстырады деген ұғым 
Е)Күн жылы болады деген сенім 
16.Күн мен Айдың көлемін мәтіннің 6-азатжолымен сәйкестендіріңіз 
A)Тұлпар мен серке 
B)Өгіз бен бүзау 
C)Жылқы мен қүлын 
Д)Бура мен құмырсқа 
Е)Қой мен ешкі 
17.Тұжырымдардың дұрысы 
1. Кеш туған не кеміген айды халық «Ай қорғалады» дейді. 
2. Ай тігінен туса, «Өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді. 
3. Шалқасынан туған айға ақсақалдар бата бермейді,- 
A)Үшеуі де 
B)Екіншісі 
C)Бірінші мен үшіншісі 
Д)Үшіншісі 
Е)Екінші мен үшіншісі 
18.Елдегі үлкен ақсақалға Айға бата қыл дегенде: «Ай шалқасынан туыпты, бұл мен 
бата қылмайтын Ай екен» деуінін сыры 
A)Айға бата беру - надандық 
B)Айға батаны жас адамдар ғана береді 
C)Толған айға қатысты беріледі 
Д)Айдың өзіне ғана қолайлы болғандығы 
Е)ЬІрым, наным-сенімге байланысты 
19. Ай бетіндегі дақтар 
A)Тегістеу жерлері 
B)Қыраттары 
C)Ойпаттау жерлері 
Д)Күнгей жерлері 
Е)Төбешіктері 
20. Айдың тууына байланысты халық әрекеті 
A)Болашағын болжаған 
B)Жаздың жаңбырлы болатынын болжаған 
C)Ауа райын болжаған 
Д)Жыл мезгілінің ауысуын болжаған 
Е) Құстардың қайтуын болжаған 
5003 нұсқа 
1-мәтін 
Бір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең ерте ұйқысынан 
оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным таппайды. Таңнан қара кешке 
дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты да ұмытып 
кететін болыпты. Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне кайтады екен. 
Екінші адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая 
бастағанда үйіне қайтып кететін болыпты. 
Апта бойы осылай еңбектенгеннен кейін, бір апталық ағаштарын санайық депті. 
Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек екендігі мәлім болыпты. 
Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұңын сырын сұрайды. Екінші адам 
азғана езу тартып былай деп жауап қатады: 
- Мұның айтарлықтай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал мен кей-кейде 
тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты 
жеңілдетеді әрі шаршамайсың. 
1. Әңгіменің түйініне сәйкес келетін мақал 
A)Еңбек етсең - емерсің. 
B)Ер дәулеті - еңбек. 
C)Еңбек түбі - береке, 
Көптің түбі - мереке. 
Д)Келген - дәулет, 
Кеткен - бейнет. 
Е)Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,  
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар. 
2. Бірінші адамды ренжіткен жағдай 
A)Уақыттың тығыздығы 
B)Қасындағы адамның еріншектігі 
C)КӨп күш жұмсап, төмен нәтижеге 
жетуі 
О)Жұмыстың көптігі 
Е)Екінші адамның жауабы 
 


2-мәтін 
Қанағатсыздық 
Баяғыда Жетісудан шықкан екі жолаушы Бұхараға бет алған екен. Бірі дәулетті, аты 
Жалғыз деген кісі екен. Екіншісі кедейлеу, аты Тәңірберген болса керек. Дәулеттісі 
аты күйлі болған соң баратын жеріне тезірек жету үшін атын қамшылап, ұзап кетеді. 
Екіншісі асыкпай, атын шалдырып, жайлап жүре береді. 
Бірнеше күн өткенде Жалғыз тамақсаулығына басып, жолға алған азығып жеп 
тауысады. Содан бір тояйын деп астындағы атын сояды. Оның етін түн ішінде қорқау 
қасқырлар жеп кетеді. Көліксіз қалған соң барар жеріне қалай жетсін, не аты, не 
тамағы жоқ, өлімші халде жатқанда Тәңірберген жетеді. Аты тың, азғантай малтасын 
қанағат еткен. Сөйтіп, ол Жалғызды мінгестіріп, малтасын бөлісіп, барар жерлеріне 
жетеді. Тәңірберген болмаса, анау айдалада қалғандай екен. Жұрт арасында “қанағат 
қарын тойғызады, канағатсыздык жалғыздың атын сойғызады” деген сөз содан 
қалыпты. 
3. Мәтінде жауабы бар сұрақ 
A)Тәңірберген жолға қандай азық алды? 
B)Екі жолаушы жолға қайдан шықты? 
C)Тәңірберген Жалғызды өлімнен құтқарды ма? 
Д)Екі жолаушы Бұхараға жетті ме? 
Е)Екі жолаушы Бұхарадан қашан қайтты? 
4. Мәтіндегі Тәңірбергеннің іс-әрекетіне қатысты мақал 
A)Тәуекелдің кемесі суға батпайды. 
B)Адасқан жігіт жол таппас. 
C)Асықпаған арбамен.қоянға жетеді. 
Д)Ерлік білекте емес, жүректе. 
Е)Жақсы болсаң - жақын көп. 
5. Мәтіндегі «ат шалдыру» сөзінің мағынасы 
A)Атын жорға жүріске салу 
В)Атын тынықтыру 
C)Атын жетектеу 
B)Атын баяу жүргізу 
Е)Атын желіске салдыру 
6. Байға қатысты нұсқа 
/’ 
A)Қанағатшылдық 
B)Бірбеткейлік 
C)Қамсыздық 
Д)Ашкөздік 
Е)Жалқаулық 
3-мәтін 
Ескі замандарда бір-бірін қатты жақсы көретін өте бауырмал екі ағайынды болыпты. 
Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген, бала-шағалы, ал Ибраһим әлі 
бойдақ екен. Екеуінің ортақ егіс алқабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып, 
шыққан өнімді екіге бөлісіп күнелтеді. 
Бір жылы екі ағайынды бидай егеді. Шыққан бидайды орып, өнімді екіге бөледі. 
Кейін екеуі өз үлестерін үйлеріне тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим, 
сен осында күте түр, мен қаптарды алып келейін», - дейді. Ибраһим: «Жарайды аға», - 
деп астық басында калады. Халил қаптарды алып келуге кеткенде інісі ойланады: 
«Ағам үйленген, бала-шағасы бар. Маған қарағанда оған бидай көбірек керек», - деп, 
өзінің үлесіндегі бидайдың бірнеше күрегін ағасының бидайына қосып қояды. Кейін 
ағасы қаптарды алып келіп: «Қане, Ибраһим, тасуды алдымен сен баста», - дейді. 
Ибраһим: «Жарайды», - деп бір қапты толтырып, алып кетеді. Ол кеткен кезде ағасы 
ойланады: «Мен үйленгенмін, бала-шағам да бар. Ал інім әлі бойдақ. Оған әлі көп 
жүмыс істеп, акша табу керек. Үйленіп, үй болуы керек», - деп, өзінің бидайынан 
біраз күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің 
бидайынан тағы да оның үлесіне қосып қояды. Ағасы да өз кезегінде бірнеше күрек 
інісінің бидайына тастап отырады. Осылайша біраз уақыт жалғасса да, 
ағайындылардың бір-бірінің әрекетінен хабары болмайды. Соңында кеш батып, күн 
қараяды. Ал бидайдың таусылатын түрі жоқ, тіпті азаймайды да. 
7. Мәтін мазмұнына сәйкес мақал 
A)Көп ақымақтың ағасы болғанша,  
Көп ақылдының інісі бол. 


B)Ақыл- дария, алсаң да таусылмайды,  
Жер - қазына саусаң да таусылмайды. 
C)Жақсы жұмыс - жанға тыныс.  
Д)Ағасы бардың жағасы бар, 
Інісі бардың тынысы бар. 
Е)Еңбегің қатты болса, Татқаның тәтті болар. 
8. Ағайындылар айналысатын кәсіп 
А)Диқаншылықпен айналысады  
В)Нан пісіріп сатады 
С)Сауда ісімен айналысады  
Д)Бау-бақша салады  
Е)Бидай сатады 
9. Ибраһимнің бидайды ағасының қабына салу себебі 
A)Ағасы өзінен үлкен болғандықтан 
B)Ағасының үлесі көп болғандықтан 
C)Ағасының бай болғанын қалағандықтан 
Д)Ағасы өтініш жасағандықтан 
Е)Ағасына көмектескісі келгендіктен 
10. Халил мен Ибраһимнің екеуіне де тән қасиет 
А)Сақтық 
В)Жанашырлық 
С)Болжай білгіштік 
Б)Сыншылдық 
Е)Үнемшілдік 
11. Халил әрекеті арқылы автор нені айтқысы келді? 
A)Еңбекқор болуды 
B)Жайдары болуды 
С)Қанағатшыл болуды 
Д)Адал болуды 
Е)Жомарт болуды 
12. Автордың мәтінді жазудағы мақсаты 
А)Мәдениеттілікті дәріптеу 
В)Қайырымдылықты дәріптеу 
C)Адал еңбек етуге шақыру 
Д)Достықты үлгі ету 
Е)Кәсіппен айналысуға шақыру 
4-мәтін 
Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар 
шаш және кекіл қою. Қазак халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше 
қастерлеген. Қазақта «Айдарлы бала - айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер 
баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа 
толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны 
өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға 
жасалады. 
Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан 
балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше 
назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-
баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы 
балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он 
үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде 
балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар 
қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым бар. Тарихи 
деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. 
Қазақта Айдар деген адам есімі де бар. 
Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-
сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. 
Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен. 
13. Мәтін бойынша баланың айдары алынатын кез 
А)Сүндетке отырғызған кезде 
В)Тәй-тәй басқан кезде 
С)Қырқынан шығарған кезде 
Д)Он жасқа толған кезде 
Е) Тілі шыққан кезде 
14. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімі 
A)Бала болашақта ғалым болады 
B)Бала дәулетті, бай адам болады  
С)Тіл мен көзден сақтайды 
Д)Баланың дос-жарандары көп болады 
Е)Бала аурудан тез сауығып кетеді 


15. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырым(-дар) 
1. Айдар шашты ұл баламен катар қыз балаға да қояды. 
2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған. 
3. Айдар қою дәстүрі баска халықта да бар. 
А)Тек біріншісі 
B)Біріншісі мен екіншісі 
C)Екінші мен үшінші 
Д)Тек үшіншісі 
Е)Тек екіншісі 
16. Мәтінге лайық атау 
A)Бүгінгі шаш үлгісі 
 
B)Айдар шаш 
C)Тайландтық «Айдар» 
Д)Қарын шаш 
Е)«Айдар» есімі туралы 
17. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады? 
A)Үйленген кезде 
B)Жеті жасқа толған кезде 
C)Бала сырқатынан айыққан кезде 
В)Мүшел жасқа келген кезде 
Е)Алғаш аңға шыққан кезде 
18. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі 
A)Ұлттык киім киген балалар жиі кездеседі 
B)Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі 
C)Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі 
В)Бұрымды қыздар жиі кездеседі 
Е)Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі 
19. Мәтін мазмұны бойынша тірек сөздердің реттілігі 
1. Қайта жанғырған дәстүр. 
2. Батырлар да айдар қойған. 
3. Ер балаға айдар мен кекіл қою. 
4. Өзге елдердегі айдар қою дәстүрі. 
A)3,1, 2, 4 
B)1,3,4,2 
C)1,2, 3,4 
Д)3,4, 1,2 
Е)4, 3, 2, 1 
20. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырым(-дар) 
1. Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі. 
2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында. 
3. Наурызбай батырдың айдары болған. 
А)Үшеуі де дұрыс 
В)Біріншісі мен үшіншісі 
С)Біріншісі мен екіншісі 
Д)Екіншісі мен үшіншісі 
Е)Үшеуі де бұрыс 
5004 нұсқа 
1-мәтін 
Ала жіптей шұбалған жолмен қорапты машина келеді. Өршеленіп өрге ұмтылады. 
Белестен соң белес артта қалып жатыр. Жатаған дөңес, жасыл бел қалды. Көбігін 
көкке шашқан асау өзен қалды. 
Кабинада екеу еді. Ересегі қаршығадай құнтиған қағілез адам - Бөрібай. Қасындағысы 
- кенже ұлы Бекен. Құлағы қалқиған, сары бала. Биыл төртінші сыныпты бітіріп, 
жайлаудағы нағашысына келе жатыр. Аузы аңқиып, жол қызығын баққанына екі 
сағаттан асқан. Әлі жалығар емес. Ол андағайлап келіп тұра қалғандай болатын 
кереге тастардан да, қалың нудың мүлгіген тыныштығынан да, бұтадан бұтаға, гүлден 
гүлге конып, әудем жерге дейін шығарып салатын сары шымшықтың ықыласынан да 
әлдебір сыр түйіп, ой аңғарғандай. 
1. Жол бойы Бекенді әсерге бөлеген 
A)Табиғат тамашасы 
B)Жазға демалысқа шығуы 
C)Машинаға алғаш мінуі 
Д)Жолдың тым ұзақтығы 
Е)Нағашысына барамын деген ой 
2. Үзіндідегі жыл мезгілі 
A)Көктем 
B)Жазғытұры 
C)Жаз 
Д)Қыс 
Е)Күз 
2-мәтін 
Шеге мен сабыр 
 
1. Ерте, ерте, ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Әкесі бір адамдай тәрбие 


беруге тырысқан жігіттің ақылы да аз болмаса керек. Ел қатарлы, заманындағы көптің 
бірі болып өмір сүріп жатқан жігітін бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. 
Бұл міні әкесін көп ойландырады. Ұлының ертеңін ойлаған әке баласының бҰл 
мінезін түземекші болады. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: “Балам, 
сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде, есікке бір 
шегеден қағып отыр”, - депті. 
 
2. Алғашқы күні әлгі “батыр” отыз жеті шеге қағыпты. Келесі аптада есіктегі 
шегелердің саны азайып, уақыт өте келе өз мінезін қадағалай алатын дәрежеге жетеді. 
Нәтижесінде шеге қаққаннан гөрі, ашуды ақылға бағындырғанның жақсы екенін 
түсінеді. 
 
3. Содан бала есікке бір де бір шеге қақпаған күні әкесіне келеді. Әкесі сол 
кезде: “Ұлым, енді ашуланбаған күні бір шегеден алып отыр,” - деп кеңес береді. 
Жігіт бұл істі тез аяқтайды да, әкесіне есікті барлық шегеден тазалағанын жеткізеді. 
 
4. Сол күні кешке күн ұясына қонған сәтте әкесі оны есіктің алдына әкеліп: 
“Балам, жарайсың! Мінезіңе ие бола білдің. Алайда, есікте қанша шегенің ізі 
қалғанын байқадың ба? Сен де бір адамды ренжіткен кезде оның жүрегін 
жаралайсың. Одан қанша рет кешірім сүрасаң да, есікке қалған шегенің ізіндей ізі 
қалады. Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей деген осы. Сақ болғайсың,” - деп өсиет 
айтыпты. 
3. Мәтін бойынша баланың әке ақылынан шешім қабылдауы нешінші бөлігінде 
айтылған 
А)екінші 
B)барлық 
C)төртінші 
Д)үшінші 
Е)бірінші 
4. Әкесінің баласына айгқан өсиеті 
A)Жеті атасын білмеген жетесіз. 
B)Ісің ақ болса, құдайың жақ болар. 
C)Жаңаға жақсы өлшеуіш. 
Д)Ашу - дұшпан, акыл - дос, 
Ақылыңа ақыл қос. 
Е)Ауру қалса да, әдет қалмайды. 
5. Мәтіннің негізгі түйіні 
А)Сабыр түбі - сары алтын. 
B)Талапты ерге нұр жауар. 
C)Білім - ер азығы. 
Д)Жаксылық қылсаң бүтін қыл. 
Е)Жаман шоқпар жинар. 
6. Әкесінің баласына өсиет айтқан мезгілі 
A)екіндіде 
B)кешқұрым 
C)шаңқай түсте 
Д)мизам шуақта 
Е)таң сәріде 
3-мәтін 
Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. 
Анау - Темірқазық, анау - Жетіқарақшы. Анау - Ақбоз, Көкбоз... Анау... Апырау, ат 
құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықгық, бұдан 
ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірак, соған қарамастан, қаншама самала 
шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде 
екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз 
да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе 
алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғак, 
қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала 
осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, 
бірін-бірі төбеден нұқып жаткан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез 
керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей 
тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап 
отыра алса ғана, аман қала алатын шығар... 
Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! 
«Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан 
асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан 
бақыт бар дейсің бе! 
Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайыңның ашылайын дегені ме екен?! 


Не де болса, үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен 
аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді? ...Енді, не де 
болса, бір үміт бар емес пе? 
Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды 
көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт 
шырағы туып тұрғандай! 
7. Мәтіндегі Үркер сипаты 
A)Тез туьш, тез сөнетін жұлдыз 
B)Түсі көгілдір, оқшау жұлдыз 
C)Таң алдында ғана көрінетін жұлдыз 
Д)Ұсақ, солғын шоқжұлдыз 
Е)Ерекше жарық жұлдыз 
8. Халықтың: «Үміт артсаң, Үркерге қара!» - деуінің себебі 
A)Түн жылы болатындықтан 
B)Дәстүрді құрметтегендіктен 
C)Ерекше әдемі болғандықтан 
Д)Түн жарық болатындықтан 
Е)Жақсылыққа жорығандықтан 
9. Халықка қатыста сипаттама 
A)Бакытты халық 
B)Әсершіл халық 
С)Ырымшыл халық 
Д)Уайымшыл халық 
Е)Өжет халық 
10. Автордың жұлдыздар мен түнгі аспанды суреттеген жыл мезгілі 
A)Жазғытұры 
B)Көктем 
С)Жүз 
Д)Жаз 
Е)Қ
ЫС
 
11. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден 
нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу 
арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады? 
A)Шынайылыққа 
B)Сенімділікке 
C)Бірлікке 
Д)Сабырлыққа 
Е)Турашылдыққа 
12. Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан 
көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп 
аяқтауының мақсаты 
A)Келешегінен қорқу 
B)Ауа райын болжау 
C)Өткеніне налу 
Д)Болашаққа сенім арту 
Е)Болашаққа алаңдау 
4-мәтін 
I. Жеделхат - телеграф (телетайп) аркылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі 
заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, 
жеделхаттар өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс 
қызметі кымбат, оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін 
болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске 
тігіп қоя алмайсың, сондықтан ен ыңғайлысы жеделхат болып табылады. 
 
II. Жеделхатты кез келген қызметкер құрастырып жібере алады; қажет болған 
жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең 
ұзақ дегенде 10-12 сағаттан сон, қажет болса бір сағат ішінде де жеткізілетіндігіне 
100% сенімді болуға болады. 
Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа 
жеделхаттың бағасы да төмен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір 
түзетулер болмағаны жөн. 
 
III. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға 
мемлекет ішінде жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық 
жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі 
жеделхаттар «үкіметтік», «жедел», «жай» болып үшке бөлінеді. 
Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың 
категориясы мен түрі, нөмері, датасы, жіберілген уақьггы, алушының аты мен адресі, 
мәтін, қол. 
 
IV. Жеделхат... 
Мекенжайы («кімге»), Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің 
аты, елді мекеннің аты, типі (қала, ауыл, т.б.), көшесі, үй нөмері, корпус, офис нөмері 


жазылады. Мысалы: 
480021, Қазақстан, 
Алматы қаласы, 
Мұқанов көшесі, 227, офис 47 
 
Алушының аты-жөні («кімге»). Адресаттың аты-жөні, әкесінің аты толық жазылады, 
кейде фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Бөлім 
меңгерушісіне» т.б. 
 
V. Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез 
жеткізу болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді 
түсініксіз етіп қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды 
ғана пайдаланған жөн. Егер жеделхат мақсаты алушыдан акпарат алу немесе мәселені 
шешу т.б. болса, онда етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: 
«жіберіңіз», «салып жіберіңіз», «шешім қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру 
мақсатьшда жазылса, етістік ашық рай тұлғасында қолданылатын. Мысалы: «алдым», 
«жеткізілді», «келеді», «орындалады», «барады» т.б. 
 «Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «калай да» сөздерін орынсыз көп қолданудың 
қажеті жоқ, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп 
тұр. Цифрларды жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 - бір нөл бір үш төрт жеті, 
бұларды бір сөз ретінде біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті. 
Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс 
белгілері қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер 
тасымалданбайды. 
Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне кол қойылған кезде фамилия қажет болғанда 
жіберушінің қызметі қоса көрсетіледі. 
13. Жеделхаттың мәтініндегі ең көп сөз саны 
A)100 
B)150 
C)250 
Д)300 
Е)200 
14. Жеделхатты жеткізудің ең қысқа мерзімі 
А)3 сағат 
В)10-12 сағат 
С)24 сағат 
Д)1 сағат 
Е)Жарты сағат 
15. Жеделхатта цифрлардың жазылуы 
А)Бөлшек түрінде 
В)Арап цифрымен 
С)Рим цифрымен 
Д)Жазбаша жазыладьт 
Е)Цифрлар жазылмайды 
16. Жеделхаттың бөлінуі 
A)2 
B)5 
C)4 
Д)3 
Е)1 
17. Қай жауапта III бөлімде берілген мәлімет дұрыс жеткізіліп тұр? 
A)Ел ішінде жүретін хаттарға ешқандай белгі кажет емес. 
B)Халықаралық құжаттарда «үкіметтік» деген белгі болуы мүмкін. 
C)Құжат елден шетелге жіберілгенде «жедел» деген белгі койылады. 
Д)Ел мен ел арасында жүретін құжаттарды «сыртқы» құжаттар дейді. 
Е)Бір ел ішінде қатынап жүретін құжаттарды «жай» құжаттар дейді. 
18. Жеделхаттың негізгі функциясы 
А)Қызметтік құжат айналымы 
В)Жылдам ақпарат алмасу 
С)Үкіметтік ақпарат алмасу 
Д)Жылдам халықаралық байланыс 
Е)Мәтін мазмұнын құпия жеткізу 
19. Қандай сөзді IV бөлімдегі көп нүктеиің орнына қоюға болады? 
A)сипаты 
B)мәтіні 
С)толтыру үлгісі 
Д)бланкісі 
Е)құрастыру үлгісі 
20. Ақпарат алу немесе мәселені шешу мазмұнындағы жеделхатта қолданылатын 
етістік формасы 
А)Шартты рай 
B)Қалау рай 
C)Ашық рай 
Д)Қалау мен ашық рай 
Е)Бұйрық рай 


5005 нұсқа 
1-мәтін 
Бір орманда екі адам ағаш шабады екен. Бірінші адам таңертең ерте ұйқысынан 
оянып, бір ағаш шапса, дереу екіншісіне өтіп тыным таппайды. Таңнан қара кешке 
дейін дәл осылай еңбектеніп, тынығу дегенді білмейді. Тіпті түскі тамақты да ұмытып 
кететін болыпты. Кешкісін әлгі досынан бірнеше сағат кейін үйіне кайтады екен. 
Екінші адам болса, ағаш шауып түсірген сайын біраз отырып тынығып, қас қарая 
бастағанда үйіне қайтып кететін болыпты. 
Апта бойы осылай енбектенгеннен кейін, бір апталық ағаштарын санайық депті. 
Нәтижесінде, екінші адамның шапқан ағаштары көбірек екендігі мәлім болыпты. 
Бірінші адам ызаға булығып, қасындағы адамнан мұның сырын сұрайды. Екінші адам 
азғана езу тартып былай деп жауап қатады: 
- Мұның айтарлықтай сыры жоқ. Сен тынбай еңбектенесің. Ал мен кей-кейде 
тынығып отырып, балтамды қайрап алам. Өткір балтамен жұмыс істеу жұмысты 
жеңілдетеді әрі шарашамайсың. 
1. Әңгіменің түйініне сәйкес келетін макал 
A) Келген - дәулет, 
Кеткен - бейнет. 
B)Еңбек етсең - емерсің. 
C)Енбек түбі - береке, 
Көптің түбі - мереке. 
Д)Ер дәулеті - еңбек. 
Е)Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар, 
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар. 
2. Бірінші адамды ренжіткен жағдай 
A)Екінші адамның жауабы 
B)Жұмыстың көптігі 
C)Уақыттың тығыздығы 
Д)Қасындағы адамның еріншектігі  
Е)Көп күш жұмсап, төмен нәтижеге 
жетуі 
 
2-мәтін 
Шеге мен сабыр 
 
1. Ерте, ерте, ертеде бір жас жігіт өмір сүріпті. Әкесі бір адамдай тәрбие 
беруге тырысқан жігіттің ақылы да аз болмаса керек. Ел қатарлы, заманындағы көптің 
бірі болып өмір сүріп жатқан жігітін бір ғана міні бар екен. Өте сабырсыз болыпты. 
Бұл міні әкесін көп ойландырады. Ұлының ертеңін ойлаған әке баласының бҰл 
мінезін түземекші болады. Содан әкесі оған бір қапшық шеге беріп: “Балам, 
сабырсыздық танытып, ашуыңа ие бола алмай, әлдебіреуді ренжіткен кезде, есікке бір 
шегеден қағып отыр”, - депті. 
 
2. Алғашқы күні әлгі “батыр” отыз жеті шеге қағыпты. Келесі аптада есіктегі 
шегелердің саны азайып, уақыт өте келе өз мінезін қадағалай алатын дәрежеге жетеді. 
Нәтижесінде шеге қаққаннан гөрі, ашуды ақылға бағындырғанның жақсы екенін 
түсінеді. 
 
3. Содан бала есікке бір де бір шеге қақпаған күні әкесіне келеді. Әкесі сол 
кезде: “Ұлым, енді ашуланбаған күні бір шегеден алып отыр,” - деп кеңес береді. 
Жігіт бұл істі тез аяқтайды да, әкесіне есікті барлық шегеден тазалағанын жеткізеді. 
 
4. Сол күні кешке күн ұясына қонған сәтте әкесі оны есіктің алдына әкеліп: 
“Балам, жарайсың! Мінезіңе ие бола білдің. Алайда, есікте қанша шегенің ізі 
қалғанын байқадың ба? Сен де бір адамды ренжіткен кезде оның жүрегін 
жаралайсың. Одан қанша рет кешірім сүрасаң да, есікке қалған шегенің ізіндей ізі 
қалады. Қалған көңіл шыққан жанмен бірдей деген осы. Сақ болғайсың,” - деп өсиет 
айтыпты. 
3.Әкесінің баласына өсиет айтқан мезгілі 
A)таң сәріде 
B)екіндіде 
C)мизам шуақта 
Д)кешқұрым 
Е)шаңқай түсте 
4. Мәтін бойынша баланың әке ақылынан шешім кабылдауы нешінші бөлігіиде 
айтылғаи 
А)төртінші 
В)үшінші 
С)екінші 
Д)бірінші 
Е)барлық 


5. Мәтіннің негізгі түйіні 
А)Жаман шоқпар жинар. 
В)Сабыр түбі - сары алтын. 
С)Талапты ерге нұр жауар. 
Д)Білім - ер азығы. 
Е)Жақсылық қылсаң бүтін қыл. 
6. Әкесінің баласына антқан өсиеті 
A)Жеті атасын білмеген жетесіз. 
B)Ісің ақ болса, құдайың жақ болар. 
C)Ашу - дұшпан, ақыл - дос,  
Ақылыңа ақыл қос. 
Д)Ауру қалса да, әдет қалмайды.  
Е)Жаңаға жақсы өлшеуіш. 
3-мәтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет