Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың


Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқа



Pdf көрінісі
бет60/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   250
3.Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін нұсқа  
A.
 
Ителгінің көп таралуы  
B.
 
Ителгінің балапандары 
C.
 
Ителгіні қорғау 
D.
 
Ителгінің сипаты 
E.
 
Ителгінің қорегі 
4.Ителгі өсірілмейтін қорық 
A.
 
Үстірт 
B.
 
Наурызым 
C.
 
Қорғалжын 
D.
 
Ақсу-Жабағылы 
E.
 
Алтын Емел 
5.Тұжырымдардың дұрысы 
1.Ителгінің азайып кетуінің себебі - сыртқа сатылуы 
2.Ителгі жұмыртқасын бір айдан астам басады 
3.Ителгінің тепкісі әлсіз, қанаты қысқа 
A.
 
Тек 1 
B.
 
1 мен 2 
C.
 
Үшеуі де  
D.
 
1 мен 3  
E.
 
3 пен 2 
6.Ителгінің негізгі қорегі 
A.
 
Жемтіктер 
B.
 
Жыртқыштар 
C.
 
Ірі аңдар  
D.
 
Құстар 
E.
 
Өлекселер 
4-мәтін 
1.Зергерлік - өте ертеден келе жатқан көркемдік өнердің түрі. Қазақ халқының 
ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, 
шаруашылығымен тығыз байланыста дамыды. Әртүрлі сәнді бұйымдар, асыл 
тастардан жасалған қымбат заттар шеберлер қалдырған халық мұрасы болып 
табылады. Әшекей заттар қоғамның барлық әлеуметтік топтары арасында 
үлкен сұранысқа ие. 
2.Қазақ арасында қалың темір соғатын ұсталарды да, зергерлерді де «ұста» деп 
атаған. «¥ста» сөзі - шебер, өнегелі, ісмер деген ұғымда жұмсалып, ағаш ұстасы, 
күміс ұстасы деп бөлінген. Қолөнер еңбегі шеберлердің қандай материалмен 
жұмыс істейтіндеріне қарай: темірден түйін түйгендер - ұста; мыс, қола, жезбен 
жұмыс істейтіндер - қолашы; бағалы металдан әшекей жасайтындар зергер деп 
аталады. Зергерлер әртүрлі қарапайым әдістерді дәлдікпен өте шебер 
орындаған. 
3. Зергер мен ұсталардың өнерінен туған әшекей бұйымдар арулар бойына 
көрік, ажар, жігіттерге жігер беретіндіктен, ондағы жазулардың тәлімдік рөлі 
арта түскен. Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылатын қыздың сән- салтанат 
жасауы ретінде қолданылған. 
4.Ертеден бері қазақ жерінде қыз-келіншектерді ажарландыра түсу үшін оларға 
арнап алуан түрлі әшекей бұйымдар жасаған. Халық зергерлері көбінесе білезік, 
өңіржиек, сақина, сырға, түйреуіш, ілгек, шашбау, шолпы, алқа, қапсырма, жүзік 
сияқты заттарды жасады. Осы әшекейге орнатылған тастардың белгілі мән-
мағыналары да бар. Мысалы, ақық тасты аурудан қорғау үшін жүзік, 
білезіктерге орнатқан. Аңызға сүйенсек, «Ақық жүзік таққандар жайсаң өмір 
кешеді», «Ақық жүзік тақсаңдар кедейліктен арыласыңдар» деген сөздер 
адамдардың бұл тасты қалай ардақтағанын көрсетеді. Қазақ көгілдір ақық 
бақыт пен сәттілік әкеледі деп түсінген, ал сыйға тартылған тас, сонымен қатар, 
көңіл күй өзгерісін білдіреді. Егер адам ауырса, тас қарайып кетеді. 
5.Меруерт, інжу тастарға деген сүйіспеншілік қазақтардың ой-санасында айға 
теңеумен байланысгырылады. Көптеген егде әйелдер бұл тастарды күміс секілді 
ай сәулесінің бір бөлшегі бар деп, оған ерекше мән берген. Інжу мен меруерт 


бақытты, байлықты білдіреді, сондықтан да осы тастарды киімді сәндеу үшін де 
көп қолданады. 
6.Ең сүйікті тас маржан болып саналған, ол қарғыстан, тіл-көзден сақтайды, 
дәулет, бақыт әкеледі деген сенім бар және ең маңыздысы, ол дені сау ұрпақ 
өсіруге ықпал етеді деп саналады. Әрлеуіш тастар әшекейлерге сиқырлы қасиет 
бере отырып, маңызды сәндік рөл атқарған. Қазақ халқында қалыптасқан 
дәстүр бойынша, қыздар мен әйелдердің әшекейсіз жүруі әдепсіздік болып 
саналған, өйткені әшекейді тек қаралы күндері тақпайды. Сондықтан да қазақ 
қыздары туғаннан бастап өмірінің соңына дейін өзінің жасына жэне әлеуметтік 
деңгейіне сай әшекейлер тағып жүретін болған. «Әшекейі жоқ әйел жапырағы 
жоқ ағашпен тең» деген аталы сөз бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет