Павлодар қаласының № 7жалпы білім беретін
бейіндік бейімдеуге мамандандырылған мектеп
Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы
Программа углубленного изучения казахского языка
(орыс тілінде жалпы орта білім беретін
мектептің 7 сыныбына арналған)
Павлодар 2011 ж
Әдістеме бірлестігінінң № отырысында қаралды
( мамырдың 2011 жылдың хаттамасы)
Құрастырғандар: Ахметова Ж.И. Камалиева К.М қазақ тілі
мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері
Түсінік хат.
Оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – мемлекеттік жалпыға мінетті білім берудің стандартына сәйкес «Филология» білім саласына енгізілген және мектептің негізгі деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. «Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл мәртебесімен дәйектеледі. Сондықтан қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын орта буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім әрекетін мәдениаралық қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен Қазақстанда тілдерді дамытудың «2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдері оқытудың жаңа бағыттары белгіленді.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлгі академиясы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы оқыту қазақ тілді емес жалпы орта білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы қазақ тілінің мемлекеттік білім стандартының негізінде жасалған мен Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген бағдарламасын басшылыққа ала отырып құрастырылды.
Орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердің 7- сыныбына арналған тереңдетіп оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты –оқушылардың өзіндік ерекшелігіне қарай қабілетін аша отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеуге, мәтін мазмұнын еркін оқуға, түсіну қабілеттерін қалыптастыру. 7-сынып негізгі деңгей- А2 ( А2.1.2. –қалыптасу қарсаңындағы ілгері игерім).
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
Осы тақырып негізінде оқушылардың кез- келген тақырыпта ауызекі сөйлей алуын, сөзбен жеткізе алуды басты назарға ұстайды.
Қазақ тілінің алдына қойылатын міндеттері:
қазақ тілінде мәнерлеп оқу, қазақ тіліне тән дыбыстарды қатесіз дыбыстау;
өзара қазақ тілінде қарым- қатысқа түсе алуды үйрету;
қазақ тілінде сауатты жазуға бейімдеу;
қазақ тілінде сөздерді есте сақтау, түсіну,сұрақтарға жауап қайыра білу дағдыларын қалыптастыру.
Осы алға қойылған мақсат- міндеттерге қол жеткізуде оқу материалдарын қарапайымнан күрделіге қарай, дарадан жалпыға, деректіден дерексізге көшу сияқты дидактикалық ұстанымдар басшылыққа алынады.
7- сынып
/ барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат/
І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 10 сағат.
1. Менің отбасым.
Кіріспе (1сағат)
Отбасы туралы әңгіме(1сағат)
Менің отбасымдағы адамдардың мінезі(1сағат)
Туыстық атаулар (1сағат)
Кім неше жаста? (1сағат)
Қара шаңырақ (1сағат)
Ата көрген оқ жанар... (1сағат)
Атасы мен немересі (1сағат)
Отбасындағы дәстүрлер (1сағат)
Отбасындағы құндылықтар (1сағат)
Тілдік бөлім: Сұраулы сөйлем. Құрмалас сөйлем. Шылаулар.
Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.
Қатысымдық- сөйлесімдік бөлім
Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы отбасы мүшелеріне және олардың тілдеріне қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту.
Оқылым. Оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту. Оқыған мәтін бойынша сұрақ қою.
Айтылым. Тақырып бойынша өз ойын айту. Отбасы мүшелері және олардың қай тілде қалай сөйлейтіні туралы өз ойын айту.
Жазылым. Отбасы мүшелерінің тілдеріне қатысты 9-10 сөйлемнен тұратын мәтін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша баяндау, суреттеу, сипаттау мәтіндерін құрап жазу.
Тілдесім. Диалог-әңгіме. Диалог –пікірталас. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу.. Отбастарында сөйленетін тіл туралы достарымен пікірлесу.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
Қазақстандық отбасындағы сөйлеу тілі туралы мәтіндер.
ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая – 10 сағат.
1. Музыка. Біздің еліміздің қандай сазгерлері
Музыка (1сағат)
Қазақ халқының ән өнері(1сағат)
Музыка әлемі (1сағат)
Танымал сазгерлер (1сағат)
Атақты күйшілер (1сағат)
Құрманғазы,Дина, Тәттімбет(1сағат)
Ұлттық музыка аспабы (1сағат)
Қасиетті домбыра (1сағат)
Қорқыт ата. Қобыз (1сағат)
Ән сайыстары (1сағат)
Тілдік бөлім: Кірме сөздер. Өздік етіс. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы.
Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.
Қатысымдық- сөйлесімдік бөлім
Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы музыкаға қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым мазмұны бойынша өз ойын айту.
Оқылым. Оқу мәтіндеріндегі музыка жанрлары мен сазгерлерге, қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту.
Айтылым. Тақырып бойынша өз ойын айта алу. Достарымен музыка жанрлары мен сүйікті сазгерлері туралы сөйлесу.
Жазылым. Өзінің ұнататын музыкасы, топтары, сазгерлері туралы сипаттау, суреттеу мәтіндерін жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу. Сұрақтарға жауап жазу.
Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Музыкаға қатысты пікірлесу. Достарымен музыка, сазгерлер туралы ой бөлісу.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
Сыныптағы достарымен, мұғаліммен ұлттық музыка жанрларының, сазгерлердің ерекшелігі туралы пікірлесу.
ІІІ. Оқу-еңбек аясы – 10 сағат.
1. Қазақ тілін мен қалай үйренемін?
Қазақ тілін қалай үйренемін? (1сағат)
Мемлекеттік тіл (1сағат)
Қазақша сөйлесейік (1сағат)
Ана тілім- әнім(1сағат)
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі(1сағат)
Қазақ тілі сабағында(1сағат)
Қазақстанда тұратын ұлттар тілі(1сағат)
Тіл- елімнің тұғыры (1сағат)
Тіл- достықтың құралы(1сағат)
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.(1сағат)
Тілдік бөлім: Қимыл есімдері. Ауыспалы осы шақ. Сан есім түрлері.
Тұйық етістіктің емлесі.
Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.
Қатысымдық- сөйлесімдік бөлім
Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының сөздеріндегі және үнтаспа мен бейнетаспадағы тіл үйренуге қатысты айтылған ақпараттарды тыңдап түсіну. Тыңдалым бойынша қойылған тест сұрақтарына жауап беру.
Оқылым. Оқу мәтіндеріндегі тірек сөздерді ажырату. Тіл үйренуге қатысты оқығандарын ауызша мазмұндап айту.
Айтылым. Тақырып бойынша өз ойын айту. Достарымен тіл үйренуде жасайтын жұмыстары туралы сөйлесу.
Жазылым. Өзінің тіл үйренуге қатысты ойын хабарлау, баяндау мәтіні түрінде жазу. Берілген тірек сөздер бойынша мәтін құрап жазу.
Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесу. Тілге қатысты достарымен пікірлесу.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
Сыныптағы достарымен өздері білетін тілдері туралы пікірлесу.
Тіл дамыту. (1сағат)
Шығармашылық жұмыс. (2сағат).
Нәтиже сабақ. (1сағат).
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Тыңдалым бойынша:
- сөйлесу кезінде өзіне қатысты жиі қолданылған сөздерді, жеке басына байланысты айтылған мәліметтерді, сұрақтарды түсінеді; отбасы мүшелерінің сөйлеу тілі, киім, өзінің сүйікті ісі, мектептегі үйірмелер, Интернет, т.б. туралы үнтаспадан тыңдаған қысқа хабарлардың дұрыс, бұрыстығын түсінеді; қазақ тілін үйренуге, денсаулықты сақтауға қатысты айтылған сөздерді түсінеді; қысқаша айтылған жарнамалар мен хабарландырудағы ақпараттарды түсінеді.
Оқылым бойынша:
- қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсінеді; өзіне таныс тақырыптар бойынша күнделікті қолданылатын сөйлемдерді тауып оқиды; мәтінді оқу түрлерімен таныс (мәтінді шолып оқу, таныса оқу, ізденіп оқу, зерттей оқу) және тапсырма орындауда орынды қолданады; мәтіннен өзіне қажет мәліметтерді іріктейді; тақырып көлеміндегі мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты оқып түсінеді; мәтіннің тақырыбы, берілген қосымша суреттер бойынша мәтіннің негізгі мазмұнын анықтай алады.
Айтылым бойынша:
- қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алады; өзінің қазақ тілін үйренуі, денсаулығына қатысты айтады; белсенді лексикалық қорды пайдаланып сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырады; балаларға арналған компьютерлік ойындар, Интернет туралы хабарлама жасайды; мектептегі үйірмелердің жұмысы, Астананың сипаты, т.б. туралы әңгімелейді; оқыған мәтін бойынша өз ойын жеткізеді.
Жазылым бойынша:
-сурет, сызба, кесте, карта бойынша шағын мәтін құрастырып жазады; жеке басы, отбасы туралы мәліметті қажет ететін іс қағаздарын толтырады; жоспарланған іс-шара туралы хабарландыру жазады, сипаттап жазады; біреуге жазбаша түрлі мәліметтерді жеткізе алады; оқыған мәліметтерді жазады; өзіне ұнайтын мәселелер туралы мәліметтерді қосып, хат жазады; тірек сұрақтарға сүйене отырып, берілген тақырыпта шағын шығарма жазады.
Тілдесім бойынша:
- қарапайым жағдаяттарда өзіне таныс тақырыптар бойынша қысқаша сөйлесе алады; күнделікті тұрмыста қолданылатын сұхбаттарды қысқаша сөйлемдер арқылы қолдай алады; әңгімені бастау, жалғастыру және аяқтау жолдарын біледі; диалог түрлерінің құрылу жолдарын біледі (мысалы, сұрақ-жауаптан тұратын диалог, іс-әрекетке итермелейтін диалог, жаңа хабарды білуге бағытталған диалог т.б.), өз бетінше мақсатына қарай пайдаланады; келісім білдіру, алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш жасау, сияқты жағдаяттарда диалог құрады.
Лексика:
- 860-880 лексикалық минимумды біледі.
Сөз құрамы және сөзжасам:
-сөздерге қосымшаларды ретіне қарай дұрыс тіркеп қолданады; туынды және күрделі сөздерді орынды пайдаланады;
-сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші) қасиетін меңгеріп, тілдік қатынаста қолданады.
Грамматика:
- лексикалық минимум көлеміндегі сөздердің түрлену ерекшеліктерін біледі;
-етістіктің болымды, болымсыз түрлерін пайдаланады;
-жай және құрмалас сөйлем құрудың қарапайым тәсілдерін біледі;
-мәтіндегі,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ажыратады;
- тұрақты сөз тіркестерінің қарапайым түрлерін қолданады.
р/с
|
І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 10сағ
1. Менің отбасым.
|
Сағат саны
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
2
|
Отбасы туралы әңгіме
|
1
|
3
|
Менің отбасымдағы адамдардың мінезі
|
1
|
4
|
Туыстық атаулар
|
1
|
5
|
Кім неше жаста?
|
1
|
6
|
Қара шаңырақ
|
1
|
7
|
Ата көрген оқ жанар...
|
1
|
8
|
Атасы мен немересі
|
1
|
9
|
Отбасындағы дәстүрлер
|
1
|
10
|
Отбасындағы құндылықтар
|
1
|
|
ІІ. Әлеуметтік-мәдени ая – 10 сағ.
1. Музыка. Біздің еліміздің қандай сазгерлері |
|
11
|
Музыка
|
1
|
12
|
Қазақ халқының ән өнері
|
1
|
13
|
Музыка әлемі
|
1
|
14
|
Танымал сазгерлер
|
1
|
15
|
Атақты күйшілер
|
1
|
16
|
Құрманғазы,Дина, Тәттімбет
|
1
|
17
|
Ұлттық музыка аспабы
|
1
|
18
|
Қасиетті домбыра
|
1
|
19
|
Қорқыт ата. Қобыз
|
1
|
20
|
Ән сайыстары
|
1
|
|
ІІІ. Оқу-еңбек аясы – 10 сағ
1. Қазақ тілін мен қалай үйренемін?
|
|
21
|
Қазақ тілін қалай үйренемін?
|
1
|
22
|
Мемлекеттік тіл
|
1
|
23
|
Қазақша сөйлесейік
|
1
|
24
|
Ана тілім- әнім
|
1
|
25
|
Қазақ тілі- қазақ халқының ана тілі
|
1
|
26
|
Қазақ тілі сабағында
|
1
|
27
|
Қазақстанда тұратын ұлттар тілі
|
1
|
28
|
Тіл- елімнің тұғыры
|
1
|
29
|
Тіл- достықтың құралы
|
1
|
30
|
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады
|
1
|
31
|
Тіл дамыту
|
1
|
32
|
Шығармашылық жұмыс
|
2
|
33
|
Нәтиже сабақ
|
1
|
Қазақстан Республикасы жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша оқушылардың білім деңгейін бағалау өлшемдері.
(7 сынып )
Тыңдалым:
«3» мағлұматтарды тыңдап, мазмұнын орыс тілінде айтып беру.
«4» мағлұматтарды түсініп тыңдап, мазмұнын орыс тілінде айта алу.
Оқылым:
«3» мәтінді оқып, не туралы екенін түсіну.
«4» мәтін мазмүнын түсініп, әңгімелей алу.
Айтылым:
«3» өз отбасы және басқа адамдар туралы, олардың өмірі, оқуы, мектебі жайлы айта алады;
«4»
Жазылым:
«3» диктант жаза алу.
«4» 10-15 сөйлем көлемінде мәтін түзей алу.
Тілдесім:
«3» танымдық тақырыптар бойынша айта алу.
«4» танымдық тақырыптар бойынша диалог құра білу, сұхбаттасу.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты.- Астана, 2010
Оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы. Негізгі және орта деңгей. – Астана, 2010. Оразбаева Ф.Ш., Аяпова Т.Т., Дәулетбекова Ж.Т., Рахметова Р.С., Мадиева А.Т., Рауандина А.Қ., Қалиакпар Д.Қ., Қадашева Қ.Қ.
3. Дәулетбекова Ж., Арын Е., Махамбетова Г. қазақ тілін тереңдетіп оқыту
бағдарламасы. Алматы.: Жеті жарғы,2003
Махадил З.Ш. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасының үлгісі.
Павлодар,2009
Достарыңызбен бөлісу: |