Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет80/250
Дата24.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#129702
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   250
1259-нұсқа 
4-мәтін 
Қазақ әйелдері шашына шашбау, шашқап, шолпы, шаштеңге таққан. Мұндай 
әшекей бұйымдардың әйелдер үшін тәрбиелік мәні зор. Күміс немесе алтын 
теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды. Мәселен, 
шолпыны сән-әшекей ретінде әрі оның салмағынан шаш ұзын болып өседі деп 
таққан. Кеудесіне өңіржиек, шашына шолпы таққан қыздың мойны құрықтай 
болып өскен, бойын тік ұстаған, дене бітіміне көңіл бөлген. Қазақы ортадағы 
қыз тәрбиесінде шолпының маңызы зор. Алайда анасы қашанда қызына қатты 
жүгірме, оқыс қозғалма, шолпың қатты сыңғырласа, сені әдепсіз қыз дейді - деп 
отырған. Шашқапты бойжеткен қыздар мен келіншектер үй шаруасын істеген 
кезде киген, ол - бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайтын арнайы 
тігілген сәнді бұйым. Оны жас келіндер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, мал сауу 
сияқты тағы басқа жұмыстарға араласқан кезде, тазалық сақтау мақсатында 
киген. Ол мақпал, шұға, барқыт, мауыты сияқты көк, қызыл, қара түсті 
маталардан тігіліп, желкеден белге жететін етіп бұрымның жуандығына қарай 
пішіліп тігіледі, кестеленеді. Жоғары және төменгі жағынан ою-өрнекпен 
безендіріліп, зер, оқа, моншақпен әшекейленеді. 
Саусаққа тағатын әшекейлер бір-біріне ұқсас болғанымен, өзіндік 
айырмашылықтары бар: асыл тастардан көз қондырылғанын жүзік деп, тасы 
жоқ тек алтын, күмістің өзінен ғана көз шығарғанын сақина, көзі жоқ шығыр 
түріндегісін балдақ деп атайды. Сақина мен жүзіктердің киелілігі мен қасиетін 
бағалауға қатысты қазақтар арасында кең тараған түсініктер жиі кездеседі. 
Ертеде қазақтар әйелдің қолында не жүзігі, не сақинасы болуы керек деп 
санаған, ол болмаған жағдайда дайындаған тағамын арам деп білген. Күмістен 
сақина, жүзік салған әйел қолынан ішкен сусынды қонақ адал деп, сүйсініп 
ішкен. 
Қазақта жүзіктің жасалу мәнеріне қарай немесе көздеріндегі тастардың 
материалы мен түр-түсіне қарай құдағи жүзік, құстұмсық жүзік, күмбезді жүзік, 
шытыралы жүзік, алтын жүзік, күміс жүзік десе, сақиналар құсмұрын, түйетабан, 
тасты, кавказ, ырғақ, моншақты, бұрамалы, топсапы, жүрекше көзді жүзік тағы 
басқа түрлерге бөлінеді. Қазақ дәстүрінде келін болып түскен қызға енесі 
арнайы «тіккен отауың биік болсын» деп, отаужүзік соқтырған. Бойжеткен 
қыздар таққан құстұмсық жүзік бақыттың, тәуелсіздіктің, еркіндіктің белгісі 


саналған. Әсіресе жүзік арқылы түрлі этномәдени ақпараттар беріліп отырған: 
топсалы жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. 
Қазақ әйелдерінің киім-кешегінің сәнді кешеніне тана, моншақ, түйме, түйреуіш, 
опа-далап салатын сәнді бөгіре, тағы басқа әшекей түрлері жатады. Моншақ - 
мойынға тағылатын сәнді бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі-түсті, әртүрлі пішінде 
(шар тәрізді, сопақша қырлы) болады. Әйелдердің сәндік үшін киіміне тағатын 
әшекейдің бір түрі - тана. Тананы сәндік үшін жағаға, бас киімге, омырауға 
тағады. Алайда тана - түйме сияқты, бірақ одан үлкендеу, дөңгелек пішінді, 
жалтырап тұратын әшекей. 
Әрі әшекей, эрі киімнің алдын, өңірін айқастырып жабу үшін қолданылатын 
әшекейдің бірі - түйме. Ертеде түйме тұмардың (тұмар тек әшекей ретінде ғана 
емес, пәле-жаладан, ауру-сырқаудан, көз тиюден сақтайды деген наным-сенімге 
қатысты тағылады) қызметін атқарған және әжелер омырау әшекейі ретінде де 
таққан. Әйелдер үшін зергерлердің көп жасайтын әшекейлерінің бірі - үлкенді-
кішілі түймелер. Оны көбінесе ішін қуыстап, әртүрлі кескін беретін күмістен 
жасайды, сыртына зер салады. Мұндай түймелерді торсылдақ түймелер деп 
атайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   250




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет