Механика нені зерттейді?
Денелердің қозғалысы мен олардың өзара әсерлесуін зерттейді
табиғаттағы құбылыстарды заттың молекулалық құрылысына сүйене отырып зерттейді
заттың бір заттың молекулаларының екінші бір затқа ену заңдылығын қарастыратын физиканың бір бөлімі
Заттардың электрлік қасиеттерін зерттейтін физиканың бір бөлімі
молекулалардың өзара әрекеттесу күштерін пайдалана отырып түсіндіретін физиканың бөлімі
Механикалық қозғалыс деп.......атайды
Уақыт өтуімен кеңістіктегі денелердің бір бірімен салыстырғандағы орын ауыстыруы
уақыт өтуімен кеңістікте жылу берілуін
уақыт өтуімен кеңістіктегі денелердің бір-біріне импульс берілуі
уақыт өтуімен дененің бір біріне қатысты қозғалмауы
дұрыс жауап жоқ
Материалдық нүкте деген не?
Берілген жағдайда көлемі мен пішінін ескермеуге болатын дене
Берілген жағдайдағы көлемі мен пішінін ескеруге болатын дене
Басқа денелермен салыстырғанда өлшемін ескеруге болатындай дене
барлық жауаптар да дұрыс
дұрыс жауап жоқ
Қай жағдайда материалдық нүкте ұғымын пайдалануға болады?
Дене жүріп өткен жолдың өлшемімен салыстырғанда дененің өлшемдері өте кіші болғанда
Дененің жүріп өткен жолы оның өлшемдерімен салыстырғанда өте кіші болғанда
Дененің қозғалысы бір қалыпты болғанда
Дененің қозғалысы бір қалыпсыз болғанда
Барлық жауап та дұрыс
Қатты дене деген не?
кез келген екі нүктесінің ара қашықтығы өзгермейтін дене
молекулалары үздіксіз, бей-берекет қозғалыста болатын дене
айналмалы қозғалыста барлық нүктелері бірдей түзу сызық сызатын дене
түзу сызықты қозғалғанда барлық нүктелері шеңбер бойымен қозғалатын дене
дұрыс жауап жоқ